Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Баласына алимент төлемеген борышкерлерге қатаң шара қолданылды

Баласына алимент төлемеген борышкерлерге қатаң шара қолданылды

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Түркістан облысы Сарыағаш ауданының прокуратурасы талдау нәтижесінде бірқатар борышкерлердің еңбекке қабілетті бола тұра жұмыспен қамту органдары ұсынған жұмыс орындарына орналасудан әдейі бас тартып, өз балаларына алимент төлеу міндетін орындамағаны анықталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Қабылданған прокурорлық қадағалау шараларының нәтижесінде, соңғы бір жыл ішінде 50 борышкер ҚР ӘҚБтК-нің 669-бабы бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

Сонымен қатар сот актілерін және заң талаптарын қасақана елемей, балаларына алимент төлеуден жалтарған 5 борышкер ҚР Қылмыстық кодексінің 139-бабы бойынша қылмыстық жауаптылыққа тартылды.

Алимент төлемеу – тек сот шешімін орындамау емес, өз баласының заңды құқықтарын өрескел бұзу.

Прокуратура алимент төлеуден жалтарған әрбір борышкердің әрекетіне қатаң құқықтық баға беріп, олардың заңда көзделген жауаптылыққа тартылуын қамтамасыз етеді.

Баласын асыраудан жалтарған тұлғаларға қатысты жауаптылық шаралары бұдан әрі де бұлтартпай қолданылатын болады.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:121
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 26 Маусым 2026 00:04
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары