Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Just жұбайлар жыры

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Тұрмыстық қалдық кәдеге жарады

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

Емханаларда ашық есік күні

Қазақстан мен Бельгия бірлескен білім беру бағдарламаларын дамытады

Бүлдіршіннің бәрі жеңімпаз

Кофені көп ішсе, не болады?

Тарихи ескерткіштер тазартылды

Үстел теннисі: Алан Құрманғалиев WTT Youth Smash турнирінде күміс медальға ие болды

Актер Олжас Абай мен Дариға Бадықованың құдалығынан видео жарияланды

Құс шаруашылығын жаңа деңгейге көтермек

Бауырлас елмен байсалды байланыс

Бауырлас елмен байсалды байланыс

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Премьер-министр Олжас Бектенов пен елімізге жұмыс сапарымен келген Түркия Республикасының Вице-президенті Джевдет Йылмаз екіжақты келіссөз жүргізіп, Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның 14-отырысын өткізді.

Тараптар шағын құрамда ынтымақ­тастықтың бүгінгі деңгейі туралы пікір алмасты. Сондай-ақ Қазақстан мен Түр­кия президенттері Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайип Ердоған деңгейінде қол жеткізілген уағда­ластыққа сәйкес тауар айна­лы­мының көлемін одан әрі ұлғайту мақ­сатында екіжақты өзара іс-қимыл­дың әлеуетін арттыру жөніндегі шаралар қарал­ды. Түркия президентінің Қа­зақ­станға мемлекеттік сапарына дайындыққа да ерекше на­зар аударылды.

Премьер-министр Түр­кия вице-президентін Қазақ­станның жаңа Конститу­циясының негізгі мазмұны туралы хабардар етіп, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылы­ғымен еліміз дамудың жаңа тарихи кезеңіне аяқ басқанын атап өтті.

Бауырлас қос елдің мемле­кеттік органдары басшы­ларының қатысуымен өткен Үкіметаралық комиссияның отырысында сауда, инвестициялар, өнер­кәсіп, көлік пен логистика, энергетика, цифрландыру және жасанды интеллект, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау, сондай-ақ мәдени-гуманитар­лық өзара іс-қимыл саласындағы екі­жақ­ты ынтымақтастықтың кең ауқым­ды мәселелері қаралды.

«Біздің мемлекеттеріміздің басшылары Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайип Ердоғанның шынайы достығы жақсы дәстүрге және екіжақты қарым-қатынастардың берік іргетасына айналды. Біздің сауда-экономикалық және инвестициялық байланысымыз қарқынды дамып келеді. Түркия – Қазақстанның бес негізгі сауда се­ріктесінің бірі. Ел­дер арасындағы та-уар ай­на­лымы өткен жылы 9%-ға артты. Оның ішінде Қазақ­стан тауарларының экспорт көлемі 17%-дан астам өсіп, 3,9 млрд долларға жетті. Қазақ­стан Үкіметі сауданы әрта­раптандыру­ға, оны шикізаттан қосылған құны жоға­ры өнім­ге ауыстыруға бағытталған бір­лескен жұмыс жүргізуге мүдделі», деп атап өтті Олжас Бектенов.

 «Түркия мен Қазақстан – тек дос және бауырлас мемлекеттер ғана емес, сонымен қатар ортақ тарих пен мә­де­­ниет байланыстыратын страте­гиялық серіктестер. Біздің ын­ты­мақтас­тығымыздың жо­ға­ры деңгейіне қол жеткі­зуде президенттеріміз – Ре­жеп Тайип Ердоған мен Қасым-Жомарт Тоқаевтың шешу­ші әрекеттері мен ортақ көзқарасы үлкен рөл атқар­ды. Үкіметаралық комис­сия­ның бүгінгі отырысын біз алдағы уақыттағы сау­да-экономикалық қатынас­тары­­мыз­дың Жол картасын қалыптастыра­тын стратегия­лық консультациялардың негізі ретінде қарастырамыз», деп атап өтті Джевдет Йыл­маз.

Қазақстан тарапы жаңа бірлескен жобаларды жүзеге асыру шеңберінде өнеркәсіптік платформалар мен мем­ле­кеттік қолдау құралдарын ұсынуға дайын екенін атап өтті. Өткен жылы эко­номикаға шамамен 390 млн доллар түрік инвестициясы тартылды, небәрі 20 жыл ішінде бұл сома 6 млрд доллардан асты. Бүгінде құрылыс, жеңіл өнеркәсіп, металлургия, АӨК өнімдерін терең өңдеу, көлік және логистика, фармацев­тика өндірісі, электрондық аспаптар және тағы да бас­­қа салаларда жалпы сома­сы 4 млрд доллар болатын 98 инвестиция­лық жоба іске қосылды. Одан бөлек 3,9 млрд доллар болатын тағы 50 жоба жүзе­ге асырылып жатыр.

2025 жылдың қорытын­дысында Қазақстан мен Түркия арасындағы те­міржол арқылы жүк тасымалы 6,4 млн тон­наны құрап, 2024 жылмен салыс­тыр­ғанда 35%-ға артты. Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымал көлемі 4 млн тоннадан асты. Ортақ басымдық – Орта дәлізді дамыту мен осы бағытта инфрақұрылымды жаңғырту, «тар» учаскелерді жою, порт­­тық және терминалдық қуат­тарды кеңейту, цифрлық шешімдерді енгізу, сон­дай-ақ тарифтік саясатты үйлестіру жөнінде бірлескен жұмыстар жүр­гізу. Қабылданған шара­лардың нәти­же­­­сін­де бұл бағыт­та жүк ағыны 7 жылда 5 есе өсті, жеткізу мерзімі 13 күнге дейін қысқарды.

Агроөнеркәсіп кешенінде өткен жылы тауар айналымы 25%-дан астамға артып, 360 млн долларға жетті. Уәкілетті органдар мен Қазақстан мен Түркия бизнесі арасында агротехнология және сақтандыру саласында тәжірибе алмасу жолға қойылған. Отырыс барысында қатысушылар экспорттық ассортиментті кеңейту және қосылған құны жоғары жаңа бірлескен өнім өндірісін іске қосу арқылы тауар айналымын әртараптандырудың өзек­ті екенін айтты. Сонымен қатар бидай, жасымық, жемшөп пен майлы дақылдардың экспорт көлемін одан әрі ұлғайту мақ­сатында ветеринария мен фитосанитария саласында бірлескен жұмыс қажеттігіне назар
аударылды.

Мұнай-газ саласында, гео­логиялық барлау мен басқа да бірлескен ірі жобаларды жүзеге асыру арқылы энергети­ка­лық әріптестікті дамыту мәселелері қаралды. Түркия аумағы арқылы өтетін әрі Қазақстан мұнайын тасымалдай­тын  «Баку – Тбилиси – Джейхан» құбы­ры инфрақұрылымының стратегиялық маңызы атап өтіл­ді. Энергетика, көмір мен өзге де салаларда инновациялар енгізу жөнінде тәжірибе алма­су екі ел арасындағы ынты­мақ­тастықты сапалы жаңа деңгейге көтереді.

Түркі мемлекеттері ұйымы шеңбе­рінде Қазақстан мен Түр­кия өзге елдермен бірлесіп, Киберқауіпсіздік жөніндегі кеңес пен CubeSat-12u жерсе­рі­гін әзірлеу бағытында бірлес­кен жұмыс жүргізіп отыр. Мем­­лекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ел экономика­сын цифрландыру мен жасанды интеллект технологияларын кеңінен енгізу жөніндегі бастамаларына ерекше назар аударылды. IT-білім беру, фин­тех, киберқауіпсіздік пен элек­трондық қызметтер сала­сындағы бірлескен жобалардың әлеуеті атап өтілді. Астана қаласында Орталық Азиядағы екі ірі суперкомпьютерлік клас­тер іске қосылып, Alem.ai ха­лық­ара­лық жасанды ин­тел­­лект орталы­ғы ашылды. Со­нымен қатар инвестор мен серіктестерге қуат көзі, инфра­­құры­лым және ар­найы салық жеңілдіктері ұсыны­латын «Деректерді өңдеу орта­лықтары алқабы» жобасы жүзеге асырылып отыр.

Денсаулық сақтау сала­сында инвес­ти­циялық ынтымақ­тастық, ақпарат­тық технологиялар мен академиялық тәжі­рибе алмасу негізгі бағыттар ретін­­де ай­қындалды. Түрік се­рік­­тес­те­рінің қаты­суымен Қазақ­­станда жаңа ауру­хана­­лар салу, онкологиялық инфра­құры­­лымды, университеттік клиникаларды дамыту әрі фарма­цевтикалық өнім өндіру жобалары жүзеге асырылып жатыр.

Көлік, Сауда және интеграция, Энер­гетика, Ауыл шаруа­шылығы, Өнер­­кәсіп және құрылыс, Оқу-ағар­ту ми­нистрліктерінің басшылары Қа­зақстан тарапынан әріп­тестікті одан әрі нығай­туға қатысты ұсыныс беріп, пікір білдірді. Түрік тарапынан Көлік және инфрақұрылым, Сауда, Энер­гетика және табиғи ресурстар, Ауыл және орман шаруашылығы, Өнер­кәсіп және технологиялар, Ұлттық білім ми­нистрліктерінің басшылары қатысты. 

Жиын соңында тараптар сауда-экономикалық ынты­мақтастық жөнін­дегі Қазақстан мен Түркия арасын­дағы Үкі­мет­аралық комиссия­сының 14-отырысының хаттамасына қол қойды.

Сонымен қатар Премьер-ми­нистр Олжас Бектенов пен Түркия Респуб­ликасының Вице-президенті Джевдет Йыл­маздың қатысуымен екі елдің іскер топтарының өзара іс-қимылы жө­нінде дөңгелек үстел өтті. Жиынға қар­жы сек­­торы, өнеркәсіп, құрылыс, көлік пен логистика, энергети­ка сынды са­лалардағы жетек­ші отандық және түрік компа­нияларының өкілдері қатысты.

Премьер-министр Олжас Бектенов дөңгелек үстелге қатысушыларға ар­наған алғыс өзінде экономиканың негізгі бағыттары бойынша іскер топ­тардың өзара іс-қимы­лы­ның серпінді дамуын атап өтті.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, Қа­зақстан Үкіметі жаңа инвестиция­лық циклді іске қосу және сапалы ин­вес­тициялар көлемін арттыру бағы­тын­да жүйелі жұмыс жүр­гізіп жа­тыр. Біз түрік бизне­сімен серіктестік­ті одан әрі дамытуға мүдделіміз. Бұл үшін Қазақстанның қажетті ресурстар мен мүмкіндіктері бар. Осы ретте Қазақстан Үкі­меті өз тарапынан жаңа жо­ба­ларға жан-жақты қолдау көрсетуге дайын», деп атап өтті О.Бектенов.

Түркия Вице-президенті Джевдет Йылмаз түрік бизне­сінің Қазақстан нарығына қызығушылығын атап өтіп, экономиканы дамыту мен инвес­тор­лар­ға қолайлы жағдай жасау бағы­тында елімізде жүзеге асып жатқан шараларға жоғары баға берді. 

«Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылы­ғымен айтарлық­тай жетістіктерге жет­ті. Жүргізілген консти­туциялық реформалар елдің саяси тұрақтылығы мен институционалдық жүйесін нығайтты. Біз Қазақстандағы реформалар мен қайта құру­ларды жоғары бағалаймыз және бауырлас елді қол жет­кіз­ген нәти­желерімен құттық­таймыз. Қазақстан экономикасы айтарлықтай өсімге қол жеткізді – былтыр ІЖӨ 300 млрд доллардан асты. Өсім 6,5%-ды құрады, бұл әлемдік дең­гейден екі есе дерлік жоға­ры», деді Д.Йылмаз.

Жұмыс сапары аясында Түркия Вице-президенті Ұлт­тық музейді аралап көрді. Сондай-ақ Alem.ai халық­­аралық жасанды интеллект орталы­ғының аумағында отандық әзірлеу­ші­лердің цифрландыру және жасанды интеллект саласындағы жобаларымен танысты. 

Соңғы жаңалықтар

Астанада мектеп аумағында жанжалдасқандар жауапкершілікке тартылды

Заң мен Тәртіп • Кеше

Боксшы Нұрбек Оралбай жаңа салмақ дәрежесіне ауысты

Бокс • Кеше

«Қарағанды – Жезқазған» автожолын салу: Вашингтонда қаржыландыру туралы келісімге қол қойылды

Қазақстан • Кеше

Ұлттық Банк АҚШ Сауда палатасымен инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтуді талқылады

Банк • Кеше

ШҚО-да «ALTAY BUSINESS» форумы өтті: Өңір экономикасының жаңа даму бағыттары айқындалды

Аймақтар • Кеше

Құқықтық қатынастар туралы конвенцияға өзгерістер енгізу туралы заңдарға қол қойылды

Президент • Кеше

Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Араб Әмірліктерінің Президентіне хат жолдады

Президент • Кеше

Таеквондодан әлем чемпионаты: Қазақ қызы топ жарды

Спорт • Кеше

Құс саңғырығынан «жасыл» энергия өндірілді

Шаруашылық • Кеше

Қазақстан Дүниежүзілік банкпен жаңа жобаларды іске асыруға ниетті

Үкімет • Кеше

Алматыда тұрғын үй өртінен төрт адам құтқарылды

Оқиға • Кеше

Енді банктер ипотека беруде қарыз алушының төлем қабілетін қатаң тексереді

Банк • Кеше

KASE-дегі күндізгі сауда жабылды: Доллар бағамы 474 теңгеге түсті

Қаржы • Кеше

Қазақстан азаматтары визасыз бара алатын елдер саны артты

Қоғам • Кеше

Жалған құжаттар пайдаланған: Жетісу облысында алаяқ 5 жылға сотталды

Қоғам • Кеше

Барлық жаңалықтар

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:120
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 16 Сәуір 2026 07:59
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see146

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see142

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see138

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see138

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see137

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see131

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see131

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see129

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see127

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see124

Тұрмыстық қалдық кәдеге жарады

13 Қазан 2026 06:56see119

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

13 Қазан 2026 06:06see119

Емханаларда ашық есік күні

13 Қазан 2026 04:50see119

Қазақстан мен Бельгия бірлескен білім беру бағдарламаларын дамытады

12 Қазан 2026 17:49see110

Бүлдіршіннің бәрі жеңімпаз

13 Қазан 2026 04:23see108

Кофені көп ішсе, не болады?

13 Қазан 2026 01:36see107

Тарихи ескерткіштер тазартылды

13 Қазан 2026 04:23see107

Үстел теннисі: Алан Құрманғалиев WTT Youth Smash турнирінде күміс медальға ие болды

12 Қазан 2026 18:37see104

Актер Олжас Абай мен Дариға Бадықованың құдалығынан видео жарияланды

12 Қазан 2026 22:25see104

Құс шаруашылығын жаңа деңгейге көтермек

13 Қазан 2026 04:23see103
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары