Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Екі финал, екі рекорд: Қазақстан жеңіл атлетикадан U20 әлем чемпионатындағы өнерін аяқтады

Жаңа салынған үйлердің бағасы өзгеріссіз қалды, бірақ Алматыдағы вторичка арзандап жатыр пәтер бағасына талдау

Тоқаев Заң және тәртіп конституциялық қағидатын іске асыру жөніндегі комиссияның құрамын бекітті

Әлеуметтік сауалнама Қазақстан Президентіне деген сенім деңгейінің жоғары екенін көрсетті

Қазақстандықтар Құрылтай сайлауында дауыс беретін учаскесін қалай біле алады

Шанхайға рекордтық нөсер жауын жауды желіде тайфун зардаптарының кадрлары пайда болды

Ақтау тұрғыны чатта жанжалдасып қалып, бүкіл қаланы дүрліктірген кек дайындады

73 жасында арманын орындауды ұйғарды қазақстандық әйелдің ерекше хоббиі Қазнеттің назарын аударды

Ауыл партиясы: отандық ғылымды өндіріспен ұштастыру басты міндет

Еліміздің екі өңірінде мефедронның ірі партиясы тәркіленді

Татарстанда дрон шабуылынан жеті өзбекстандық қаза тапты

Алматыда қарбызды қалай сату керек полиция жаңа сауда ережелерін түсіндірді

Әміре Қашаубаев Париж баспасөзінде: 1925 жылғы үш француз басылымының түпнұсқа деректері

Түрік лоукостері Қазақстаннан екі жаңа бағыт қосты, бірақ маңызды мәселе бар

Жас ғалымдар мәрмәр қой етін өндіру технологиясын әзірледі

Баспана берекелі отбасының басты тірегі

Қазақстанда eGov 3.0 порталының жаңа нұсқасы іске қосылды

Су добының үздіктері

Қазақстанда ипотеканы кімдер жиі рәсімдейді Отбасы банк статистикасы

Ауыл партиясы өндірушілер тәжірибесін мемлекеттік қолдауда ескеруді ұсынды

Ясауи іліміндегі рухани еркіндік

Ясауи іліміндегі рухани еркіндік

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Ғалымдар мен хакімдер неге халықты үнемі жақсылыққа үндеп, жамандықтан алыс болуға шақырады. Демек, адам шешімі мен қалауы жағынан еркін болмыс. Ал егер адам әуелден еркін жаратылыс болса, онда рухани еркіндікті мұрат тұтатын Ясауи ілімінің сыры неде?

Коллажды жасаған – Қонысбай ШЕЖІМБАЙ, «EQ»

Еркіндік ұғымы кең мағынада адам­­­ның өз табиғатынан туындайтын әрекетіне қандай да бір қысым не кедергі болмауын білдіретін психологиялық күйді аңғартады. Психо­логиялық әрі моральдық мағынадағы еркіндік деп адам кез келген іс-әрекетті жүзеге асырмас бұрын оны ақыл таразысына салып, себеп-салдары мен мәнін терең түсініп, өз әрекетіне жауап беретін тұлғаны айтамыз. Ал бүгінгі ашық қоғам жағдайында әлемдік жаһандану үдерісі еркіндік мәселесін мәдени-құндылық және адам құқықтары тұрғысынан қарастыруды алға шыға­рып отыр.

Біз еркіндік мәнін еріксіздік арқы­лы танимыз. Адам үшін еркіндік осы қажеттілікті сезінуі арқылы айқын­­да­лады. Мысалы, интеллектуал тұлғаға маңызды ой еркіндігі оны қажетсінбейтін қарапайым адамға мәнсіз көрінуі мүмкін. Сол сияқты, қандай да бір дінге сенбейтін адамға діни еркіндік те маңызға ие емес. Басқаша айтқанда, қандай да бір салада қысымды сезінбейтін, яғни ерік­сіздік күйін бастан кешірмейтін адам үшін сол саладағы еркіндік ұғымы да маңызсыз. Өз мәдениеті мен ұлттық болмысының құндылығын еркіндік кеңістігі ретінде қабылдамайтындарға да төл мәдениеттің де мағынасы болмайды. Сондықтан олар еркіндікті туған ортасынан емес, сыртқы кеңіс­тіктен іздеуге бейім.

Демек, еркіндік – психологиялық құбылыс. Ол алдымен санадан бас­тау алады. Міне, сондықтан да Ясауи ілімін­дегі еpкіндік мәселесі pух тіршілі­гіне тікелей байланысты. Pухани тірші­лік көңілге қатысты болғандықтан Ясауи ілі­міндегі еpкіндік мәселесі де адам­ның «ішкі еpкіндігі» шеңбеpінде қаpас­тыpылады. Ішкі еpкіндікті ислам эти­касында «моpалдық еpкіндік» дейді. Мораль­дық еркіндік – адамның ға­шық­тық арқылы өз кісілігін Тәңір­мен үйлес­тіріп, тұтастыққа ұласуы. Осы рухани еркіндік адамдық кемелдіктің шыңы. Шәкірт рухани еркіндікке жету үшін «дидар талап» жолын таңдайды. Бұл жерде таңдау – сонымен қатар жауапкершілікті де өзімен бірге ала келеді. Сондықтан таңдау еркіндігі – жауапкершілік деген сөз. Олай болса, «мен бармын» деу – жауапкершілікпен бірге, ерікті түр­де таңдау деген сөз. Адамның өзін-өзі жауапты сезінуі моральдық кісілік кемел­ділігін білдіреді. Яғни бұл жерде кісі­лік­тің мәнін көрсететін «моральдық ер­кіндік», «іс-әрекеттің жауапкершілігі» негізіне тікелей қатысты деген сөз. Бұдан моральдық еркіндіктің адам бойындағы парыз бен жауапкершілік сияқты жоға­ры сезімді қалыптастырудағы және жетіл­дірудегі маңызы мен рөлін айқын көруге болады.

Ал Ясауи үшін бұл жеткіліксіз. Ер­кіндіктің шыңы Тәңірмен тұтасып, «Уахдат-и Вужуд» (болмыс бірлігі) дәре­­жесіне жетіп, жауапкершіліктен де, ер­кіндіктен де ада болу. Ясауи еркін­дікті адамның, ең алдымен, ішкі әлемін тұтастыққа жеткізуге бағытталған үздік­сіз үдеріс деп танығандықтан да ол негізінен жауапкершілігі жоқ еркіндік іздейді. Өйткені жауап­кершілік иесі адам нәтижеде азапқа немесе бақытқа жеткенімен, ол бәрібір жауапкершілік тұтқыны болып қалады. Ал Ясауи болса, еркіндік дегенде бұлардан тыс тылсым халге ұмтылады. Оның ілімінің не­гізгі категориялық ерекшелігі бойынша еркіндік – Тәңірдің азабында да емес, сыйында да емес, Тәңірдің сүюінде.

Сонымен Ясауи дүниетанымында Аллаға құлшылықтың ең жоғаpғы халі және мұраты – еpкіндік мақамы. Яғни Хаққа толық құл болған адам толық еpкін, азат деген сөз. Демек, жүрек Алладан басқа баpлық нәpседен тазаpу аpқылы шынайы еpкіндікке ұласады. 

Дүниені сүю – ол да махаббат. Бірақ бұл жалған, алдамшы махаббат­тың аты – құмарлық. Адамды еркіндікке емес, өзіне тұтқын қылатын, нәтижесі жоқ мағынасыз әлек. Дүние құмарлы­ғы діннің, ғылымның, сопылықтың, адамдықтың ақиқатын жасырып, өзіне тарта береді. Өйткені дүние – адамның рухани кемелдікке жетуі үшін жаратылған «сынақ» алаңы. Дүниенің сынақ, өзінің қонақ екенін ұмытқан адам дүниенің құлы болып шыға келеді. Нәтижесінде, дүние жамандық көзіне айналады. Әйтпесе Тәңірдің жаратуындағы дүние ақ-қара, жақсы-жаман, игілік-зұлымдық, ауру-саулық сияқты құбылыстар ешқашан өздігінен жамандық көзі емес. Бұлар адамның осыларға деген қатынасындағы нәпсісі, ақылы, ерік-жігері, жауапкершілігі, біліктілігі мен білімділігін қолданудағы шалыс қадамынан барып жамандық көзіне айналады.

Жалпы, Ясауи жолында еркін адам барлық «пұттары» қираған адам. Ол – рухын, яғни адамдағы Тәңірдің үйін барлық пұттардан арылтқан адам. Бұдан еркіндікке жеткен адамның үй-жайы, сарайы, бау-бақшасы, байлығы болмайды деген қорытынды шығару қате. Еркін адамда бұлардың барлығы бола алады. Бірақ ол үшін байлықтың бары-жоғы бір, тақтың келіп-кетуі бір, халықтың мақтауы мен даттауы да бір. Міне, рухани кемелдіктің мәні осында жатыр. Бұл жерде Ясауидің адам туралы ілімінің мәні – рухани еркіндік және соған жетудің методологиясын меңгеру десек қателеспейміз.

Рухани еркіндікке жетудің сатыларын Ясауи: «Хақты тану үшін алдымен өзіңді таны» және «Өлмес бұрын өл» сияқты екі концепция арқылы тұжырым­дап берген. Ясауидің әдісіне сәйкес, pух­ты еpкіндікке қауыштыpудың жолы – зікір (Алланы еске алу) және пікір (те­рең ой). Ішкі еpкіндікке жетудің мәpте­бе­леpі мен басқыштаpы баp. Осы бас­қыштар арқылы құмарлық атаулыдан сатылай аpылу пpоцесінің нәтижесінде адам еркіндік мақамына көтеpіледі. Ясауи «Тәңірім, баршаны құлдыққа (адам­дыққа) хас ет, Мені Менен алып, бір­жола халас (арылт) ет!» деп, еркіндікті Тәңірдің құты ретінде танытады.

Мәдениетіміздегі тарихи, дүниета­ным­дық сабақтастықтың сүбелі бөлігін алып жатқан ислам дінін дәстүрлі түркі­лік дүниетаным негізімен үйлестіре, біте-қайнастырған Ясауи ілімі мен оның әдіснамасының мәні адамды рухани еркіндікпен қауыштыру. Рухани еркіндік рухтың мәні мен ақиқатын танып білуден басталады. Таным (ма­ғрифат) – адам рухының мәндік және сипаттық табиғатының ашылуы, яғни адам рухындағы халдердің қоғам тір­шілігіндегі құбылыстық көрінісі. Со­пылықта «кім өзін-өзі таныса, Хақты таниды» деген қағида кең тараған. Тәңірді тану, білу – Тәңірдің мәніне жету, өзінің жаратылған (құл) болмыс, яғни «мен» екендігін мойындауға барып саяды. Бұл жерде Тәңірді – жаратушы, өзін жара­тылған – құл ретінде білмеген адам шынайы «құл» адам бола алмайды. Ондай адам өз еркіне ие емес деген сөз. Әзі­рет Сұл­тан: «шынайы құл болдым – өз еркіме ие болдым», деу арқылы Тәңірге құлдықтың ең негізгі сырын ашып көрсетіп отыр. Егер моральдық еркіндік нәпсінің танылуын шарт деп білсе, Ясауи де «кім өзін (нәпсісін) білсе, Хақиқатты танығаны» деген ұстанымды басшылыққа алады.

Психологиялық тұрғыдан қарас­тыр­ғанда нәпсі – адамға кедергі жасайтын, оның жаратылысына қарама-қарсы әрекет ететін қуат көзі. Сондықтан да адам мораль мен нәпсі арасындағы үздіксіз күресте шыңдалады. Адам нәпсіні тізг­ін­деу арқылы өзін жақсылықтар мен әсем­діктерді жүзеге асыратын таза рухани күш­ке айналдыруы шарт. Өйткені Ясауи ілі­мінде нәпсіні жою емес, оны арылту, тіз­гіндеу, өзіне бағындыру ең бас­ты мақсат және нәпсі адамның психо­логиялық тіршілігін анықтайды. Ал психоана­литикалық тұрғыдан қарағанда, біздің са­намыздың жемісті жұмысына кедергі жа­сайтын, болмысымыздың психо­ло­гия­лық табиғатында, кейбір факторлар бұ­рыннан қалыптасып келген. Яғни біз ой ер­кіндігі төңірегінде де ойлау мә­дениетінің негізгі жүйесін меңгере алмай отырмыз. Себебі санамыздың жұмыс істеуіне кедергі келтіретін, Фрейд­тің сөзімен айтқанда, «біз байқай алмай­тын, сана-сезімдерден жоғары тұр­ған кедергілер бар». Егер біз өзіміздің психологиямыздың физио­логиялық проблемаларын байқай алмасақ санамызды, рух дүниемізді, адамдық болмы­сымызды қалыптастыратын кедергі­лер­дің не екенін білмейтін болсақ, онда жеке тұлға ретінде шындығында не ойлап жүргенімізді білмейміз деген сөз. Тәуел­сіз болуымыз мүмкін, бірақ еркін­дік басқа мәселе. Мен «осымын» дейміз, бірақ ол емеспіз. Көрініс басқа, өзі­мізді қабылдауымыз басқа. Өзімізді танымаймыз, білмейміз. Ал өзіңді тану, жоғарыда айтып өткендей, Ясауи ілімі­нің өзегі, негізгі ұстанымы. Еркін болу үшін, алдымен бүгінгі ұғымда кісі, тұлға болу шарт. Бұл өзіңнің «өзің» екендігіңнің мәніне жету, қоғам ретінде қандай қоғамда, қандай әлемде тіршілік етіп жатқаныңды, сенің санаңда қандай кедергілер мен тосқауылдардың бар екендігін, ой-сезіміңді қандай күштер билеп отырғанын, ойлау жүйеңе бағыт-бағдар анықтап белгілегендігінің мәніне жету деген сөз. Егер біз болашақта мәдениетімізді басқалардың нұс­қауымен емес өзіміз құрғымыз келсе, ең бас­ты мәселені осылай қоюымыз керек. Өзіміздің ұлттық болмысымызға тән төл ойлау жүйе­сімізді құрмай өз мә­дениетіміздің дүниетанымдық-фило­софиялық шеңберінде толғана да, ойлана да алмаймыз. Онда біз ешқашан еркіндікке жете алмаймыз деген сөз.

Қазір еліміздің жаңа белесінде кемел адам мен саналы қоғам тәрбиелеу мін­деті тұр. Бұл жерде қоғамның тұтас­тыққа, өзара үйлесімділікке жету жо­лындағы «еркін адам» типін айтып отырмыз. Өйткені Қазақстан сияқты мемлекеттің тәуелсіздігі мен еркіндігін баянды ету үшін ең алдымен «еркін ойлайтын» адамдарға деген сұраныс бар. Еркіндікті баянды етудің басты шарты саяси себептерден бұрын рухани ар-ож­дан феномендерінен туындайды. Себебі кез келген қоғамды тұтастыққа бас­тайтын негізгі күш-саналы адамдар екені даусыз. Еркіндікті аңсау, оған ма­хаббатпен ұмтылу, рухани психо­ло­гиялық-танымдық мәселе. Міне, осы орайда бізге жол көрсете алатын  қоғамға пайдалы ілім Ясауи ілімі екендігі анық.

Досай КЕНЖЕТАЙ,

философия және теология ғылымдарының докторы, профессор

Соңғы жаңалықтар

Онлайн құрбан шалуға арналған арнайы сайт іске қосылды

Қоғам • Бүгін, 16:35

15 мамырда Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді

Парламент • Бүгін, 16:12

Қарағандыда 1 млн тоннаға дейін металлургиялық кокс өндіретін зауыт салынады

Энергетика • Бүгін, 16:07

Үкіметте ұлттық жүк әуе компаниясының жұмысын ұйымдастыру тәсілдері талқыланды

Үкімет • Бүгін, 15:50

Трамп әлеуметтік желіде Венесуэланы АҚШ-тың 51-штаты ретінде көрсетті

Әлем • Бүгін, 15:42

Санкцияны айналып өту: Марко Рубио Қытайға кіру үшін есімін өзгерткен бе?

Әлем • Бүгін, 15:31

Қазақстанда 3 жаңа орден пайда болады

Тағзым • Бүгін, 15:27

Нұрай Серікбай ісі: Жаңа күдіктілер анықталған жоқ

Қоғам • Бүгін, 15:20

Серік Жұманғарин: Мұнай өндірісі ақсамағанда, ІЖӨ өсімі 6%-дан асар еді

Экономика • Бүгін, 15:17

Министр: Елімізде интернет жылдамдығы 75 пайызға артты

Технология • Бүгін, 14:59

Көкшетауда әйелді қағып кеткен оқиға: Тергеу бір ай ішінде аяқталады

Қоғам • Бүгін, 14:50

Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істейтін ұлттық оператор институты құрылады

Қоғам • Бүгін, 14:20

Енді блогерлер жасырын саяси үгіт үшін жауапқа тартылуы мүмкін

Қоғам • Бүгін, 14:10

Автоқоңырау мен шетелдік нөмірлер арқылы жасалатын шабуылдарға қашан тосқауыл қойылады?

Парламент • Бүгін, 13:51

Қазан айынан бастап пайызсыз ипотека берілуі мүмкін: Бастапқы жарна қанша?

Ипотека • Бүгін, 13:40

Барлық жаңалықтар

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:101
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 13 Мамыр 2026 17:37
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Екі финал, екі рекорд: Қазақстан жеңіл атлетикадан U20 әлем чемпионатындағы өнерін аяқтады

10 Тамыз 2026 17:14see119

Жаңа салынған үйлердің бағасы өзгеріссіз қалды, бірақ Алматыдағы вторичка арзандап жатыр пәтер бағасына талдау

10 Тамыз 2026 17:07see119

Тоқаев Заң және тәртіп конституциялық қағидатын іске асыру жөніндегі комиссияның құрамын бекітті

10 Тамыз 2026 09:13see117

Әлеуметтік сауалнама Қазақстан Президентіне деген сенім деңгейінің жоғары екенін көрсетті

10 Тамыз 2026 14:07see116

Қазақстандықтар Құрылтай сайлауында дауыс беретін учаскесін қалай біле алады

10 Тамыз 2026 14:47see116

Шанхайға рекордтық нөсер жауын жауды желіде тайфун зардаптарының кадрлары пайда болды

10 Тамыз 2026 15:41see116

Ақтау тұрғыны чатта жанжалдасып қалып, бүкіл қаланы дүрліктірген кек дайындады

10 Тамыз 2026 11:35see115

73 жасында арманын орындауды ұйғарды қазақстандық әйелдің ерекше хоббиі Қазнеттің назарын аударды

10 Тамыз 2026 18:14see114

Ауыл партиясы: отандық ғылымды өндіріспен ұштастыру басты міндет

11 Тамыз 2026 01:54see114

Еліміздің екі өңірінде мефедронның ірі партиясы тәркіленді

11 Тамыз 2026 14:28see112

Татарстанда дрон шабуылынан жеті өзбекстандық қаза тапты

11 Тамыз 2026 02:38see112

Алматыда қарбызды қалай сату керек полиция жаңа сауда ережелерін түсіндірді

10 Тамыз 2026 14:24see112

Әміре Қашаубаев Париж баспасөзінде: 1925 жылғы үш француз басылымының түпнұсқа деректері

10 Тамыз 2026 08:09see111

Түрік лоукостері Қазақстаннан екі жаңа бағыт қосты, бірақ маңызды мәселе бар

10 Тамыз 2026 17:44see111

Жас ғалымдар мәрмәр қой етін өндіру технологиясын әзірледі

11 Тамыз 2026 15:05see111

Баспана берекелі отбасының басты тірегі

11 Тамыз 2026 04:13see110

Қазақстанда eGov 3.0 порталының жаңа нұсқасы іске қосылды

11 Тамыз 2026 15:05see110

Су добының үздіктері

11 Тамыз 2026 03:57see109

Қазақстанда ипотеканы кімдер жиі рәсімдейді Отбасы банк статистикасы

11 Тамыз 2026 16:40see109

Ауыл партиясы өндірушілер тәжірибесін мемлекеттік қолдауда ескеруді ұсынды

11 Тамыз 2026 22:12see109
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары