Басылым бәсі артса игі

31.01.2026

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Тәуелсіздік алған отыз жылдықта қазақтың сөз ұстағандары, әсіресе дәстүрлі баспасөзі жұрт ісін бұра тартпай, салмақты ой айтумен келеді. Тәуелсіздіктен кейінгі аласапыран, «нарық қарық қылады» деген заман­да жабайы жекешелендіру жағадан алып, біраз құнды­лықтан, небір салиқалы басылымдардан көз жазып қалдық. «Өз күніңді өзің көр» белең алып, сауат­тылыққа селкеу түсті. Соның зардабы аңғарыла бастады.

Сурет: kaz.zakon.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Оқитын ұлт» бастамасын алға оздырғаны белгілі. Кітапқа деген жұрттың ынтасы оянды. Алайда баспасөзге жазылу мәселеге айналып отыр. Жанданып келе жатқан билік пен халықтың ортасындағы алтын көпір, Президенттің елдік саясатын жұртқа жеткізетін басылымдар тағдыршешті жағдайға тап болғандай. Жа­зылу бағасының шарықтауы оқырманды шарасыз күйге қалдырды. Мерзімді басылым тасқа таңбаланған соң, тарих айнасы екенін естен шығар­мағанымыз жөн. Толқын-толқын ұрпақ сарғайған басы­лым беттерін парақтағанда қа­зақ­тың өткенін, бүгінін, келе­шегін, болашаққа жаса­ған батыл қадамдарын саралай оқып, тағылым алады, жақ­сы­дан сабақ үйренеді, әтте­ге­найды қайталамау керегін ұға­ды, білімдарлар тәпсірлеген ба­балар тарихына бойлайды, жақсы мен жайсаңды танып-біледі. Мұның бәрі маржандай тізіліп көз алдыңнан өтеді.

Өрісі кең өркениет жолы ауадай қажет екенін есі кіресілі-шығасылы біреу болмаса, кім жоққа шығарады. Дамыған делі­нетін елдерден үйренетін, бә­рекелді дегізетін бір үлгі бар. Ол – мерзімдік басылымға деген ілтипат. Ондай мемлекеттерге ба­рып, қонақүйіне қонсаң, таң­ғы «оразаңды» табалдырықты «атта­ған» басылымдармен ашасың. Он бет былай тұр­сын, жүз беттігі бар. Иә, бәрі жеткі­лікті. Саясат та, жарнама да, алуан түсті суреттер де мол. Қаржыландырудың да жолы сан түрлі. Бай-бағландар да демеп отырады екен. Бір жылы қытай еліне барғанымызда ой бө­ліскен азаматтар техника мен технологияның жақсы еке­нін айтып, сауатты жазу ісін сөз етіп, оны мектептен жүйелі қол­ға алып, дәстүрлі оқу үрдісін жаң­ғыр­тып отырмаса, кейінгі ұрпақ дайынның жетегіне еріп, тар шеңберде қалып қоятынын, ұлттық жазудан ажырап қалмау жайын тілге тиек етіп, оның басы кітапта, басылымдарда жатқанын алға тартып еді. Жапония еліндегі газет-журналдың мил­лиондаған таралымы аңыз боларлық. Кешкі газеттердің өзі бір әлем дерлік. Егер қажет болмаса, олар мұндай жақсы іске жанашыр болмас еді ғой.

Президенттің жаңа баста­малары орталық, өңірлік мер­зімдік басылымдар арқылы жұртқа жетіп жатса, қане! Ақи­қа­тына келсек, бұл жағынан олқылық барын мойындаған жөн секілді. Ауылды қойып, қала тұрғындарына газеттің кешігіп баратынын, тіпті бірнеше нөмірін жинап бір-ақ әкелетінін қайтерсің.

Оның үстіне, кім ойлап тапқанын қайдам, ерікті жазылу деген желеу де ойға қалдыра береді. Еркіндік жақсы, бірақ азат елдің мүддесі ескерілуі керек емес пе еді? Ол желігу бізге дәл қа­зір керек пе дегенді жан-жақты ескермедік, өткелсіз өзенге қойдық та кеттік.

Ауылдың қазіргі зиялысы – мұ­­ғалімдер, дәрігерлер. Мұға­лім­дер оқулықпен шектелсе, бі­лім ілгері баса ма, сабақ сапасы арта ма? Әдістемелік делінетін журналдардың көбі сын көтере бермейді. Дәстүрлі басылымдар аптасына бір рет ұстаздар бетін ұймдастырып, олар­дың іс-тәжірибесін ұсынып, танымдық мақалаларын беріп отырса, оған ата-аналар да атсалы­сып жатса, құба-құп болар ма еді?

Ендеше, жақсылар негі­зін қалаған дәстүрлі басылымдар­дың бәсін арттыратын кез келіп тұр. Бұл да мемлекет ісі, соның бағытын жұртқа жеткізуші деп өркениетті елдердің бағы жанған басылымдарының жо­лын сараптаса, Алаш баласы­ның сөзі шешімін табар еді.

Тәуелсіз елміз деп отыр­ған­да ұлт баспасөзін сан сылтаулы желеумен мәртебесін көтерудің орнына құлдырату кімге тиімді дейсіз. Әлде тізгін ұстағандар желіде желпініп сөйлеп жүре берелік, жалпы бұқараның сауаттануы күн­дердің күнінде қауіпті дей ме екен? Бұл – қате ұғым. Шын білім­дінің талғамы биік, кез кел­ген айқайға ат қос­­пай­ды, төңі­регін түгендеп жү­ре­­ді, ел­дік ұғым зердесінен шық­пайды.

Тұңғыш қазақ журналы «Айқаптың» Мұхамеджан Се­ралин: «Қазақтың неше жерде «Қап!» деп қапы қалған істе­рі көп. Қап дегізген қапия­да өткен істеріміз көп бол­ған соң, журналымыз да өкіні­шімізге лайық «Айқап» болды», деп «қаптан» құтылу арқы­лы оңалуға болатынын ХХ ғасырдың басында еске салады. Ал қазір әлемдік даму­ды қаперден шығармай, оны ұлттық салт-санамен ұштас­тырмай, өркендеген елдер үлгісінен са­бақ алмай, қызыл-жасылды қуа­­л­ап, арыс­тарымыз салған сара жол­дан жаңылсақ, ұлылар дәстү­рінің алтын арқауын үзіп алсақ, тіпті тәрк ете берсек, «Әй, қаптың» көкесі алда айтылып жүрмес пе екен?

Сүлеймен МӘМЕТ,

«Egemen Qazaqstan» газетінің ардагері 

Соңғы жаңалықтар

24 отбасы қоныстойын тойлады

Қоғам • Бүгін, 08:20

Адамды алмастырмайды

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:15

Тұлғатанудағы ерекше туынды

Басылым • Бүгін, 08:10

Барқында тұқым жинау басталды

Аймақтар • Бүгін, 08:05

Ажырасу тіркелмеген аудан

Аймақтар • Бүгін, 08:02

Америкада білім алу мүмкіндігі

Білім • Бүгін, 08:00

Аида Балаева кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі өңірлік комиссиялардың құрамын жаңартуды тапсырды

Үкімет • Кеше

Оқушылар өмірдің өзін сахналады

Мектеп • Кеше

Отандық стартап саласына 73 млн доллар инвестиция тартылды

Инвестиция • Кеше

Президент: Жаңа Конституция бойынша түпкілікті шешімді халық референдумда қабылдайды

Президент • Кеше

Еліміздің 16 өңірінде ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды

Ауа райы • Кеше

Биометриялық деректерді пайдалану тәртібі нақтыланды

Қоғам • Кеше

Жаңа Конституция жобасының мәтіні қайда жарияланады?

Ата заң • Кеше

Биыл Жамбыл облысында 76 канал жөнделеді

Аймақтар • Кеше

Елордада оқушылар арасында әдеби байқау өтті

Елорда • Кеше

Барлық жаңалықтар

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью