Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Еңбек ардагері Стахан Белғожаев I дәрежелі Барыс орденімен марапатталды

Еңбек ардагері Стахан Белғожаев I дәрежелі Барыс орденімен марапатталды

7kun.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Қазақстанның еңбек сіңірген құрылысшысы, «Мойнақ» ГЭС-інің салынуына ұйытқы болған инженер-энергетик Стахан Белғожаев I дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды. Мемлекеттік награданы Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев табыстап, ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтауын жеткізді, – деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Стахан Белғожаев еңбек жолын 1962 жылы Шардара су электр стансасының құрылысында бастап, кейінгі жылдары еліміздегі бірқатар ірі стратегиялық нысандардың жүзеге асуына тікелей атсалысты. Оның қатысуымен және басшылығымен Қапшағай, Мойнақ, Ақтоғай су электр стансалары, Бестөбе, Бартогай су қоймалары, Үлкен Алматы каналы секілді ел үшін маңызы зор жобалар іске асырылды. Бұл нысандар энергия, су ресурстарын тиімді басқаруға, суармалы егіншілікті дамытуға және өңірлердің экономикалық әлеуетін арттыруға үлкен серпін берді.
Сонымен қатар ауыл шаруашылығы және құрылыс салаларында да елеулі еңбек етті. Оның басшылығымен ірі өндіріс кешендері, заманауи жылыжайлар, қайта өңдеу кәсіпорындары салынды. Осы еңбегі ескеріліп, Президент жарлығымен мемлекеттік марапат табысталды. Қасым-Жомарт Тоқаев қарт құрылысшыны 90 жас мерейтойымен құттықтап, зор еңбегін ерекше атап өткен.
«Жұртшылық өзіңізді еңбек ардагері, ел ағасы ретінде ерекше құрметтейді. Сіз ұзақ жыл бойы түрлі жауапты қызметті абыроймен атқарып, Жетісу өңірін көркейтуге мол үлес қостыңыз. Көптеген нысандардың бой көтеруіне ұйытқы болып, құрылыс саласында жемісті жұмыс істедіңіз. «Мойнақ» су электр стансасын іске қосуға атсалысып, еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін нығайтуға зор еңбек сіңірдіңіз. Ғибратты өмір жолыңыз өскелең ұрпаққа үлгі-өнеге болары сөзсіз. Әрдайым халықтың сый-құрметіне бөлене беріңіз», – делінген Ақордадан келген хатта.

Марат Елеусізұлы өз сөзінде еліміздің энергетика және құрылыс саласының дамуына өлшеусіз үлес қосқан аға буын өкілдеріне алғысын жеткізіп, Стахан Белғожаевқа «Барыс» орденін тақты.
«Алматы облысы – бүгінде әлеуметтік-экономикалық даму қарқыны жоғары, инвестициялық тартымдылығы артып келе жатқан өңірлердің бірі. Алайда бұл жетістіктер бір күнде қалыптасқан жоқ. Оның негізінде ондаған жылдар бойы жүргізілген жүйелі жұмыс, өндірістік мәдениет және сіздердің қажырлы еңбектеріңіз жатыр. Энергетика мен құрылыс – кез келген мемлекеттің дамуын айқындайтын стратегиялық салалар. Осы бағыттарда жүзеге асқан ірі жобалар өңірдің ғана емес, тұтас елдің экономикалық әлеуетін айқындады. Өткен ғасырда қолға алынған Қапшағай және Мойнақ су электр стансаларының құрылысы – соның айқын дәлелі. Осындай игі істерге үлесін қосқан азаматтардың еңбегі әрдайым жоғары бағаланады.Осы орайда өмірін Қазақстанның құрылыс және гидроэнергетика салаларын дамытуға арнаған көрнекті инженер, білікті ұйымдастырушы және тәжірибелі басшы Стахан Белғожаевты ерекше атап өткен жөн. Оның еңбек жолы – кәсібіне адалдықтың, жоғары жауапкершіліктің және елге қызмет етудің жарқын үлгісі. Берілген марапат тек бір азаматтың ғана емес, тұтас буынның еңбегіне берілген құрмет деп білемін. Бұл – көпжылдық қажырлы қызметтің, кәсіби шеберліктің және ел дамуына қосқан зор үлестің жоғары бағасы. Осындай тұлғалардың табанды еңбегі мен өмірлік тәжірибесі бүгінгі болашақтың негізін қалыптастырды», – деді облыс әкімі.
Шара барысында Стахан Белғожаевтың замандас достары, шәкірттері естеліктерімен бөлісіп, ізгі тілегін арнады. Ал марапат иесі қуанышымен бөлісіп, құттықтаған жандарға ризашылығын білдіріп, ақ батасын берді.
Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:180
embedДереккөз:https://7kun.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 13 Мамыр 2026 16:21
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see140

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see138

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see137

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see137

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see136

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see135

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see134

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see129

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see128

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see126

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see125

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see124

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see124

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see123

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see123

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see121

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see121

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see117

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see116

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары