Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
Премьер-министр Олжас Бектенов пен елімізге жұмыс сапарымен келген Түркия Республикасының Вице-президенті Джевдет Йылмаз екіжақты келіссөз жүргізіп, Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның 14-отырысын өткізді.
Тараптар шағын құрамда ынтымақтастықтың бүгінгі деңгейі туралы пікір алмасты. Сондай-ақ Қазақстан мен Түркия президенттері Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайип Ердоған деңгейінде қол жеткізілген уағдаластыққа сәйкес тауар айналымының көлемін одан әрі ұлғайту мақсатында екіжақты өзара іс-қимылдың әлеуетін арттыру жөніндегі шаралар қаралды. Түркия президентінің Қазақстанға мемлекеттік сапарына дайындыққа да ерекше назар аударылды.
Премьер-министр Түркия вице-президентін Қазақстанның жаңа Конституциясының негізгі мазмұны туралы хабардар етіп, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен еліміз дамудың жаңа тарихи кезеңіне аяқ басқанын атап өтті.
Бауырлас қос елдің мемлекеттік органдары басшыларының қатысуымен өткен Үкіметаралық комиссияның отырысында сауда, инвестициялар, өнеркәсіп, көлік пен логистика, энергетика, цифрландыру және жасанды интеллект, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық өзара іс-қимыл саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелері қаралды.
«Біздің мемлекеттеріміздің басшылары Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайип Ердоғанның шынайы достығы жақсы дәстүрге және екіжақты қарым-қатынастардың берік іргетасына айналды. Біздің сауда-экономикалық және инвестициялық байланысымыз қарқынды дамып келеді. Түркия – Қазақстанның бес негізгі сауда серіктесінің бірі. Елдер арасындағы та-уар айналымы өткен жылы 9%-ға артты. Оның ішінде Қазақстан тауарларының экспорт көлемі 17%-дан астам өсіп, 3,9 млрд долларға жетті. Қазақстан Үкіметі сауданы әртараптандыруға, оны шикізаттан қосылған құны жоғары өнімге ауыстыруға бағытталған бірлескен жұмыс жүргізуге мүдделі», деп атап өтті Олжас Бектенов.
«Түркия мен Қазақстан – тек дос және бауырлас мемлекеттер ғана емес, сонымен қатар ортақ тарих пен мәдениет байланыстыратын стратегиялық серіктестер. Біздің ынтымақтастығымыздың жоғары деңгейіне қол жеткізуде президенттеріміз – Режеп Тайип Ердоған мен Қасым-Жомарт Тоқаевтың шешуші әрекеттері мен ортақ көзқарасы үлкен рөл атқарды. Үкіметаралық комиссияның бүгінгі отырысын біз алдағы уақыттағы сауда-экономикалық қатынастарымыздың Жол картасын қалыптастыратын стратегиялық консультациялардың негізі ретінде қарастырамыз», деп атап өтті Джевдет Йылмаз.
Қазақстан тарапы жаңа бірлескен жобаларды жүзеге асыру шеңберінде өнеркәсіптік платформалар мен мемлекеттік қолдау құралдарын ұсынуға дайын екенін атап өтті. Өткен жылы экономикаға шамамен 390 млн доллар түрік инвестициясы тартылды, небәрі 20 жыл ішінде бұл сома 6 млрд доллардан асты. Бүгінде құрылыс, жеңіл өнеркәсіп, металлургия, АӨК өнімдерін терең өңдеу, көлік және логистика, фармацевтика өндірісі, электрондық аспаптар және тағы да басқа салаларда жалпы сомасы 4 млрд доллар болатын 98 инвестициялық жоба іске қосылды. Одан бөлек 3,9 млрд доллар болатын тағы 50 жоба жүзеге асырылып жатыр.
2025 жылдың қорытындысында Қазақстан мен Түркия арасындағы теміржол арқылы жүк тасымалы 6,4 млн тоннаны құрап, 2024 жылмен салыстырғанда 35%-ға артты. Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымал көлемі 4 млн тоннадан асты. Ортақ басымдық – Орта дәлізді дамыту мен осы бағытта инфрақұрылымды жаңғырту, «тар» учаскелерді жою, порттық және терминалдық қуаттарды кеңейту, цифрлық шешімдерді енгізу, сондай-ақ тарифтік саясатты үйлестіру жөнінде бірлескен жұмыстар жүргізу. Қабылданған шаралардың нәтижесінде бұл бағытта жүк ағыны 7 жылда 5 есе өсті, жеткізу мерзімі 13 күнге дейін қысқарды.
Агроөнеркәсіп кешенінде өткен жылы тауар айналымы 25%-дан астамға артып, 360 млн долларға жетті. Уәкілетті органдар мен Қазақстан мен Түркия бизнесі арасында агротехнология және сақтандыру саласында тәжірибе алмасу жолға қойылған. Отырыс барысында қатысушылар экспорттық ассортиментті кеңейту және қосылған құны жоғары жаңа бірлескен өнім өндірісін іске қосу арқылы тауар айналымын әртараптандырудың өзекті екенін айтты. Сонымен қатар бидай, жасымық, жемшөп пен майлы дақылдардың экспорт көлемін одан әрі ұлғайту мақсатында ветеринария мен фитосанитария саласында бірлескен жұмыс қажеттігіне назар
аударылды.
Мұнай-газ саласында, геологиялық барлау мен басқа да бірлескен ірі жобаларды жүзеге асыру арқылы энергетикалық әріптестікті дамыту мәселелері қаралды. Түркия аумағы арқылы өтетін әрі Қазақстан мұнайын тасымалдайтын «Баку – Тбилиси – Джейхан» құбыры инфрақұрылымының стратегиялық маңызы атап өтілді. Энергетика, көмір мен өзге де салаларда инновациялар енгізу жөнінде тәжірибе алмасу екі ел арасындағы ынтымақтастықты сапалы жаңа деңгейге көтереді.
Түркі мемлекеттері ұйымы шеңберінде Қазақстан мен Түркия өзге елдермен бірлесіп, Киберқауіпсіздік жөніндегі кеңес пен CubeSat-12u жерсерігін әзірлеу бағытында бірлескен жұмыс жүргізіп отыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ел экономикасын цифрландыру мен жасанды интеллект технологияларын кеңінен енгізу жөніндегі бастамаларына ерекше назар аударылды. IT-білім беру, финтех, киберқауіпсіздік пен электрондық қызметтер саласындағы бірлескен жобалардың әлеуеті атап өтілді. Астана қаласында Орталық Азиядағы екі ірі суперкомпьютерлік кластер іске қосылып, Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығы ашылды. Сонымен қатар инвестор мен серіктестерге қуат көзі, инфрақұрылым және арнайы салық жеңілдіктері ұсынылатын «Деректерді өңдеу орталықтары алқабы» жобасы жүзеге асырылып отыр.
Денсаулық сақтау саласында инвестициялық ынтымақтастық, ақпараттық технологиялар мен академиялық тәжірибе алмасу негізгі бағыттар ретінде айқындалды. Түрік серіктестерінің қатысуымен Қазақстанда жаңа ауруханалар салу, онкологиялық инфрақұрылымды, университеттік клиникаларды дамыту әрі фармацевтикалық өнім өндіру жобалары жүзеге асырылып жатыр.
Көлік, Сауда және интеграция, Энергетика, Ауыл шаруашылығы, Өнеркәсіп және құрылыс, Оқу-ағарту министрліктерінің басшылары Қазақстан тарапынан әріптестікті одан әрі нығайтуға қатысты ұсыныс беріп, пікір білдірді. Түрік тарапынан Көлік және инфрақұрылым, Сауда, Энергетика және табиғи ресурстар, Ауыл және орман шаруашылығы, Өнеркәсіп және технологиялар, Ұлттық білім министрліктерінің басшылары қатысты.
Жиын соңында тараптар сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан мен Түркия арасындағы Үкіметаралық комиссиясының 14-отырысының хаттамасына қол қойды.
Сонымен қатар Премьер-министр Олжас Бектенов пен Түркия Республикасының Вице-президенті Джевдет Йылмаздың қатысуымен екі елдің іскер топтарының өзара іс-қимылы жөнінде дөңгелек үстел өтті. Жиынға қаржы секторы, өнеркәсіп, құрылыс, көлік пен логистика, энергетика сынды салалардағы жетекші отандық және түрік компанияларының өкілдері қатысты.
Премьер-министр Олжас Бектенов дөңгелек үстелге қатысушыларға арнаған алғыс өзінде экономиканың негізгі бағыттары бойынша іскер топтардың өзара іс-қимылының серпінді дамуын атап өтті.
«Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, Қазақстан Үкіметі жаңа инвестициялық циклді іске қосу және сапалы инвестициялар көлемін арттыру бағытында жүйелі жұмыс жүргізіп жатыр. Біз түрік бизнесімен серіктестікті одан әрі дамытуға мүдделіміз. Бұл үшін Қазақстанның қажетті ресурстар мен мүмкіндіктері бар. Осы ретте Қазақстан Үкіметі өз тарапынан жаңа жобаларға жан-жақты қолдау көрсетуге дайын», деп атап өтті О.Бектенов.
Түркия Вице-президенті Джевдет Йылмаз түрік бизнесінің Қазақстан нарығына қызығушылығын атап өтіп, экономиканы дамыту мен инвесторларға қолайлы жағдай жасау бағытында елімізде жүзеге асып жатқан шараларға жоғары баға берді.
«Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен айтарлықтай жетістіктерге жетті. Жүргізілген конституциялық реформалар елдің саяси тұрақтылығы мен институционалдық жүйесін нығайтты. Біз Қазақстандағы реформалар мен қайта құруларды жоғары бағалаймыз және бауырлас елді қол жеткізген нәтижелерімен құттықтаймыз. Қазақстан экономикасы айтарлықтай өсімге қол жеткізді – былтыр ІЖӨ 300 млрд доллардан асты. Өсім 6,5%-ды құрады, бұл әлемдік деңгейден екі есе дерлік жоғары», деді Д.Йылмаз.
Жұмыс сапары аясында Түркия Вице-президенті Ұлттық музейді аралап көрді. Сондай-ақ Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығының аумағында отандық әзірлеушілердің цифрландыру және жасанды интеллект саласындағы жобаларымен танысты.
Соңғы жаңалықтар
Астанада мектеп аумағында жанжалдасқандар жауапкершілікке тартылды
Заң мен Тәртіп • Кеше
Боксшы Нұрбек Оралбай жаңа салмақ дәрежесіне ауысты
Бокс • Кеше
«Қарағанды – Жезқазған» автожолын салу: Вашингтонда қаржыландыру туралы келісімге қол қойылды
Қазақстан • Кеше
Ұлттық Банк АҚШ Сауда палатасымен инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтуді талқылады
Банк • Кеше
ШҚО-да «ALTAY BUSINESS» форумы өтті: Өңір экономикасының жаңа даму бағыттары айқындалды
Аймақтар • Кеше
Құқықтық қатынастар туралы конвенцияға өзгерістер енгізу туралы заңдарға қол қойылды
Президент • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Араб Әмірліктерінің Президентіне хат жолдады
Президент • Кеше
Таеквондодан әлем чемпионаты: Қазақ қызы топ жарды
Спорт • Кеше
Құс саңғырығынан «жасыл» энергия өндірілді
Шаруашылық • Кеше
Қазақстан Дүниежүзілік банкпен жаңа жобаларды іске асыруға ниетті
Үкімет • Кеше
Алматыда тұрғын үй өртінен төрт адам құтқарылды
Оқиға • Кеше
Енді банктер ипотека беруде қарыз алушының төлем қабілетін қатаң тексереді
Банк • Кеше
KASE-дегі күндізгі сауда жабылды: Доллар бағамы 474 теңгеге түсті
Қаржы • Кеше
Қазақстан азаматтары визасыз бара алатын елдер саны артты
Қоғам • Кеше
Жалған құжаттар пайдаланған: Жетісу облысында алаяқ 5 жылға сотталды
Қоғам • Кеше