Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада Халықаралық театр күніне орай 7 театрдың жетістіктері жарияланды

Көктемгі әскерге шақыру: SARBAZ+ жобасы өтінімді онлайн қабылдайды

25 жастағы испаниялық қыздың эвтаназия таңдауы қызу талқыланып жатыр

27 наурыздағы сауда саттықта доллар бағамы сәл өсті

Тауар айналымын талдаудың цифрлық құралы таныстырылды

Денсаулықты сақтаудың төрт қарапайым әдеті

Қазақстандықтар ауруханадағы туысының жағдайын онлайн бақылай алады пилоттық жоба іске қосылады

Алматыда жүк көлігінің жүргізушісіне көмектескен жігітті соққыға жықты видео

Семсерлесуден Астанадағы әлем кубогына 46 елден 500 ге жуық спортшы қатысып жатыр

Қостанай облысында полицей талмасы ұстап, есінен танған қызды құтқарды

Дала жұмыстарына дайындық қалай?

Академик Асқар Жұмаділдаевтың мерейтойына орай жас математиктер арасында олимпиада өтті

Шығыс Қазақстан облысында жолдағы бала өлімі үшін жол құрылыс ұйымының бас инженері сотталды

Алматы облысында Наурыз туралы даулы видео түсірген блогер ұсталды

Қазақстанға шаңды дауыл, найзағай мен жаңбыр жылжып келеді 28 наурызға арналған ауа райы болжамы

Непалдың бұрынғы премьер министрі наразылықтарды аяусыз басып жаншыды деген айыппен қамауға алынды

Қорғаныс министрлігі курсанттары бағдарлама жасақтау олимпиадасында көш бастады

Күштеп сүймек болған : Алматыда ер адам автобустың ішінде бейәдеп қылық көрсеткен (ВИДЕО)

Ақтөбеде әріптесін өлтірген теміржолшы сотталды

Қазақстандықтар Ресейде жаппай төбелеске қатысқан: СІМ мән жайды түсіндірді

Қазақстанның бал экспорты: статистика не дейді

Қазақстанның бал экспорты: статистика не дейді

Inform.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Сәйкеспейтін сандар

2025 жылы Қазақстаннан экспортталған бал көлемі 1 477 тоннаға жетіп, жалпы құны 1 570,5 мың АҚШ долларын құрады. Бұл көрсеткіш 2024 жылмен салыстырғанда 2,4 есеге жоғары. Өйткені 2024 жылы шетелге 603,7 тонна бал 824,1 мың АҚШ долларына сатылған. Аталған деректерді Ауыл шаруашылығы министрлігі Kazinform агенттігінің ресми сауалына берген жауабында мәлімдеді.

Алайда деректерді салыстырғанда қайшылық байқалады. 2024 жылы экспорттың орташа бағасы бір килограмға шаққанда шамамен 1,36 доллар болса, 2025 жылы бұл көрсеткіш 1,06 долларға дейін төмендеген. Демек, экспорт көлемі 2,4 есеге артқанымен, кіріс небәрі 1,9 есеге ғана өскен. Еліміз балды көбірек сатқанымен, төмен бағада өткізіп отыр.

Салыстыру үшін: әлемдік нарықта табиғи балдың бағасы 1 килограмына шаққанда 3–15 АҚШ доллары аралығында қалыптасады. Бұл көрсеткіш өнімнің сұрпына, қаптамасына және өткізу нарығына байланысты құбылып отырады. Осы тұрғыдан алғанда, қазақстандық омарташылар өз өнімін халықаралық нарықтағы орташа бағадан шамамен үш есеге арзан сатып отырғаны байқалады. 

— 2025 жылы бал экспорты 1 477 тонна болып, 1 570,5 мың АҚШ долларын құрады. Бұл 2024 жылғы көрсеткіштен (603,7 тонна, 824,1 мың АҚШ доллары) 2,4 есе жоғары, - деп хабарлады ҚР АШМ.

Фото: Kazinform

Министрлік мәліметінше, ресми статистикадағы баға айырмашылығы есеп жүргізу ерекшеліктерімен түсіндіріледі. Осы тұста елдегі ірі ара шаруашылықтарының бірін басқаратын Валерий Касымбаев кедендік және нақты келісімшарт бағаларының әртүрлі болатынын айтады. 

— Балдың экспортқа нақты сатылу бағасы орта есеппен бір килограмы үшін шамамен 3,25 долларды құрайды, ал ішкі нарықта — шамамен 3,50 доллар. Бұл ретте ресми статистика, әдетте, төмендетілген құнды көрсетеді, себебі онда нақты келісімшарттағы баға емес, «кедендік баға» деп аталатын көрсеткіш тіркеледі. Мәмілелерді рәсімдеу, логистика және жеткізу құрылымының ерекшеліктеріне байланысты айырмашылық едәуір болуы мүмкін. Соның салдарынан саланың нақты табыстылығы туралы бұрмаланған түсінік қалыптасады, - деді «Пасека» шаруа қожалығының бас директоры Валерий Касымбаев.

Фото: Valeria Boltneva pexels.com

Бір бағытқа тәуелді экспорт

Ауыл шаруашылығы министрлігі 2025 жылғы бал экспортының өсуін «дәстүрлі нарықтарға» жеткізу көлемінің ұлғаюымен түсіндіреді. Алайда ресми статистика бір нарыққа тәуелділіктің жоғары екенін көрсетеді.

2025 жылы экспортталған 1 477 тонна балдың 1 264 тоннасы Өзбекстанға жөнелтілген. Бұл Қазақстан экспортының 85,6%-ын құрайды. 2024 жылы да негізгі үлес осы елдің еншісінде болды: 603,7 тонна өнімнің 442 тоннасы Өзбекстанға жеткізілген. Бұл дегеніміз бір нарыққа тәуелділік тек сақталып қоймай, артқан. 

Қалған бағыттардағы үлес қалыпты: Ресей — 63,1 тонна, Қытай — 41 тонна, АҚШ — 37 тонна. Министрлік атап өткен бал экспортын әртараптандыру ісі әзірше тек ниет деңгейінде қалып отыр.

Бал экспорты 2,5 есеге артқанымен, өнім жаңа нарықтарды игеру есебінен емес, бұрыннан қалыптасқан елдерде сұраныстың артуы есебінен көбейген.

Фото: Ауыл шаруашылығы министрлігі

Министрлік Өзбекстан бағытының басымдығын прагматикалық тұрғыдан түсіндірді.

— Кейінгі екі жылда Өзбекстан экспорттың негізгі бағытына айналды. Біріншіден, логистика ыңғайлы және арзан. Екіншіден, Өзбекстанда бал өндірісі жеткіліксіз, бұл тұрақты сұранысты қалыптастырады. Қымбатырақ нарықтарға шығу қосымша шығындар мен қатаң стандарттарды сақтауды талап етеді, сондықтан экспортты әртараптандыру шектеледі, - деді Валерий Касымбаев.

Фото: Kazinform

Қызығы, Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми жауабында бал экспортының өсімі бір жерде «2,4 есе», енді бір жерде «2,5 есе» деп көрсетілген. Бұл айырмашылық салыстыру базасының әртүрлі болуына немесе жауаптың асығыс дайындалғанына ұқсайды. 

2025 жылдың соңында Қазақстан Еуропалық Одаққа бал экспорттауға ресми рұқсат алды. Бұл — ауыз толтырып айтатын жетістік. Өйткені Еуропа нарығы әлемдегі ең ірі әрі табысты нарықтардың бірі саналады. Алайда бұл бағыт бойынша өнімді жеткізу жұмысы әлі басталмаған.

— АҚШ нарығына жеткізілімдер жүргізіліп жатыр, ал Еуропалық Одақ нарығын игеру кезеңінде. Негізгі кедергілерге сертификаттау, сапаға қойылатын қатаң талаптар, өнімді қадағалау және тұрақты көлемді қамтамасыз ету қажеттілігі жатады. Сонымен қатар, өнімді шетелде ілгерілетуге мемлекеттік қолдаудың жеткіліксіздігі де әсерін тигізеді. Дегенмен, бұл нарыққа шығу мүмкін, бірақ ол жүйелі жұмыс пен инвестицияны талап етеді, - деді «Пасека» шаруа қожалығының бас директоры.

Фото: Freepik

Балдың өзіндік құны 800 теңгеден 3 000 теңгеге дейін 

Ведомство мәліметінше, балдың өзіндік құны 800 теңгеден 3000 теңгеге дейінгі аралықты қамтиды, яғни айырмашылық 3,75 есені құрайды. Мұндай алшақтық Қазақстанның оңтүстігіндегі өнеркәсіптік стационарлық омарталар мен Шығыс Қазақстан облысының таулы аймақтарындағы шағын көшпелі омарталар арасындағы нақты ерекшеліктермен түсіндіріледі. 

— Ара өсірушілердің кәсіби қауымдастығының бағалауынша, Қазақстанда бір килограмм балдың өзіндік құны орта есеппен 800 теңгеден 3 000 теңгеге дейін, - делінген министрліктің ресми жауабында.

1 долларды = 510 теңге бағамымен есептеп, бір килограм бал бағасына шаққанда 1,57–5,88 доллар аралығында. Ал ресми статистика бойынша, 2025 жылы балдың орташа экспорттық бағасы небәрі 1,06 долларды құраған. Бұл формалды түрде өзіндік құннан да төмен. Дегенмен, сала мамандары бұл жағдайды төмендегідей түсіндіреді.

— Бір килограмм балдың өзіндік құны өңірге, климаттық жағдайларға, жемшөп базасына және омарта көлеміне байланысты 85-тен 1 200 теңгеге дейін өзгереді. Ірі шаруашылықтарда өзіндік құн төмен, ал шағын омарталарда — жоғары. Монофлорлы сияқты эксклюзивті бал түрлері жеке категорияны құрайды: олардың өзіндік құны мен соңғы бағасы көлемнің шектеулігі мен сұраныстың жоғары болуына байланысты едәуір жоғары. 1,06 кедендік немесе декларацияланған баға, ол нақты мәміле бағасын көрсетпейді. Шынайы экспорттық баға жоғары болып, логистика, жеткізу көлемі және шарттарға байланысты қалыптасады. Көп жағдайда экспорт тиімді, алайда маржа тасымал шығындары, валюта бағамының ауытқулары және делдалдық қысым салдарынан едәуір қысқарады. Бизнес негізінен «көлеңкелі» схемалар есебінен емес, көлемді ұлғайту мен шығындарды оңтайландыру арқылы сақталып отыр, - деді Валерий Касымбаев.

Фото: Ауыл шаруашылығы министрлігі

Бал өндірісінің өзіндік құнын төмендетуге берілетін субсидия әр сатылған килограммға 200 теңгені құрайды. 2025 жылдың қорытындысы бойынша бұл бағытқа 78,5 миллион теңге бөлінген. Дегенмен бұл қаражат өндірушілердің тек бір шығынын ғана өтеуге жетеді.

— Субсидиялар мен жеңілдетілген несиелер ара шаруашылығының дамуына, әсіресе шаруашылықты кеңейту кезеңінде оң әсер етеді. Алайда олар шығындарды азайтуға көмектескенімен, нарыққа қолжетімділік, логистика және өнімнің төмен қосылған құны сияқты саланың жүйелі мәселелерін толық шешпейді. Мемлекеттік қолдау қосымша рөл атқарады, бірақ негізгі өміршеңдік факторы емес, - деді ол.

Елдегі бал импорт алты есеге қысқарды

Қазақстан нарығындағы балдың сырттан келуі 1 663,1 тоннадан 262,4 тоннаға дейін төмендеді. Бұл көрсеткіш ресми статистикада алты есеге қысқарған. Министрлік мәліметінше, негізгі төмендеу Ресейден келетін жеткізілімдердің азаюына байланысты. 

— Бал импорты алты еседен астам қысқарды — 1 663,1 тонннан 262,4 тоннаға дейін. Негізгі төмендеу Ресейден келетін жеткізілімдер бойынша байқалды, - деп хабарлады АШМ.

Фото: Түркістан облысының әкімдігі

Алайда ресейлік балдың Қазақстан нарығынан кету себептері министрлік жауабында толық жазылмаған. Дегенмен, нарықтағы жағдай айқын. Қазіргі уақытта Қазақстан өзі өндіретін балды ішкі өндіріс есебінен қамтамасыз етеді. Жылдық өндіріс көлемі шамамен 5 мың тоннаны құрап, ішкі тұтыну 3,8 мың тоннаға жуық.

Министрлік қазіргі өндіріс көлемі жағдайында экспорттық әлеуетті жылына 1 200 тонна деп бағалайды. Бұл — ішкі нарыққа зиян келтірмейтін деңгей. Алайда 2025 жылы Қазақстан 1 477 тонна бал экспорттаған, яғни ресми «қауіпсіз» шектен 23 пайызға асып кеткен.

— Қазіргі ішкі сұраныс шамамен 3,8 мың тоннаны құрайды. Бұл жағдайда экспорттық әлеует ішкі тұтынуға зиян келтірмей шамамен 1,2 мың тоннаны құрауы мүмкін. Егер сыртқы нарықтағы сұраныс өссе, отандық өндірушілер өндіріс көлемін ұлғайту мүмкіндігіне ие, - деп жазылған ведомство хабарламасында.

2024 жылдың 31 желтоқсанында 2025–2027 жылдарға арналған омарташылықты дамыту жол картасы» бекітілді. Жоба бойынша 2027 жылға дейін өндіріс көлемін 5 500 тоннаға жеткізу жоспарланған. Үш жыл ішінде өсім небәрі 500 тонна. Қазіргі экспорт үлесін сақтай отырып, бұл шектеу мәселені толық шешуге мүмкіндік бермейді.

— Қазіргі жағдайда өндірісті кеңейту жоғары тәуекелмен байланысты. Өндіріс көлемінің артуы бағаға қосымша қысым жасайды. Ал сұраныс ұсынысқа сай қарқынмен өсіп отырған жоқ. Дағдарыс жағдайында көлемді ұлғайтудан гөрі өнімнің тиімділігін және сапасын арттыруға назар аудару орынды, - деді Валерий Касымбаев.

Фото: Түркістан облысының әкімдігі

Балдың тең жартысы ШҚО-да өндіріледі

Шығыс Қазақстан облысы Қазақстандағы бал өндірісінің негізгі орталығы. Елдегі жалпы өндіріс көлемінің 58%-ын (2 миллион 900 мың тоннаны) осы өңір өндіреді. Кейін кезекпен Абай облысы (430,6 мың тонна), Павлодар облысы (397,4 мың тонна), Жетісу өңірі (270,1 мың тонна), Алматы облысы (217,1 мың тонна) және Түркістан облысы (192 мың тонна) тұр. 

Алайда белгілі бір өңірге шоғырлану тәуекелдерді тудырады. Мысалы, егер Шығыс Қазақстан облысында егін азайса, аралар ауру жұқтырса немесе климаттық өзгеріс өндіріс көлемін төмендетсе, экспорттық әлеуетке әсері болады.

Министрліктің мәліметіне сәйкес, даму жол картасында да, 2026–2030 жылдарға арналған Жануар шаруашылығы кешенді жоспарында да омарташылықты географиялық әртараптандыру бойынша нақты шаралар қарастырмаған.

Фото: Олег Гавриловтың жеке мұрағатынан

Сапа талаптары: халықаралық стандарттар әлі толық игерілмеген

Ауыл шаруашылығы министрлігі импорттаушылардың сапа және сертификаттау талаптары жөнінде мәлімет берді. Ведомство Codex Alimentarius, Еуропалық Одақтың 2001/110/EC директивасы, ЕАЭО регламенттері, АҚШ-тағы FSMA, HACCP, ISO 22000, GlobalG.A.P. және органикалық сертификаттау стандарттарын атап көрсетті.

Дегенмен, қазақстандық өндірушілердің көбі бұл сертификаттарға ие емес. Кәсіби бірлестіктердің дерегіне сәйкес, өндірістің негізгі бөлігі жеке қосалқы шаруашылықтарда (ЖҚШ) шоғырланған. Ол жалпы көлемнің 46,5%-ы. Ал ЖҚШ өндірістік сертификаттаудан өтуге физикалық мүмкіндігі жоқ.

— Тәжірбие көрсеткендей омарташылар жеке-жеке жұмыс істейді. Жоғары нарықтарға шығу үшін қажетті ірі өнім партияларын қалыптастыру қиынға соғады. Ұйымдастырудың жоқтығы сертификаттау мен халықаралық деңгейде брендті ілгерілету процесін де күрделендіреді, - деді «Пасека» шаруа қожалығының бас директоры Валерий Касымбаев.

Сондықтан Еуропа нарығына шығу рұқсаты алынғанымен, ол әлі символдық деңгейде қалып отыр. Еуропаға нақты экспортты бастау үшін алдымен шағын өндірушілердің өнімін біріктіретін сертификатталған жеткізу тізбектерін құру қажет. Бұл бір жылдың ішінде шешілетін жұмыс емес.

Ара өсірушілерге жаңа қолдау тетіктері

2025 жылғы желтоқсанда Парламентке «Ара шаруашылығы туралы» және «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі заң жобасы ұсынылды. Негізгі ерекшеліктер қатарында омартаға арналған «ветеринариялық куәлікті» енгізу кірді. Сондай-ақ жұмыс істеп тұрған құрылымдардың орнына ара өсірушілердің бірыңғай республикалық палатасын құру көзделген. 

2026 жылғы 29 қаңтарда Үкімет қаулысымен 2026–2030 жылдарға арналған мал шаруашылығын дамыту кешенді жоспары бекітілді. Жоба ара өсірушілерге айналым қаражатын жылдық 5 пайызбен, ал асыл тұқымды ара мен ара пакеттерін сатып алуға 6 пайызбен жеңілдетілген несие беруді қарастырады.

Фото: Ауыл шаруашылығы министрлігі

Мұндай шаралар саланың дамуына оң серпін береді. Алайда бір маңызды сұрақ әлі жауапсыз қалды. Қазақстандық балды жоғары маржалы экспорттық өнім ретінде терең өңдеу стратегиясы әзірленіп жатыр ма?

— Қазақстан балын жоғары маржалы экспорттық өнім ретінде терең өңдеумен позициялау мәселесі әзірлеу кезеңінде жатыр, - деп атап өтті АШМ.

«Әзірлеу кезеңінде» деген тіркес дипломатиялық формулаға айналған — ол шешімнің әлі қабылданбағанын білдіреді. Ал дәл осы тармақтың салалық мәні экономикалық тұрғыдан маңызды.

— Негізгі бағыт — ел ішінде балды өңдеу мен қаптау ісін дамыту. Қазіргі таңда қазақстандық бал көбіне шикізат күйінде экспортталады. Ал негізгі табыс қаптау мен бренд қалыптастыру кезеңінде түзіледі. Сондықтан отандық брендтерді дамытуға, өнім дизайнын жақсартуға, маркетингті күшейтуге және түпкі тұтынушыға тікелей шығуға инвестиция салу қажет. Бұл саланың табысын едәуір арттырып, сыртқы делдалдарға тәуелділікті азайтуға мүмкіндік береді. Негізгі табыс шетелдегі өндіруші мен түпкі сатушы арасында бөлінеді. Өндіруші көлем мен салыстырмалы түрде төмен өзіндік құн есебінен табыс табады, ал түпкі сатушы қаптау, брендтеу және премиум нарыққа қол жеткізу арқылы пайда көреді. Делдалдар, әдетте, айналым мен логистика есебінен жұмыс істейді, олардың маржасы төмен болғанымен, тұрақты. Басты мәселе — қосылған құнның едәуір бөлігі Қазақстаннан тыс жерде қалыптасады, - деді Касымбаев.

Фото кейіпкердің жеке мұрағатынан

Бал экспорты артты бірақ бағасы мен нарық тәуелділігі алаңдатады

2025 жылы Қазақстанның бал экспорты нақты өсім көрсетіп, елдің импорты қысқарды. Сонымен қатар Еуропалық Одаққа шығу мүмкіндігі пайда болып, сала дамуын қолдайтын жол карталары мен заңдар қабылданды.

Алайда бұл көрсеткіштердің артында осал тұстары да бар. Экспорт көлемінің 85%-ы бір ғана нарыққа тәуелді, бағасы өндіріс құнынан төмен, өндірістің жартысы бір өңірде ғана шығарылады, ал балды терең өңдеу әлі «әзірлеу кезеңінде». 

Елімізде өндірілетін балдың ерекшелігі неде? Қазақстандық балға неге көбірек төлеу керек? Осы сұрақтарға нақты жауап берілмейінше, экспорт рекорды тек көлем жағынан ғана мәнге ие болып, баға тұрғысынан нәтиже бермейді.

Еске сала кетейік, бұған дейін Мажарстан Қазақстанда бал өндіретін зауыт салуды жоспарлап отырғанын жазған едік. 

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:65
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 29 Наурыз 2026 13:15
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада Халықаралық театр күніне орай 7 театрдың жетістіктері жарияланды

27 Наурыз 2026 18:31see115

Көктемгі әскерге шақыру: SARBAZ+ жобасы өтінімді онлайн қабылдайды

27 Наурыз 2026 16:28see115

25 жастағы испаниялық қыздың эвтаназия таңдауы қызу талқыланып жатыр

28 Наурыз 2026 09:48see112

27 наурыздағы сауда саттықта доллар бағамы сәл өсті

27 Наурыз 2026 15:45see112

Тауар айналымын талдаудың цифрлық құралы таныстырылды

28 Наурыз 2026 09:23see111

Денсаулықты сақтаудың төрт қарапайым әдеті

28 Наурыз 2026 20:53see111

Қазақстандықтар ауруханадағы туысының жағдайын онлайн бақылай алады пилоттық жоба іске қосылады

28 Наурыз 2026 14:20see111

Алматыда жүк көлігінің жүргізушісіне көмектескен жігітті соққыға жықты видео

27 Наурыз 2026 22:03see110

Семсерлесуден Астанадағы әлем кубогына 46 елден 500 ге жуық спортшы қатысып жатыр

28 Наурыз 2026 20:55see108

Қостанай облысында полицей талмасы ұстап, есінен танған қызды құтқарды

27 Наурыз 2026 21:44see108

Дала жұмыстарына дайындық қалай?

28 Наурыз 2026 09:31see107

Академик Асқар Жұмаділдаевтың мерейтойына орай жас математиктер арасында олимпиада өтті

27 Наурыз 2026 18:09see106

Шығыс Қазақстан облысында жолдағы бала өлімі үшін жол құрылыс ұйымының бас инженері сотталды

29 Наурыз 2026 11:06see106

Алматы облысында Наурыз туралы даулы видео түсірген блогер ұсталды

27 Наурыз 2026 17:05see106

Қазақстанға шаңды дауыл, найзағай мен жаңбыр жылжып келеді 28 наурызға арналған ауа райы болжамы

27 Наурыз 2026 18:33see106

Непалдың бұрынғы премьер министрі наразылықтарды аяусыз басып жаншыды деген айыппен қамауға алынды

28 Наурыз 2026 11:41see106

Қорғаныс министрлігі курсанттары бағдарлама жасақтау олимпиадасында көш бастады

28 Наурыз 2026 15:20see105

Күштеп сүймек болған : Алматыда ер адам автобустың ішінде бейәдеп қылық көрсеткен (ВИДЕО)

28 Наурыз 2026 18:01see105

Ақтөбеде әріптесін өлтірген теміржолшы сотталды

27 Наурыз 2026 23:23see105

Қазақстандықтар Ресейде жаппай төбелеске қатысқан: СІМ мән жайды түсіндірді

27 Наурыз 2026 17:07see105
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары