Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

Алматының элиталық ауданындағы өртті куәгерлер видеоға түсіріп алды

Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды

Павлодарлық мектеп оқушысының ағасы ChatGPT ге айтқан сырынан кейін 20 жылға сотталды

Жолдастары альпинисті беткейде қалдырып кетті: Австрия тауларында нағыз драма орын алды

Ауруханаға дене қызуымен түскен : Шымкентте төрт айлық сәбидің бірнеше башпайы кесілді

Ел тұрғындарының әл ауқаты артты ма? Ғалымдар не дейді?

Ел тұрғындарының әл ауқаты артты ма? Ғалымдар не дейді?

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Кедейлікке көзқарас өзгерді

Ұзақ уақыт бойы кедейлік адамның табысы белгіленген күнкөріс шегінен төмен болған жағдайда анықталды. Мұндай тәсіл статистикалық есеп жүргізуге қолайлы болғанымен, уақыт өте келе оның шектеулері байқалды. Себебі бірдей табысқа ие адамдардың өмір сүру деңгейі, денсаулығы, білімі мен қоғамдағы орны әртүрлі болуы мүмкін.

Кедейлікті түсіндірудегі жаңа бағыттардың қалыптасуына Нобель сыйлығының лауреаты Амартия Сеннің еңбектері үлкен әсер етті. Ол ұсынған «мүмкіндіктер тұжырымдамасына» сәйкес, адамның әл-ауқаты қолындағы ресурстар көлемімен емес, сол ресурстарды пайдаланып өз өмірлік мақсаттарына жете алу мүмкіндігімен өлшенеді. Бұл идея қазіргі көпөлшемді кедейлік индекстерінің негізіне айналды.

Зерттеушілер Марк Десерф, Диего Феррандо және Майкл Куинн адамдардың өз жағдайын бағалауы тек табыс көлеміне байланысты емес екенін көрсетеді. Кейбір адамдар үшін маңыздысы – нақты табыс мөлшері болса, енді біреулер өз жағдайын қоғамдағы орташа деңгеймен салыстыру арқылы бағалайды.

Осыған байланысты ғалымдар иерархиялық кедейлік индексін ұсынады. Бұл тәсіл абсолютті және салыстырмалы кедейлікті ажыратып қарастыруға мүмкіндік береді.

Абсолютті кедейлік адамның негізгі қажеттіліктерін – тамақ, тұрғын үй, киім, білім мен медициналық көмекті қамтамасыз ете алмауымен сипатталады. Ал салыстырмалы кедейлік қоғамның қалыпты әлеуметтік және экономикалық өміріне толық қатыса алмаумен байланысты.

Ғалымдардың пікірінше, халықаралық ұйымдар қолданатын дәстүрлі көрсеткіштер кей жағдайда кедейліктің нақты құрылымын көрсете алмайды. Сондықтан жаңа тәсілдер кедейліктің түрлі деңгейлері мен ерекшеліктерін ескеруді ұсынады.

Көп өлшемді кедейлік

Экономистер Нанак Каквани мен Хён Сон қазіргі көп өлшемді кедейлік көрсеткіштерінің кейбір кемшіліктеріне назар аударады. Олардың пікірінше, көптеген әдістемелер кедейлік пен мүмкіндіктердің шектелуін бір ұғым ретінде қарастырады.

Мысалы, ауқатты адамның денсаулығында күрделі мәселелер болуы мүмкін. Бұл оның өмір сапасын төмендеткенімен, оны экономикалық тұрғыдан кедей етеді дегенді білдірмейді. Сондықтан зерттеушілер кедейлікті ресурстар тапшылығы арқылы бағалау қажет деп есептейді.

Әлеуметтік саясаттағы жаңа тәсіл

Зерттеушілер әлеуметтік саясаттың тиімділігін бағалауда «ресурстар» мен «нәтижелер» ұғымдарын ажыратуды ұсынады.

Ресурстарға:

білім беру; медициналық қызметтер; тұрғын үй; көлік инфрақұрылымы; интернетке қолжетімділік жатады.

Ал нәтижелерге:

денсаулық жағдайы; өмір сүру ұзақтығы; білім деңгейі; кәсіби біліктілік; өмір сапасы кіреді.

Мемлекет ең алдымен азаматтардың негізгі қызметтер мен ресурстарға қолжетімділігін қамтамасыз ету арқылы әлеуметтік жағдайды жақсарта алады.

Қазақстандағы кедейлік көрсеткіштері

Ресми деректерге сәйкес, 2025 жылы Қазақстандағы кедейлік деңгейі 5 пайызды немесе шамамен 1,02 миллион адамды құрады. Бұл көрсеткіш күнкөріс минимумынан төмен табыс табатын азаматтардың үлесін көрсетеді. Сол жылы жан басына шаққандағы күнкөріс орта есеппен 57 116 теңге болды.

Сонымен қатар:

кедейліктің тереңдігі – 0,8%; кедейліктің өткірлігі – 0,2%; Джини коэффициенті – 0,291; табыс айырмашылығын көрсететін қорлар коэффициенті – 5,98 есені құрады.

Бұл деректер Қазақстанда табыс теңсіздігінің салыстырмалы түрде қалыпты деңгейде екенін көрсетеді. Дегенмен мұндай көрсеткіштер әлеуметтік оқшаулану, сапалы қызметтерге қолжетімділік пен мүмкіндіктер теңсіздігін толық ашып көрсете алмайды.

Жаңа өлшем жүйесі

2026 жылдан бастап Қазақстанда кедейлікті бағалаудың жаңартылған әдістемесі енгізілді. Ол халықаралық тәжірибеге сәйкес бірнеше бағытты қамтиды:

абсолютті кедейлік; салыстырмалы кедейлік; көпөлшемді кедейлік көрсеткіштері; субъективті кедейлік деңгейі.

Жаңа жүйе азаматтардың табысын ғана емес, олардың өмір сүру жағдайын, білім мен денсаулық сақтау қызметтеріне қолжетімділігін де бағалауға мүмкіндік береді.

Қазіргі экономикалық ғылым кедейлікті тек табыстың төмендігі ретінде қарастырудан біртіндеп бас тартып келеді. Бүгінде бұл ұғым адамның мүмкіндіктерімен, әлеуметтік жағдайымен және өмір сапасымен тығыз байланыстырылады.

Қазақстан үшін де бұл бағыттың маңызы зор. Елде абсолютті кедейлік деңгейі төмен болғанымен, аймақтар арасындағы айырмашылықтар, сапалы қызметтерге қолжетімділік және мүмкіндіктер теңдігі мәселелері өзекті болып қала береді.

Осы тұрғыдан алғанда, 2026 жылдан бастап енгізілген жаңа әдістеме әлеуметтік саясаттың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Бұл тәсіл «қанша адам кедей?» деген сұрақтан гөрі «азаматтардың лайықты өмір сүру мүмкіндігі қаншалықты тең?» деген маңызды мәселеге назар аударуға жол ашады.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:134
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 15 Маусым 2026 12:17
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see165

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see162

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see158

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see158

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see142

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see139

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see129

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see123

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see123

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see122

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see119

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see117

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see116

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see107

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

03 Қараша 2026 14:39see106

Алматының элиталық ауданындағы өртті куәгерлер видеоға түсіріп алды

03 Қараша 2026 16:22see103

Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды

03 Қараша 2026 17:44see101

Павлодарлық мектеп оқушысының ағасы ChatGPT ге айтқан сырынан кейін 20 жылға сотталды

03 Қараша 2026 16:45see100

Жолдастары альпинисті беткейде қалдырып кетті: Австрия тауларында нағыз драма орын алды

03 Қараша 2026 18:15see100

Ауруханаға дене қызуымен түскен : Шымкентте төрт айлық сәбидің бірнеше башпайы кесілді

03 Қараша 2026 16:12see100
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары