Egemen.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
АҚШ Президенті Дональд Трамптың бастамасымен құрылған Бейбітшілік кеңесінің Жарғысына жиырмаға жуық ел қол қойды. Швейцарияның Давос қаласында өткен қол рәсіміне Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та қатысты.
Суретті түсіргендер – А.Дүйсенбаев, Е.ҮКІБАЕВ
Дональд Трамп Бейбітшілік кеңесін Газа секторын қалпына келтіруді үйлестірумен айналысатын ұйым ретінде құрды. Бұған дейін АҚШ-тың Таяу Шығыс жөніндегі арнайы өкілі Стив Уиткофф өңірде атысты тоқтату режімінің екінші кезеңі басталғанын мәлімдеген еді. Осыған орай АҚШ президенті Швейцарияның Давос қаласына алпысқа жуық елдің басшыларын шақырып, Дүниежүзілік экономикалық форум аясында Бейбітшілік кеңесінің алғашқы отырысын өткізді. Онда Бейбітшілік кеңесінің Жарғысына АҚШ-ты қоса алғанда, 19 елдің көшбасшылары, соның ішінде Қазақстан, Әзербайжан, Армения, Өзбекстан, Пәкістан, Индонезия мен Мажарстан басшылары бар. Reuters агенттігінің хабарлауынша, 35 ел Трамптың бастамасына қосылуға келіскен.
«Бейбітшілік кеңесі енді ресми түрде құрылған халықаралық ұйым», деп мәлімдеді Ақ үйдің баспасөз хатшысы Кэролайн Левитт. Ал Д.Трамп Бейбітшілік кеңесі БҰҰ-мен ынтымақтасатынын айтты. Алайда АҚШ көшбасшысы Бейбітшілік кеңесі жаһандық мәселелерді шешуде БҰҰ-ны алмастыруға тырыспайтынын атап
өтті.
Инфографиканы жасаған – Амангелді Қияс, «EQ»
Deutsche Welle ақпарат агенттігінің хабарлауынша, 1 млрд доллар жарна төлеген елдер Бейбітшілік кеңесіне тұрақты мүше бола алады. Еліміз де Давостағы Дүниежүзілік экономикалық форумында Бейбітшілік кеңесінің құрамына енді. Алайда жарна төлеген жоқ. Ақорданың баспасөз қызметі хабарлағандай 1 млрд доллар көлеміндегі жарна мүшеліктің шарты емес, бұл әрбір қатысушының құқығы.
«Бейбітшілік кеңеске кіру үшін тек мемлекеттің тәуелсіз шешімі қажет. Кірген сәттен бастап мемлекеттің Кеңесте болу мерзімі үш жылды құрайды. Жарғыда айтылған 1 млрд доллар көлеміндегі ерікті жарна мүшеліктің шарты емес. Бұл әрбір қатысушының құқығы. Қазақстан Бейбітшілік кеңесіне қандай да бір қаржылық жарна енгізбестен кірді, бұл жарғының ережелеріне толық сәйкес келеді», деді Ақорданың баспасөз қызметі. Мәліметке сүйенсек, егер 1 млрд доллар жарна бірінші жыл ішінде төленсе, мемлекет өзінің Кеңестегі қызметін белгіленген үш жылдық мерзімнен тыс ұзартуға мүмкіндік алады.
Бейбітшілік Жарғысының ережесіне сәйкес, АҚШ президенті Бейбітшілік кеңесінің алғашқы төрағасы болып сайланды. Ол Кеңеске қатысатын елдерге шақырту жіберу туралы шешімді жеке өзі қабылдауға құқылы.
Қазір Газа секторына көмек ауадай қажет екені айтпаса да түсінікті. Ондағы әскери әрекеттердің салдарынан маңызды инфрақұрылымдар қираған. БҰҰ-ның мәліметіне сүйенсек, 60 000-нан астам ғимарат үйіндіге айналған. Су жүйелерінің жетпіс пайызы жарамсыз болып қалған. Осы орайда Бейбітшілік кеңесі тұрғындарға жедел гуманитарлық көмек көрсетуге басымдық беріп отыр. БҰҰ есептеуінше, аймақты толық қалпына келтіруге кем дегенде 70 млрд доллар қаражат қажет. Израиль бұған дейін қирандыларды тазартуға қаржы төлеуге дайын екенін мәлімдеген еді. Алайда әзірге еш әрекет жасамады. Ақпарат көздеріне сүйенсек, Кеңес жарнасы қалпына келтіру жұмысына жұмсалады.
Соңғы жаңалықтар
Шекара маңындағы ауылдар қайта өркендеу кезеңіне аяқ басты
Ауыл • Бүгін, 09:40
Цифрлық трансформацияның жаңа кезеңі
Пікір • Бүгін, 09:38
Суперкомпьютердің мүмкіндігі мол
Технология • Бүгін, 09:35
Ғалам ғажаптары • Бүгін, 09:30
Басқа басылымдардан: Қазақстан мен Өзбекстан Бейбітшілік кеңесінің Жарғысына қол қойды
Басылым • Бүгін, 09:28
Жоғары білімге ЖИ-ді енгізу нені өзгертеді?
Білім • Бүгін, 09:25
Соғыста да адамзаттық қағидаттар сақталуы шарт
Әлем • Бүгін, 09:23
Кітап қорын толықтыруда нені ескеру керек?
Мәдениет • Бүгін, 09:20
Білім • Бүгін, 09:15
Мәдени құндылықты сақтау жайы байыпталды
Саясат • Бүгін, 09:12
Мемлекеттілік тарихының бедерлі белестері
Пікір • Бүгін, 09:10
Бизнес және жайлы іскерлік орта
Саясат • Бүгін, 09:07
Пікір • Бүгін, 09:05
Қазына қаржысы мақсатсыз жұмсалмауға тиіс
Қаржы • Бүгін, 09:02
Қоғам • Бүгін, 08:57