Азия чемпионаты: Қазақстан қоржынына бір күнде 7 медаль түсті

05.06.2026

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

АСТАНА, 5 маусым – Sputnik. Түркістан қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы ескек есуден және параканоэдан Азия чемпионатында қазақстандық спортшылар бір күнде 7 медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Бүгін – чемпионаттың екінші күні. Таңғы финалдар кезінде Қазақстан командасының қоржынына 2 алтын, 4 күміс пен 1 қола медаль түсті.

Алтын медаль иегерлері:

Дмитрий Холмогоров (байдарка U23 1000 метр);

Стелла Суханова (байдарка U23 1000 метр).

Күміс жүлдегерлер:

Полат Төребеков (каноэ U23 1000 метр);

Мария Бровкова (каноэ U23 1000 метр);

Богдан Носиков (каноэ U18 1000 метр);

Тимофей Таранов (байдарка U18 1000).

Ал 18 жастағы Анна Емельяненко байдаркамен 1000 метр қашықтықта қола жүлдені қанағат тұтты.

Айта кетері, кешке дейін тағы бірнеше қашықтықта ақтық жарыстар өтеді.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью