Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

Дүкен сөрелерінде отандық өнім үлесі артты ма?

Дүкен сөрелерінде отандық өнім үлесі артты ма?

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Сауда және интеграция министрлігінің мәліметіне сәйкес, бүгінде еліміздегі ірі сауда желілеріндегі тауарлардың шамамен 60 пайызы – отандық өнім. Кейбір өңірде бұл көрсеткіш бұдан да жоғары. Мәселен, жүргізілген мониторинг нәтижесінде Ақтөбе облысында сүт өнімдерінің 83 пайызы, шұжық өнімдерінің 78 пайызы жергілікті өндірушілердің үлесіне тиесілі екені анықталған. Ал Батыс Қазақстан облысында тауық етінің 90 пайызы отандық өнім болып отыр.

Отандық өндірушілерді қолдау бағытында соңғы жылдары бірқатар шара қабылданды. Ішкі сауда қағидаларына енгізілген талапқа сәйкес, ірі сауда нысандары сауда алаңының кемінде 30 пайызын отандық азық-түлік өнімдеріне беруге тиіс. Бұл талап жергілікті өндірушілердің өнімдерін сауда желілеріне шығаруға мүмкіндік беріп, отандық тауарлардың тұтынушыға қолжетімділігін арттыруға бағытталған.

Қазақстан жұмыртқа импортына шектеу қойды: Нарықта отандық өнім үлесі артты

Ұлттық статистика бюросының дерегіне сәйкес, 2025 жылы бөлшек сауда көлемі 26,4 трлн теңгеге жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 7,5 пайызға өскен. Бұл ішкі нарықтағы тұтыну көлемінің артып келе жатқанын көрсетеді.

Экономист Жадыра Сұңғатқызының пікірінше, соңғы 5-10 жылда отандық өнімнің нарықтағы үлесі біртіндеп ұлғайған.

– Бұрын дүкен сөрелерінде шетелдік сүт өнімдері мен шұжықтар басым болса, бүгінде көптеген сауда желісінде отандық брендтердің қатары артқан. Бұл − өндірістің кеңейгенінің белгісі. Алайда жоғары технологиялы тауарлар бойынша импорттың үлесі әлі де жоғары, − дейді маман.

Оның айтуынша, отандық өнімдердің көбеюіне бірнеше фактор әсер еткен.

– Бұл екі фактордың үйлесуі. Бір жағынан, жаңа өндіріс орындары ашылып, кәсіпкерлер мемлекеттік қолдау алды. Екінші жағынан, пандемиядан кейінгі логистикалық қиындықтар мен валюта бағамының өзгеруі импорттық өнімнің қымбаттауына ықпал етті. Соның нәтижесінде сауда орындары жергілікті өнімге көбірек көңіл бөле бастады, − дейді экономист.

Маманның сөзінше, Қазақстан экономикасы импортқа әлі де тәуелді.

– Күнделікті тұтынатын азық-түліктің едәуір бөлігін өзіміз өндіргенімізбен, автокөлік, электроника, өндірістік жабдықтар мен дәрі-дәрмектің басым бөлігі сырттан келеді. Сондықтан жоғары технологиялы өндірістерді дамыту маңызды, − дейді Жадыра Сұңғатқызы.

Экономист отандық өнімдердің бәсекеге қабілеттілігі баға, сапа және логистикаға байланысты екенін атап өтті.

– Егер өнімнің бағасы қолжетімді, сапасы жоғары әрі дүкен сөрелеріне уақтылы жеткізілсе, тұтынушы оны таңдайды. Қазір халық өнімнің құрамына, сапасына және қауіпсіздігіне бұрынғыдан көбірек мән береді, − дейді ол.

Сауда саласында еңбек етіп жүрген Нұргиза Шынарбектің айтуынша, соңғы жылдары отандық өнімге қызығушылық артқан.

Отандық өнімдер дүкен сөрелерінде қашан төрге озады?

− Әсіресе сүт өнімдері, шұжық және кондитерлік өнімдерге сұраныс жоғары. Көпшілік өнімнің бағасы мен сапасына қарайды. Бұрын шетелдік тауарларды жиі сұрайтындар болса, қазір өзіміздің өнімдерді арнайы іздеп келетіндер көбейді, − дейді сатушы.

Тұтынушылардың таңдауы әртүрлі. Астана қаласының тұрғыны Айнұр ең алдымен бағаға мән беретінін айтады.

– Қай өнім тиімді болса, соны аламын. Кей жағдайда отандық өнімдердің бағасы шетелдік тауарлардан да жоғары болып жатады. Мен үшін бағаның тиімділігі маңызды, − дейді ол.

Ал қала тұрғыны Марат жергілікті өнімдерді жиі тұтынатынын жеткізді.

– Сүт және ет өнімдерін көбіне отандық өндірушілерден аламын. Сапасына сенемін. Оның үстіне жергілікті жерде өндірілген өнім жаңа болады деп есептеймін, − дейді тұтынушы.

Отандық өнімдер әлемдік нарыққа таныстырылды

Сөредегі әрбір отандық өнім − кәсіпорынның еңбегі мен ел экономикасының нәтижесі. Соңғы жылдары отандық тауарлардың қатары көбейіп, тұтынушы таңдауы да өзгеріп келеді. Дегенмен нарықтағы бәсеке күшейген кезеңде төл өнімге тек сөреден орын тауып беру жеткіліксіз. Оның сапасы мен қолжетімділігі де қатар артуға тиіс. Сонда ғана отандық тауар ішкі нарықта орнығып қана қоймай, сыртқы нарықта да бәсекеге қабілетті бола алады.

Жанасыл ЗАЙТИМХАН,

«Egemen Qazaqstan»

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:141
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 15 Маусым 2026 11:44
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see166

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see163

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see162

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see159

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see155

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see155

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see143

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see139

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see136

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see132

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see129

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see126

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see120

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see120

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see119

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see116

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see114

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see113

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see109

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары