Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Қазақстанда қуаттылығы 2 миллион тонна болатын жаңа МӨЗ салу жоспарлануда

Әке мен бала, марш пен танго. Ақордадан репортаж

Әке мен бала, марш пен танго. Ақордадан репортаж

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Ақорданың салтанатты залына кіргеніңізде, алдымен көзге бірден түсетіні - еден. Жылтырағаны сонша, адамдардың бейнесі айнадағыдай толық көрінеді. Көк форма киген екі офицер бой түзеп үлгерген. "Тік тұр" командасы әлі берілмесе де, олар соған дайын, аралық күйде тұрғандай.

Ақорданың салтанатты залына кіргеніңізде, алдымен көзге бірден түсетіні - еден. Жылтырағаны сонша, адамдардың бейнесі айнадағыдай толық көрінеді. Көк форма киген екі офицер бой түзеп үлгерген. "Тік тұр" командасы әлі берілмесе де, олар соған дайын, аралық күйде тұрғандай.

Фото: Tengrinews.kz/Айсұлтан Күлшіманов

7 мамыр қарсаңында Ақордада тағы не болғанын Tengrinews.kz тілшісі баяндайды. 

Сап түзеу кезіндегі танго

Қонақтар әлі сап түзеп үлгермеген, офицерлер мен генералдар өзара сөйлесіп тұр. Әртүрлі форма, әртүрлі погон мен әскер түрлері. Осы залда өтетін кез келген зайырлы қабылдауда ерлердің шаш үлгісі әртүрлі болар еді. Ал мұнда бәріне ортақ бір стандарт.

Фото: Tengrinews.kz/Айсұлтан Күлшіманов

Залда әдеттегідей марш та, гимн де, "тасып жатыр бойда батыр рух" та емес, танго әуені ойнап тұр. Әлгі Аль Пачино "Әйел иісі" фильмінде билейтін танго. Бірақ мұнда ешкім билеп жатқан жоқ. Әзірге.

ҚАЗІР ТАЛҚЫЛАНЫП ЖАТЫР

Қазақстанның Халық жазушысы Мұхтар Шаханов өмірден өтті

19 сәуір 22:47 1

Қазақстанның Ибраһим келісімдеріне ресми түрде қосылу рәсімі Астанада өтуі мүмкін

27 сәуір 20:44 1

Министр Қазақстандағы курьерлер мен такси жүргізушілері үшін алаңдатарлық болжам айтты

27 сәуір 18:41 1

Фото: Tengrinews.kz/Айсұлтан Күлшіманов

Көзді ашып-жұмғанша атмосфера өзгеріп сала береді. Ортада Қорғаныс министрі Қасанов таңғы қысқа саптық тексеріс өткізіп жатыр. Бірнеше офицер топтан бөлініп, оның алдына шықты. Қасанов ақырын ғана бірдеңе айтып жатыр. Танго әлі ойнап тұр.

Фото: Tengrinews.kz/Айсұлтан Күлшіманов

Сержанттардан бастап полковниктерге дейін бәрі қабырға бойында жинақы тұр.

Фото: Tengrinews.kz/Айсұлтан Күлшіманов

Бәлкім, олардың өмірінде тұңғыш рет еліміздің бүкіл жоғарғы генералитеті дәл осылай жақын тұрған шығар. Ал жарты сағаттан кейін Жоғарғы Бас қолбасшы кіреді.

Фото: Tengrinews.kz/Айсұлтан Күлшіманов

Отан қорғаушылар мен қорғаушы әйел 

Марапаттар тапсырылатын залға өткенде сапқа тап боласыз. Бәрі тік тұр. Осы залда ғалымдарды марапаттағанда бәрі отырған еді. Сап ішінде біреу ерекше көзге түседі.

Фото: Tengrinews.kz/Айсұлтан Күлшіманов

Қою жасыл, қара және ақ түстердің арасындағы жалғыз әйел адам киген ақшыл сұр китель. Ол саптан бір-екі минутқа шыққанда, бірнеше сұрақ қойып үлгересіз.

- Бүгін мұндағы әйел затының жалғыз өкілісіз бе?

- Иә.

- Марапат туралы қашан білдіңіз?

- Кеше таңертең. Алдымен министрге барасың деді, кейін Президентке баратынымды айтты.

- Кімге хабарлап үлгердіңіз?

- Тек күйеуім мен анама айттым. Тосынсый жасағым келеді. Президенттің қабылдауынан шыққан соң, сосын барып...

Ол сөзін аяқтап үлгермеді, оны қайтадан сапқа шақырды.

Бірнеше минуттан кейін ол туралы көбірек білу үшін сапқа қайта жақындайсыз. Бұл - Татьяна Долбышева.

Фото: Tengrinews.kz/Айсұлтан Күлшіманов

- Сіз ІІМ-де жұмыс істейсіз бе?

- Иә, ІІМ-де. Петропавлдан келдім. Солтүстік Қазақстан өңірі атынан. Жедел қимылдайтын арнайы жасақ инспекторы, полиция капитанымын.

- Бұл арнайы жасақ па?

- Иә, арнайы жасақ.

- Бәрекелді.

- Арнайы жасақта алты жыл болдым. Былтыр Дубайдағы жарысқа қатыстым.

- Кім болып?

- Снайпер ретінде. Әйтеуір осы іс менің қолымнан жақсы келді. 

Татьяна салтанатты кителін қарапайым ғана түзетіп қойды.

- Өзіңіз қатысқан соңғы операция туралы айтып бере аласыз ба?

- Бізге бұл туралы айтуға болмайды.

Ол органда 2013 жылдан бері, ал арнайы жасақта 2021 жылдан бері қызмет етеді. Форманы жас кезінен киіп келеді. Қазір сапта тұрып, Жоғарғы Бас қолбасшыдан орден алуды күтіп тұр.

Батырлар мен олардың есімдері

Залға Жоғарғы Бас қолбасшы кіреді. Офицерлер сілтідей тынып, тік тұр. Бірі қозғалмастан тұрса, енді бірі кителін байқатпай түзетуге тырысады.

Фото: Tengrinews.kz/Айсұлтан Күлшіманов

Президент әскери және бітімгершілік миссиялар, погон таққан жандарды қолдау және армиядағы реформалар туралы айтты.

Ақорда баспасөз қызметінің фотосы

Референдум мен жаңа Конституция туралы да айтылды. Президент әкімшілігінің жаңа басшысы Роман Скляр мұқият тыңдап отыр.

Фото: Tengrinews.kz/Айсұлтан Күлшіманов

Кейін сөз есімдерге ойысты.

Ғазиз Байтасов, полиция капитаны, 2011 жылы Таразда жанкешті лаңкесті құрықтау кезінде қаза тапқан. Оған қайтыс болғаннан кейін "Халық қаһарманы" атағы берілді. Тоқаев 2019 жылы Байтасовтың отбасына арнайы барған болатын. Бүгін офицердің есімі ІІМ-нің ведомстволық медаліне берілетіні жарияланды.

Кенжебай Мәденов 1945 жылдың сәуірінде взвод басқарып, қаруластарымен бірге Берлин ратушасына Жеңіс туын тіккен болатын. Оның ерлігі туралы маршал Жуковтың өзі атап өткен. Алайда осы уақытқа дейін бұл қаһармандық лайықты бағасын алмай келді. Бүгін Президент жарлығымен оған қайтыс болғаннан кейін "Халық қаһарманы" атағы берілді.

Ерекше айырым белгісі Алтын жұлдыз бен "Отан" орденін Ақордада оның ұлы Махамбет Кенжебайұлы алды.

Ол сапқа қайта оралып бара жатып, жол бойы көк түсті қорапшадан көз алмайды.

Фото: Tengrinews.kz/Айсұлтан Күлшіманов

Қадам, бұрылыс, марапат

Офицерлер Президентке бірінен соң бірі жақындап жатыр. Барлығының дерлік толқып тұрғаны байқалады. 

Фото: Tengrinews.kz/Айсұлтан Күлшіманов

Алға үш саптық қадам, тоқтау. Бұрылыс. Медаль немесе погон алады. Бұрылыс. Кейін қарай үш саптық қадам, қайтадан сапқа. Жарты сағат бұрын танго ойнап тұрғанда ешкім билемеген еді. Ал қазір марш, бұрылыс пен тоқтау. 

Фото: Tengrinews.kz/Айсұлтан Күлшіманов

Татьяна Долбышева Бауыржан Момышұлы атындағы II дәрежелі "Айбын" ордені мен әдемі гүл шоғын алды. 

Ақорда баспасөз қызметінің фотосы

Ал күштік құрылымдардың басшылары әр марапатталушыға қол шапалақтап тұр. 

Фото: Tengrinews.kz/Айсұлтан Күлшіманов

Ұлдар

Рәсімнен кейін барлығы ортақ суретке түсу үшін басты залға шығады. Сіз де олармен бірге шығасыз.

Ақорда баспасөз қызметінің фотосы

Барлық күштік құрылым басшылары тұрған жоғарғы қатардың дәл ортасынан бір адамды байқайсыз. Ол генерал емес, подполковник.

Фото: Tengrinews.kz/Айсұлтан Күлшіманов

- Білесіз бе, сіз әскери әулеттен шыққан адамға ұқсайсыз, әлде қателестім бе?

- Қателескен жоқсыз деуге болады. Әкем құқық қорғау органдарында, ерікті жалдамалы қызметтерде істеді. Бала кезімнен оның жұмысына барып тұратынмын. Маған погон таққан адамдарды көру әрқашан ұнайтын.

- Орденді не үшін алғаныңызды айтып бере аласыз ба?

- Егжей-тегжейін айта алмаймын, кешіріңіз.

- Бұл құпия ма?

- Құпия емес, бұл сәл... Кішігірім операция. Адам өмірін құтқару бойынша.

Виталий Мирошниченко осы операциясы үшін Бауыржан Момышұлы атындағы II дәрежелі "Айбын" орденін алды.

Фото: Tengrinews.kz/Айсұлтан Күлшіманов

- Ол кісі менің жерлесім болып шықты. Екеуміз де бір облыстанбыз, Жамбыл облысынан. "Халық қаһарманы" Ғазиз Байтасов та менің жерлесім. Сондықтан қазір Ақордада болу мен үшін өте қуанышты.

- Ал лауазымыңызды білуге бола ма?

- Бұл да мүмкін емес, кешіріңіз. Сәл құпияланған.

- Операциялар кезінде өміріңізге жиі қауіп төне ме?

- Жиі емес. Кейде ұстау шараларына шығып тұрамыз. Ал оның немен аяқталатынын ешкім білмейді.

- Ондай сәттерде толқисыз ба?

- Алғашқы қадамды жасап, "алға" деген бұйрық берілгенде бәрі бірден ұмытылады.

- Ал бүгін ше?

- Бүгінгі толқыныс ерекше болды. Мұнда операцияларға қарағанда көбірек толқиды екенсің. Онда біз жұмыс істейміз. Ал мұнда бүкіл республика алдындағы үлкен жауапкершілік. Бүкіл ел қарап отыр. Әріптестеріміз, қызметкерлер, ата-анамыз уайымдайды.

- Саптық жүріске байланысты ма?

- Жоқ, қадамдар автоматты түрде жасалатындай қалыпқа келген. Тек Президенттің көзіне қарау өте толқынысты сәт.

Тараздық подполковниктің мектепте оқитын 17 жастағы ұлы бар.

- Мені мақтан тұтады. Менің жетістіктерімді, іс-әрекеттерімді көріп жүр.

- Жолыңызды қуғанын қалайсыз ба?

- Бұл оның борышы. Міндетті түрде. Егер әкесі әскери қызметтің барлық кедергісі мен қиындығын жеңіп, алға ұмтылса, әкесінің ізімен қызмет ету ол үшін мәртебе болады.

Ертең Бауыржан Момышұлы атындағы "Айбын" ордені Жамбыл облысына өңірдің тағы бір перзентінің кеудесінде оралады.

Ал Кенжебай Мәденовтің ұлы үйіне әкесінің Алтын жұлдызы мен орденін алып қайтады.

Фото: Tengrinews.kz/Айсұлтан Күлшіманов

Авторы: Айсұлтан Күлшіманов

Дайындаған: Айнұр Қапышова

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу
Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:206
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 06 Мамыр 2026 20:20
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see120

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see117

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see117

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

05 Қараша 2026 14:08see116

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see115

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see114

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see113

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see113

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see113

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

05 Қараша 2026 18:53see113

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see113

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see112

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see112

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

05 Қараша 2026 14:16see111

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

05 Қараша 2026 16:33see110

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

05 Қараша 2026 17:38see110

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see110

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

05 Қараша 2026 14:10see110

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see109

Қазақстанда қуаттылығы 2 миллион тонна болатын жаңа МӨЗ салу жоспарлануда

05 Қараша 2026 15:27see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары