Бәсекелестік ережесін бұзған микроқаржы ұйымына шара қолданылды
Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
— Өтініштер негізінде жүргізілген тексеру барысында компания «Біз бәсекелестерге қарағанда 15%-ға көп мақұлдаймыз» деген мазмұнда жарнамалық SMS-хабарламалар таратқаны, алайда бұл ақпараттың шынайылығын растамағаны белгілі болды. Аталған жарнама ұялы байланыс абоненттерінің 24 мыңнан астамына жолданған, — делінген хабарламада.
Сондай-ақ тексеру барысында бәсекелес ұйым қызметкерлеріне клиенттерді «R-Finance» МҚҰ» ЖШС-на тартқаны үшін ақшалай сыйақы ұсыну фактілері анықталды, бұл бәсекелеске залал келтіруі мүмкін.
Тексеру нәтижелері бойынша Департамент компанияға жосықсыз бәсекелестік белгілері бар әрекеттерді тоқтату қажеттігі туралы хабарлама жолдады.
Қазіргі уақытта «R-Finance» микроқаржы ұйымы» ЖШС хабарламаны орындады. Компания маркетингтік материалдарға ішкі аудит жүргізіп, жарнамалық қызметке қосымша бақылау тетігін енгізді.
Айта кетейік, бұған дейін Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті «Шығыс Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ әрекеттерінде бәсекелестікке қарсы іс-әрекеттерді анықтаған еді.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:56
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 22 Наурыз 2026 00:45 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















