Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыр атлетикадан Қазақстан чемпионатының ашылу салтанаты өтті

Қасым Жомарт Тоқаев: Қожа Ахмет Ясауи күллі түркінің рухани темірқазығы

Тоқаев Түркиямен тарихи құжатқа қол қою туралы айтты

Қырғызстанда кондиционерді аз қолдану үшін қызметкерлердің киім үлгісі өзгертілді

Bloomberg: Қазақстан КҚК жүйесі арқылы мұнай жеткізуді азайтады

Украинадағы бейбітшілік бойынша АҚШ қана араағайындық жасай алады Рубио

Бишімбаевтың туысына қатысты үкім өзгеріссіз қалды

Балға алмақ болған: Степногорда ер адам 10 метр биіктіктен құлады

30 минуттық қуат : BYD көліктерінің иелері неге дабыл қақты?

Ішімдіксіз ауылдар ілгері басты

Қазақстан ЖИ таралуы бойынша Орталық Азияда көшбасшы атанды рейтинг

Еңбекке жарамсыздық кезінде жұмыстан шығару заңсыз: Депутат Еңбек кодексіндегі жаңашылдықтарды түсіндірді

Ұлытауда жаңа спорттық воркаут алаңы ашылды

Си Цзиньпин Трамппен кездесуінде Фукидид тұзағы туралы мәлімдеді

Тоқаев пен Ердоған жаңа мектепті ашты

Қазақстан әлемдегі ең ірі 50 экономиканың қатарына енді ХВҚ

Түркия Қазақстанның ең ірі 5 сауда серіктесінің қатарына енді

Тоқаев Түркістанды түбі бір түркі жұртының қара шаңырағы деп атады

Ұлыбритания Украинаға берілген техниканың орнына жаңа гаубицалар сатып алады

Зілтемірші Петр Хребтов биылғы Азия чемпионатында бесінші орын алды

Бауырлас елдердің байланысы бекем

Бауырлас елдердің байланысы бекем

Aikyn.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия көшбасшысын өзі күтіп алды. Мәр­тебелі мейманның құрметіне Қа­зақ­стан Республикасы Әуе қор­ғанысы күштерінің истребителдері Түркия туын бейнелейтін қызыл және ақ түсті жолақтардан із тастап ұшты.

Содан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайип Ердоған бір-біріне ресми делегация мү­ше­лерін таныстырды. Құрмет қарауы­лы­ның бастығы рапорт беріп, екі ел­дің мемлекеттік әнұрандары шыр­­­қалды.

Салтанатты рәсім аяқталған соң президенттер шағын құрамда кез­дес­ті.

Қазақстан Президенті Түркия бас­шысына ілтипат көрсетті.

– Жоғары мәртебелі Президент мырза, қадірлі бауырым, Өзіңізбен Қазақстанның елордасында жүз­дес­кеніме өте қуаныштымын. Ең алдымен, менің шақыруымды қа­был алып, Қазақстанға мемлекеттік сапармен келгеніңіз үшін шын жү­ректен ризашылығымды білдір­гім келеді. Сапарыңыздың мән-ма­ғы­насы ерекше, өте жоғары деп айт­сақ артық болмайды. Себебі бұл, шын мәнінде, тарихи оқиға. Бұл са­пар елдеріміздің ынты­мақ­тас­тығына үлкен серпін беретініне еш­қандай күмән жоқ. Екі ел арасында тек қана достық, бауыр­лас­тық, мәңгілік серіктестік қарым-қатынас қалыптасқан. Арамызда еш­қандай түйткіл немесе шешіл­ме­ген мәселе жоқ. Қош келдіңіз! – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Осы орайда, Мемлекет басшысы былтыр Анкараға жасаған ресми са­парын ықыласпен еске алды.

– Біз Анкарада Стратегиялық ын­тымақтастық жөніндегі комис­сия­ның бесінші отырысын өткіз­дік. Өте маңызды шешімдерге қол жет­кіз­дік. Бүгін Кеңестің алтыншы оты­рысы болады. Ауқымды биз­нес фо­рум өтеді. Өзіңізбен бір­ге Ас­та­на­ға үлкен делегация кел­ді. Сон­дық­тан сапарыңыз ой­да­ғыдай өтеді деп ойлаймыз. Осы­лайша, өзара ын­ты­мақ­тасты­ғы­мыз­дың жарқын бола­ша­ғына зор қа­дам жасаймыз, – деді Қазақстан Президенті.

Режеп Тайип Ердоған бауырлас қазақ елінің көрсеткен құрметіне алғыс айтты.

– Ең әуелі, бауырымыздың атажұртқа арнайы шақырғанына ризашылығымды білдіргім келеді. Бізге айрықша қонақжайлық танытып отырсыздар. Қазақ елінің шекарасынан өткеннен қаптал­даса ұшқан ұшақтармен қарсы алып, менің делегацияма үлкен құрмет көрсеттіңіздер. Бұл бізді ерекше қуантты. Әрине, мұны ұмыт­паймыз. Бүгінгі сапар бауыр­лас халықтардың ынтымағын арттыруға зор септігін тигізеді деп сенемін, – деді Түркия Президенті.

Экономикалық әлеует – ортақ мүдде

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайип Ердоған Қазақстан – Түркия Жоғары деңгейдегі стра­тегиялық ынтымақтастық кеңе­сінің алтыншы отырысын өткізді.

Мемлекет басшысы Түркия Қазақстан үшін бауырлас ел, маңыз­ды әрі сенімді серіктес саналатынын атап өтіп, тамыры терең байланыстар қос халықтың мызғымас достығын одан әрі нығайтуға ықпал етіп отырғанын айтты.

– Қазіргі таңда қазақ-түрік екіжақты қарым-қатынасы кеңей­тілген стратегиялық серіктестік рухында қарқынды дамып жатыр. Елдеріміздің арасында ешқандай түйткіл жоқ. Мемлекетаралық және үкіметаралық байланыс­тарымыз нығайып келеді. Пар­ламентаралық ықпалдастығымыз да жоғары деңгейде. Түрік деле­гациясының құрамында бір топ депутаттың және партия мүше­лерінің болуы – соның айқын дәлелі. Сонымен қатар екі елдің экономикалық ынтымақтастығы күшейе түсті. Түркия ірі инвес­торларымыздың қатарына кіреді. Осы уақытқа дейін Сіздің еліңіз­ден экономикамызға 6 миллиард доллар инвестиция тартылды. Қазақстанның Түркияға салған инвестициясы да өсіп, 2,5 мил­лиард долларға жуықтады. Сон­дай-ақ Түрік елі – негізгі бес сауда серіктесіміздің бірі. Қос халықтың мәдени-гуманитарлық байла­ныстары қарым-қатынасымыздың алтын арқауы саналады. Біз осы игі үрдісті сақтап, өзара ықпал­дастығымыздың аясын кеңейте беруге мүдделіміз. Бүгін «Мәңгілік достық және кеңейтілген стра­тегия­лық серіктестік туралы» дек­ларацияны қабылдаймыз. Осы маңызды құжат қазақ-түрік қа­тынастарын дамытуға тың серпін беретіні анық. Бұл мәселе бо­йынша екі елдің де ниет-тілегі – бір, сондықтан әлеуетіміз де, мүм­кіндігіміз де мол деп айтуға толық негіз бар, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша тауар айналымы 8,8 пайызға өсіп, 5,4 миллиард дол­лар­дан асқан. Қасым-Жомарт Тоқаев сауда-саттықты әрі қарай жандандыруға қолайлы жағдай жасап, алыс-берісті әртараптан­дырудың маңызына тоқталды.

Президенттің айтуынша, Қа­зақ­стан Түркияға қазірдің өзінде 34 тауар түрі бойынша экспорт көлемін ұлғайта алады. Оның жал­пы құны 630 миллион доллардан асады. Бұл ретте Мемлекет бас­шысы екі елдің қаржы орталық­тары мен цифрлық сауда платфор­ма­лары арасындағы серіктестіктің, сондай-ақ бүгін Астанада өтіп жат­қан Қазақ-түрік бизнес фо­румының нәтижесі сауда-эко­номикалық байланыстарды одан әрі тереңдете түсетініне сенім білдірді.

Кеңесте ауыл шаруашылығы саласындағы ықпалдастыққа ай­рықша мән берілді. Былтыр екі елдің агроөнеркәсіп кешеніндегі тауар айналымы 25 пайыздан асып, 360 миллион долларға жу­ық­таған. Бірқатар инвестициялық жоба іске асып жатыр. Қасым-Жомарт Тоқаев Tiryaki Agro қолға алған глютен мен крахмал өнді­рісін, Alarko Holding салып жатқан жылыжай кешенін мысалға кел­тірді.

Түркия тарапына Ауыл шаруа­шылығы өнімдерінің өзара сау­дасын жандандыру жөнінде 2026-2028 жылдарға арналған жол картасын қабылдау ұсынылды.

Жиында қазіргі геосаяси жағдайда көлік-логистика саласы­ның стратегиялық маңызы арта түскеніне назар аударылды. Мем­лекет басшысы бұл ретте Транс­каспий халықаралық көлік дә­­­­­лі­­­­зіне өзге елдердің қы­­зы­ғу­­­шы­лығы артып келе жатқанына тоқталып, түрік ком­панияларын Құрық, Ақтау порт­тары арқылы жүк тасымалын ұл­ғайтуды көзде­й­тін жобаларға белсенді ат­салы­суға шақырды.

Қазақстан авиация саласын­дағы ынтымақтастыққа да ай­рықша мән беріп отыр. Сондықтан Алматы халықаралық әуежайын Орталық Азиядағы логистикалық хаб ретінде дамытуды көздеп отырған TAV Airports Holding ком­паниясының бастамаларына жан-жақты қолдау көрсетіледі.

Денсаулық сақтау саласындағы серіктестік те қарқынды дамып келеді. Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияның ірі фармацевтика алпауыттары – Abdi İbrahim және Nobel компаниялары Қазақстанда өндіріс желілерін іске қосқанын атап өтті. Көп ұзамай Orzax Group компаниясы Түркістан облысында биологиялық белсенді қоспалар өндіретін зауыттың құрылысын бастайды. YDA Group Түркістан және Петропавл қалаларында көп­бейінді ауруханалар салып жа­тыр.

Екіжақты келіссөздер мен Қазақстан – Түркия Жоғары дең­гей­дегі стратегиялық ынтымақ­тастық кеңесінің алтыншы оты­рысының қорытындысы бойынша Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Президент Режеп Тайип Ердоған Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасы ара­сын­дағы мәңгілік достық және кеңейтілген стратегиялық серік­тестік туралы декларацияға қол қойды.

Қадірлі мейманға құрмет

Мемлекет басшысы Түркия Пре­зидентін Qoja Ahmet Yasaui орденімен марапаттады. Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайип Ердоғанды өз халқын алға бастап келе жатқан әлемдік деңгейдегі салиқалы басшы және саясаткер ретінде ерекше құрметтейтінін атап өтті.

– Өзіңіздің көреген бас­тамаңызбен қолға алынған тиімді реформалардың нәтижесінде Түркия тұрақты өсіп-өркендеу жолына түсті, зор табысқа жетті, ықпалды және қуатты держава атанды. Біз түрік ағайынға әр­дайым тілекшіміз, бауырлас елдің әр жетістігіне қуанамыз. Пре­зидент Ердоған – жаһандық саясатта әділдік пен жауапкершілік қағидатын табанды түрде қорғап жүрген аса көрнекті қайраткер. Сіздің «Әлем бестен үлкен» атты тұжырымдамаңыз баршаға белгілі. Бұл халықаралық қатынастар жүйесіндегі теңсіздікке қарсы айтылған батыл үндеу екені сөзсіз. Сонымен қатар Режеп мырза түркі және ислам өркениетінің ынты­мақ­тастығын нығайту ісінде ай­рық­ша рөл атқарып келеді. Өзіңізді түркі әлемі мойындаған беделді көшбасшы десек, артық болмайды, – деді Қазақстан Президенті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақ­стан мен Түркияның арасында сан ғасырлық тарихи сабақтастық бар екеніне тоқталды.

– Біздің тегіміз бен дініміз – бір, діліміз – ұқсас. Қазақ пен тү­рік жұртының тереңнен тамыр тартатын бауырластығы бүгінде стратегиялық серіктестікке ұлас­ты. Сіз достық қарым-қатынасы­мызды нығайтуға, ортақ құнды­лық­тарымызды дәріптеуге өл­шеу­сіз үлес қосып келесіз. Сол үшін өз атымнан және барша Қазақ елі атынан Сізге зор алғыс айтамын. Ұлы дала – түбі бір түркі халықтарының атажұрты, ал Түркістан – оның қастерлі қазы­насы, рухани астанасы. Киелі шаһар тұтастығымыздың нышаны, төл өркениетіміздің алтын бесігі саналады. Сондықтан біз ертең өз жұмысын бастайтын Түркі мемле­кеттері ұйымының бейресми сам­митін Түркістан төрінде өткізу­ді жөн көрдік. Алқалы жиын ағайын елдердің арасын жақын­датып, ықпалдастығын күшейте түседі деп сенемін, – деді Мем­лекет бас­шысы.

Мемлекет басшысы Түркия Президентін Қожа Ахмет Ясауи атындағы мәртебелі орденмен марапаттау туралы шешім қабыл­дағанын, Режеп Тайип Ердоған  бұл орденнің тұңғыш иегері екенін атап өтті.

– Мұның символдық мәні өте зор. Бұл марапат – ұлы бабамыз салған рухани бауырластық пен тарихи әділдік жолының жарқын үлгісі. Қадірлі Президент мырза, Сіздің Қазақ еліндегі беделіңіз өте жоғары. Халқымыз Сізді сый­лайды, жақсы көреді, қолдайды. Қадірлі досым, осы жоғары мара­патты Сіздің түркі әлеміндегі көшбасшылық рөліңізге берілген лайықты баға деп қабылдаңыз. Сондай-ақ еліміздің Сізге және түрік жұртына деген шынайы құрметі, зор ризашылығы деп біліңіз. Өзіңізге зор денсаулық, ал барша түрік халқына амандық пен бақ-береке тілеймін! Қазақ-түрік достығы мәңгі болсын! – деді Президент.

Режеп Тайип Ердоған Түркіс­тан­ның пірі Қожа Ахмет Ясауи атындағы ерекше орденнің алғаш рет өзіне берілгеніне қуанышты екенін жеткізді.

Бұдан кейін мемлекеттер бас­шылары бейнебайланыс режимі арқылы Түркияда бой көтерген Қожа Ахмет Ясауи атындағы мек­тептің ашылу салтанатына қа­тысты.

Мәңгілік достық даңғылы

Өз кезегінде Мемлекет бас­шысы Түркия Президентімен кез­десудің қорытындысы бойын­ша баспасөз конференциясын өткізді.

Қасым-Жомарт Тоқаев, ең алдымен, Мәртебелі Режеп Тайип Ердоғанға шақыруын қабыл алып, елімізге мемлекеттік сапармен келгені үшін шынайы ризашы­лығын білдірді.

– Атажұртқа тағы да қош кел­діңіздер деймін! Сіздің Қазақ­станға ат басын бұрып, мемле­кеттік сапармен келуіңіз – біз үшін зор мәртебе. Қазақ пен түрік – тамыры бір туысқан халықтар. Сондықтан бұл сапардың мәні де, мазмұны да айрықша. Түркия – Қазақстанның маңызды стра­тегия­лық серіктесі. Екі елді ғасыр­лар бойы қалыптасқан ба­­уыр­­­­лас­­тық байланыстар, ортақ мәдениет пен рухани құндылықтар біріктіреді. Біз – бір-бірімізге шы­найы тілеулес елдерміз. Мақса­тымыз – бір, бағыт-бағдарымыз – айқын. Ең басты міндет – ха­лық­тарымыздың ынтымағын күшейтіп, табысын арттыру. Бү­гінде Түркия – әлемде саяси ық­палы зор, экономикасы қуатты, халықаралық абырой-беделі жоғары мемлекет. Бұл Президент Режеп Тайип Ердоғанның арқасы екеніне бүкіл әлем куә, бұған еш­кімнің күмәні жоқ. Тағы да атап өту қажет: Түркияның биік белес­терге шығып, зор табысқа жетуі оның жоғары басшысының көре­ген көшбасшылығы мен қажырлы еңбегінің нәтижесі. Сондай-ақ мұның түп-тамырында түрік хал­қының даналығы, еңбекқорлығы, батылдығы мен бірлігі жатыр деп санаймын, – деді Қазақстан Президенті.

Осы тұста Мемлекет басшысы Түркия еліміздің ірі инвесторлары­ның қатарына кіретінін атап өтті.

– Бүгінге дейін түрік кәсіпкер­лері экономикамызға 6 миллиард доллар көлемінде қаражат салды. Қазақстанның да бауырлас мем­лекетке салған инвестициясы өсіп, шамамен 2,5 миллиард дол­ларға жетті. Қазір елімізде 4 мыңға жуық түрік компаниясы жұмыс істейді. Бұл – біздің ұзақ мерзімге арналған серіктестігіміздің кепілі. Сондай-ақ Түркия – еліміздің ең ірі бес сауда серіктесінің бірі. Екі ел арасындағы алыс-беріс 8,8 пайызға өсіп, 5 миллиард доллар­дан асты. Әрине, экономика­мыздың әлеуетін ескеретін болсақ, бұл көрсеткішті арттыруға толық мүмкіндік бар. Бүгін біз қатысқалы отырған Қазақстан-Түркия бизнес форумы екі елдің сауда-эко­номикалық ықпалдастығына тың серпін береді деп сенеміз. Біз ашық әрі сенімді серіктес ретінде түрік инвесторларын қолдауға әрқашан дайынбыз. Сондықтан түрік компанияларын ұзақ мерзім­ге арналған ірі стратегиялық жобаларға атсалысуға шақырамыз, – деді Мемлекет басшысы.

Президенттің айтуынша, ақ­параттық технологияларды дамы­ту, экономиканың түрлі саласында озық цифрлық тәсілдерді қолдану – заман талабы.

– Жуырда мен Жасанды интеллектіні орта білім беру жүйесіне енгізу туралы Жарлыққа қол қойдым. Мұны еліміздің бола­шағы үшін жасалған өте маңызды қадам деуге болады. Нақтырақ айтқанда, біз білім беру жүйесін әрбір оқушының қарым-қабі­летіне сай бейімдеу, олардың дербес деректерін қорғау, цифрлық инфрақұрылымды дамыту және озық технологияны меңгерген педагогтерді даярлау мәселесіне баса мән беріп отырмыз. Қазақ­стан жасанды интеллект пен ци­фрландыру саласын дамытуды стратегиялық басымдық ретінде қарастырады. Бұл бағытта екі ел кәсіпкерлері бірқатар табысты жобаларды жүзеге асырды, – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев Жо­ғары Мәртебелі Режеп Тайип Ердоған мырзамен әлемдегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмас­қанын айтты. Бұған қоса, Қазақ­стан мен Түркияның стратегиялық серіктестігін нығайту – халық­тарымыздың ортақ мақсат-мұраты екенін атап өтті.

– Біз тарихи тамыры терең бауырластығымызды келешек ұрпаққа аманат етіп, қазіргі сан-салалы қарым-қатынасымызды нығайта береміз. Бұл қос халықтың алдында тұрған қасиетті парыз деп санаймын. Құрметті Президент мырза! Ардақты бауырым, досым! Өзіңізге және делегация мүше­леріне мазмұнды келіссөздер үшін шын жүректен алғыс айтамын. Ынтымағымыз арта берсін! Қазақ­стан мен Түркияның достығы мәңгі болсын! – деді Қазақстан Президенті.

Бұдан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайип Ердоған Қазақстан-Түркия бизнес фо­румына қатысып, Alem.ai халық­аралық жасанды интеллект ор­талығына барды.

М.ТӨЛЕУ

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:43
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 16 Мамыр 2026 05:30
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыр атлетикадан Қазақстан чемпионатының ашылу салтанаты өтті

15 Мамыр 2026 00:41see116

Қасым Жомарт Тоқаев: Қожа Ахмет Ясауи күллі түркінің рухани темірқазығы

14 Мамыр 2026 15:29see115

Тоқаев Түркиямен тарихи құжатқа қол қою туралы айтты

14 Мамыр 2026 17:47see113

Қырғызстанда кондиционерді аз қолдану үшін қызметкерлердің киім үлгісі өзгертілді

14 Мамыр 2026 13:48see113

Bloomberg: Қазақстан КҚК жүйесі арқылы мұнай жеткізуді азайтады

14 Мамыр 2026 11:18see113

Украинадағы бейбітшілік бойынша АҚШ қана араағайындық жасай алады Рубио

14 Мамыр 2026 13:09see112

Бишімбаевтың туысына қатысты үкім өзгеріссіз қалды

14 Мамыр 2026 12:48see112

Балға алмақ болған: Степногорда ер адам 10 метр биіктіктен құлады

15 Мамыр 2026 14:09see112

30 минуттық қуат : BYD көліктерінің иелері неге дабыл қақты?

14 Мамыр 2026 11:18see112

Ішімдіксіз ауылдар ілгері басты

14 Мамыр 2026 06:39see111

Қазақстан ЖИ таралуы бойынша Орталық Азияда көшбасшы атанды рейтинг

15 Мамыр 2026 12:14see111

Еңбекке жарамсыздық кезінде жұмыстан шығару заңсыз: Депутат Еңбек кодексіндегі жаңашылдықтарды түсіндірді

14 Мамыр 2026 15:10see110

Ұлытауда жаңа спорттық воркаут алаңы ашылды

15 Мамыр 2026 11:45see110

Си Цзиньпин Трамппен кездесуінде Фукидид тұзағы туралы мәлімдеді

14 Мамыр 2026 09:51see110

Тоқаев пен Ердоған жаңа мектепті ашты

14 Мамыр 2026 13:57see109

Қазақстан әлемдегі ең ірі 50 экономиканың қатарына енді ХВҚ

14 Мамыр 2026 16:54see109

Түркия Қазақстанның ең ірі 5 сауда серіктесінің қатарына енді

14 Мамыр 2026 14:42see109

Тоқаев Түркістанды түбі бір түркі жұртының қара шаңырағы деп атады

15 Мамыр 2026 17:28see108

Ұлыбритания Украинаға берілген техниканың орнына жаңа гаубицалар сатып алады

14 Мамыр 2026 22:28see107

Зілтемірші Петр Хребтов биылғы Азия чемпионатында бесінші орын алды

15 Мамыр 2026 15:10see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары