Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның төрағалығымен Қызылорда қаласында өңірдің әлеуметтік саласын дамыту мәселелері қаралды.
Кеңеске облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, сондай-ақ салалық министрліктердің өкілдері қатысты.
Жиын барысында алдымен жоғары білім мен ғылым мәселелері талқыланды.
Қатысушылар өңірдегі жоғары білім мен ғылым саласының әлеуетін жан-жақты саралады.
Қызылорда облысында үш жоғары оқу орны жұмыс істейді, онда 20 мыңға жуық студент білім алуда.
Кейінгі үш жылда студенттер саны 21 %-дан астам артқан. Бұл – жастар арасында жоғары білімге деген тұрақты сұраныс бар екенін көрсететін маң
Салаға жауапты министр еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша басым бағыттарды атап өтті.