Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Жалақы, әуежайлар мен жолдар: үкімет 6,5 триллион теңгенің жоспарын бекітті

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Екінші АЭС бойынша келісім жасалады үкімет жоспарды мақұлдады

Дәурен Мұратбеков лауазымынан босатылды

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Alatau City ге 1,3 млрд доллар инвестиция тартылады

Шетелге шығатын қазақстандықтарды есепке алғысы келеді: жаңа жоспардың егжей тегжейі

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Жошы ұлысы туралы бүгінгі ғалымдар не дейді?

Жошы ұлысы туралы бүгінгі ғалымдар не дейді?

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Мармара университетінде «Алтын ордадағы ғылым» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Форумға Қазақстан, Ресей Федерациясы (Татарстан Республикасы) және Түркияның Алтын орда тарихын, мәдениеті мен рухани мұрасын зерттеп жүрген көрнекті ғалымдар қатысты, деп жазады Egemen.kz.

Фото: ЖИ

Конференция барысында қатысушылар Жошы ұлысы дәуіріндегі ғылыми дәстүрлердің қалыптасуы, исламдық білім беру жүйесінің рөлі, мәдениеттердің өзара ықпалы, қалалар мен жазба мәдениетінің дамуы сынды өзекті тақырыптарды талқылады.

Мармара университетінің профессоры Ильяс Кемалоғлу, Түркітану институтының директоры Окан Йешилот, сондай-ақ TEСAM ұйымының директоры Ильяс Бозкурт құттықтау сөздерінде бұл конференцияның Қазақстан, Түркия және Ресей ғалымдары арасындағы ғылыми ынтымақтастықты нығайтып, Алтын орда мұрасын бірлесе зерделеуге жол ашатын халықаралық ғылыми алаң ретіндегі маңызын атап өтті.

Тарих ғылымдарының докторы Айболат Көшкімбаев Алтын орданың соңғы кезеңіндегі саяси өміріндегі маңызды тұлғасы Ер Едіге хақында зерттеуін ұсынды.

«Едіге – төңірегінде әлі күнге дейін көптеген аңыздар сақталған тұлға. Зерттеуімде жазба деректер мен эпикалық дәстүрді салыстырып, Тоқтамыс хан және оның ұлы Қадырбердімен болған қарсыластықтың мәнін ашуға тырыстым. Эпос ресми тарихты толықтыра отырып, халықтың Едіге тағдырын және оның өліміне байланысты оқиғаларды қалай қабылдағанын көрсетеді», деді ғалым.

Жошы ұлысын зерделеу ғылыми институтының ғылыми қызметкері Динара Сүлейменова Алтын орда тек саяси құрылым ғана емес, Еуразияның рухани және зияткерлік өмірінің ірі орталығы болғанын атап өтті.

«Бұл – исламдық, түркілік және моңғолдық дәстүрлер тоғысқан кеңістік. Мұнда ғылыми ой мектептері, аудармашылық орталықтар қалыптасты, философия, құқық және жаратылыстану ғылымдары дамыды», деді ол.

Осы институттың ғылыми қызметкері Нұрсұлтан Үмбетов өз сөзінде: «Алтын орда тек империя емес, Ұлы дала мен әлемнің басты ғылыми орталықтарын байланыстырған білім мен ғылым ордасы болды. Урбанизация, исламдану және хандардың ғылым мен инфрақұрылымға қамқорлығы Сарай мен Жошы ұлысының өзге де қалаларын әр елден келген ғалымдарды тартқан орталықтарға айналдырды. Алтын орда ғалымдары Каирде, Сирияда, Иранда, Анадолы мен Орта Азияда жемісті еңбек етті», деді.

Қазақстан тарихшылары қоғамының басқарма төрағасы, тарих ғылымдарының кандидаты Радик Темірғалиевтің ұлы даланың рухани құндылықтары мен ауызша тарихын сақтаушылар ретінде сипаттаған жыраулар поэзиясына арнаған баяндамасы ерекше қызығушылық тудырды.

«Жыраулар – жай ғана жыршылар емес.  Олар хандардың кеңесшілері, даналары мен ойшылдары болған. Олардың сөзі саяси салмаққа ие болып, билеушілердің шешіміне әсер еткен. Кет-Бұға, Асан Қайғы, Қодан-тайшы сияқты жыраулар шығармаларында көшпелілердің дүниетанымы мен Алтын орда философиясы көрініс тапқан.

Ғалымның айтуынша, жыраулар мұрасын тек фольклордың бір бөлігі ретінде емес, интеллектуалдық мәдениеттің көрінісі ретінде қарастыру қажет.

«Олардың шығармаларында әлемге, моральға, билік пен халық тағдырына қатысты терең түсініктер бейнеленген. Оларсыз Алтын орда руханиятының тарихын толық елестету мүмкін емес», деп ойын және тиянақтады.

Жошы ұлысын зерделеу ғылыми институтының директоры, философия ғылымдарының докторы Жақсылық Сәбитовтың баяндамасы XIII–XV ғасырлар тоғысындағы Қазақстан аумағындағы рухани-философиялық аспектілерге арналды. Бұл үрдістер кейінгі дәуірлердегі Жошы ұлысы халықтарының мәдениеті мен дүниетанымының қалыптасуына зор ықпал етті.

«Мұндай халықаралық кездесулер тек білім алмасуға ғана емес, ғалымдарымыздың Жошы ұлысының мұрасын бірлесе қайта пайымдауына, ортақ ғылыми кеңістік қалыптастыруға жол ашады.Ғылыми институтта біз Орданың зияткерлік тарихын, оның философиялық, мәдени және білім беру дәстүрлерін зерделеуге айрықша көңіл бөлеміз. Өйткені осы үдерістерді терең түсіну қазіргі замандағы ұлттық болмысымыз бен руханиятымыздың қайнар көздерін айқындауға мүмкіндік береді», деді Жақсылық Сәбитов.

Конференция қорытындысында қатысушылар Түркия, Қазақстан және Ресей тарихшылары арасындағы бірлескен ғылыми жобаларды жалғастыру жөнінде келісімге келді. Сондай-ақ, «Science and Intellectual Life in the Ulus of Jochi» атты ғылыми еңбектер жинағын дайындап, оны Мармара университетінің ресми сайтында жариялау туралы шешім қабылданды.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:194
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 05 Қараша 2025 15:44
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Жалақы, әуежайлар мен жолдар: үкімет 6,5 триллион теңгенің жоспарын бекітті

03 Қараша 2026 10:59see173

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see165

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see162

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see161

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see158

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see154

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see154

Екінші АЭС бойынша келісім жасалады үкімет жоспарды мақұлдады

03 Қараша 2026 10:48see144

Дәурен Мұратбеков лауазымынан босатылды

03 Қараша 2026 11:02see142

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see142

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see138

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see135

Alatau City ге 1,3 млрд доллар инвестиция тартылады

03 Қараша 2026 10:48see134

Шетелге шығатын қазақстандықтарды есепке алғысы келеді: жаңа жоспардың егжей тегжейі

03 Қараша 2026 11:18see132

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see131

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see128

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see125

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see119

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see119

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see117
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары