Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Базасы байсалды оқу орны

Базасы байсалды оқу орны

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Мемлекет басшысы Үкіметке инженерлердің жаңа буынын тәрбиелеу жөнінде тапсырма берген еді. Осыған орай С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің базасында И.Губкин атындағы Ресей мемлекеттік мұнай-газ университетінің филиалы жұмысын бастады. Еліміздің жастары «Мұнай-газ құбырлары мен мұнай-газ қоймаларын салу және пайдалану», «Мұнай-газ технологиялары», «Мұнай мен газдың табиғи резервуарларын геологиялық модельдеу» мамандықтарында білім алады. Бұл білім беру бағдарламаларының трансферін қамтамасыз етіп, бірлескен ғылыми-зерттеу жұмысын жүзеге асыруға жол ашады.

Университет ректоры Гүлзада Шакуликованың айтуынша, биыл аталған филиалда еліміздің жастарын 100 білім гранты бөлінген. Мұнай-газ секторына қызығушылық танытқан жастар әлемдік деңгейдегі сапалы білімге қол жеткізді.

«Біз ресейлік әріптестерімізбен арадағы серіктестік арқылы болашақ инженерлер мен кәсіби мамандарды даярлауда жаңа белеске қадам бастық. Филиалда білім алатын жастардан қабылдау емтихандарын И.Губкин атын­дағы университеттің тәжірибелі профессор-оқытушылар құрамы жүр­гізді», дейді Г.Шакуликова.

Ресейлік оқу орны филиалының директоры Владимир Майердің пікірінше, қазақстандық студенттер И.Губкин университетінің жетекші профессорлары мен тәжірибелі ғалымдарынан тікелей дәріс алады. Бұл – білім сапа­сының жоғары деңгейін, сондай-ақ ғылым мен өндірістің өзара тығыз байланысын қамтамасыз ететін зор мүмкіндік.

«Атыраудағы филиалда жергі­лікті студенттерге бірегей білім беру бағ­дарламаларын игеру үшін заманауи зертханалар, симуляциялық оқу орта­лықтары ашылды. Оқу үдерісі теория мен тәжірибені ұштастыруға бағыт­талады. Студенттер нақты өнді­рістік үдерістерді модельдеу, зертха­налық жұмыстар жүргізу арқылы сапалы білім алып, мұнай-газ саласында жоғары бі­лікті әрі бәсекеге қабілетті маман болып қалыптасады», дейді В.Майер.

Сондай-ақ С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінде болашақ мұнайшыларды даярлайтын оқу-өндірістік полигоны жұмысын бас­тады. Университет ректоры Гүлзада Шакуликованың дерегіне қарағанда, полигонның аумағы 4 гектарды құрайды.

«Біздің университеттің басты міндеті – мұнай-газ секторына қажетті білікті мамандарды даярлау. Осыған орай мұнай компанияларымен әріптестік интеграция аясында ашылған оқу полигонын жер қойнауын барлау, шикізаттық көмірсутекті өңдеуге дейінгі өндірістік үдерістердің толық циклі бар мұнай-газ өндіру мекемесінің шағын моделі деуге болады. Полигонда жаттығу элементтері өндірістік жағдайларға барынша ұқсас етіп салынды. Студенттердің нақты операциялық міндеттерді шешуге, мұнай-газ технологияларын игеруге мүмкіндігі бар. Мұнда электрлі газбен дәнекерлеуші, токарь, оператор, машинист, басқа да мамандар тәжірибеден өтеді», дейді Г.Шакуликова.

Ректордың мәліметіне сүйенсек, оқу орнында 2015 жылдан бері дуалды оқыту жүйесі қолға алынған. Енді оқу полигонында студенттер жоғары тұтқырлы мұнай өндіру мен өңдеуде жаңа технологияларды меңгереді. Полигон жұмысына жасанды интеллект (AI) элементтері мен цифрлық технологиялар енгізіліп жатыр. Оның ішінде цифрлық кен орындарының егіздері (digital twins) үдерістерді модельдеуге, тәуекелдерді азайтуға, оқу кезінде шынайы өндірістік жағдайларды қайта жаңғыртуға мүм­кіндік береді. Мұндай ерекшелік студенттерге қондырғылардың жұмысын виртуалды ортада сынап көруге, апат­тық жағдайларды болдырмау үшін ше­шімдерді пысықтауға, тиімді өндірістік стратегияларды әзірлеуге жол ашады.

«Оқу-өндірістік полигоны – батыс аймақта техникалық білім берудің жаңа кезеңінің алғашқы қадамы. Еңбек бастысы, еңбек нарығына бәсекеге қабілетті мамандарды даярлауға зор серпін береді. Полигон заманауи зертханамен, кәсіби дағдыларды жетілдіруге арналған оқу-өндірістік алаңдармен, тәжірибелік қондыр­ғылармен, инновациялық шешімдерді тестілеу алаңдарымен жаб­дықталды. Жерасты жөндеу жұмыстарын жүргізуді үйрету үшін екі ұңғыма бұрғыланды. Студенттердің таңдаған мамандығына сай практикалық тапсырмаларды орындауы үшін 15 оқу алаңы салынды», дейді университет ректоры.

Атырау облысы 

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:143
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 31 Қазан 2025 08:41
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see167

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see163

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see159

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see159

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see143

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see140

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see130

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see124

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see124

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see123

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see120

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see118

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see117

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see108

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see107

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see105

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see104

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see104

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see104

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see104
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары