Бәсекелестік ережесін бұзған микроқаржы ұйымына шара қолданылды

22.03.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

— Өтініштер негізінде жүргізілген тексеру барысында компания «Біз бәсекелестерге қарағанда 15%-ға көп мақұлдаймыз» деген мазмұнда жарнамалық SMS-хабарламалар таратқаны, алайда бұл ақпараттың шынайылығын растамағаны белгілі болды. Аталған жарнама ұялы байланыс абоненттерінің 24 мыңнан астамына жолданған, — делінген хабарламада.

Сондай-ақ тексеру барысында бәсекелес ұйым қызметкерлеріне клиенттерді «R-Finance» МҚҰ» ЖШС-на тартқаны үшін ақшалай сыйақы ұсыну фактілері анықталды, бұл бәсекелеске залал келтіруі мүмкін.

Тексеру нәтижелері бойынша Департамент компанияға жосықсыз бәсекелестік белгілері бар әрекеттерді тоқтату қажеттігі туралы хабарлама жолдады.

Қазіргі уақытта «R-Finance» микроқаржы ұйымы» ЖШС хабарламаны орындады. Компания маркетингтік материалдарға ішкі аудит жүргізіп, жарнамалық қызметке қосымша бақылау тетігін енгізді.

Айта кетейік, бұған дейін Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті «Шығыс Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ әрекеттерінде бәсекелестікке қарсы іс-әрекеттерді анықтаған еді.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью