Батыс Қазақстанда кәмелетке толмағандар 200 ден астам заң бұзушылық жасады

11.01.2026

Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

АЛМАТЫ, 11 қаңтар - Sputnik. Батыс Қазақстанда кәмелетке толмағандар 200-ден астам заң бұзушылық жасады, деп хабарлайды "Мой город" порталы.

Облыстық полиция департаменті таратқан ақпаратқа сүйенсек, ішкі істер органдарына 130 кәмелетке толмаған жеткізілген.

Оның 126-сы әкімшілік құқық бұзған. Қалғаны қараусыз қалған екен. Үш кәмелекетке толмаған адаптациялық орталыққа орналастырылыпты. Іс-шара барысында жалпы 205 әкімшілік құқық бұзушылық анықталған. Оның ішінде:

Ата-аналардың немесе заңды өкілдердің тәрбиелік міндеттерін орындамауы-15;

Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық орындарында болуы-8;

Алкоголь өнімдерін сату талаптарын бұзу-5;

Алкогольді ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарда мас күйде болу-2;

Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілсіз немесе тұрғынжайдан тыс жерде болуы - 176 дерек тіркелген.

Тәртіп сақшыларының таратқан ақпарына сүйенсек, бес жанұя профилактикалық есепке қойылған.

Есепте тұрған 235 отбасы және тізімдік есеп тұрған 155 кәмелекетке толмаған жас тексерілген.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью