Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Өткен аптада Nazarbayev University-де «Жоғары білім сапасын қамтамасыз ету: қазіргі жағдайы мен даму келешегі» атты форум өтті.
Оны аталған жоғары оқу орны мен Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті бірлесіп өткізді.
Екі күнге созылған жиынға еліміздегі жоғары оқу орындарының ректорлары мен проректорлары, мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.
Форумның алғашқы күні «QAA», «ASIIN» және «IAAR» халықаралық аккредиттеу агенттік сарапшыларының қатысуымен шеберлік сағаттары ұйымдастырылды.
Онда қатысушылар университеттерді халықаралық аккредиттеуге дайындау, cапа мәдениетін қалыптастыру және білім қызметінің экспортын дамыту мәселелерін талқылады.
Ал екінші күні – докторанттардың зерттеу қызметі нәтижесінің сапасын бағалаудың жаңа тәсілі мен жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында сапаны қамтамасыз етудің ішкі жүйелерін дамыту сөз болды.
Сонымен қатар қатысушылар тақырыптық сессияларға бөлініп, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім саласын реттеу және рұқсат беру саясатын сараптады.