Бірлік пен белсенділікті ұштастырған жоба

15.10.2026

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Ал осы құндылықтарды күнделікті өмірде нығайтудың бір жолы – ата-ана мен баланың бірге уақыт өткізіп, ортақ іске жұмылуы. Шымкент қаласында жүзеге асқан «Бақыт мекені» жобасы жас отбасыларға осы мүмкіндікті ұсынып, спорт пен отбасылық демалысты өзара сабақтастырды.

Шымкент қаласында жас отбасыларды қолдау және отбасылық құндылықтарды дә­ріптеу бағытындағы жұмыстар аясында «Бақыт мекені» жобасы жүзеге асырылды. Қаладағы А.Асқаров атындағы мемлекеттік дендрологиялық саябақта ұйым­дас­ты­рыл­ған спорттық квестке алты отбасы қаты­сып, түрлі ептілік пен шапшаңдықты, ко­­­­мандалық үйлесімділікті талап ететін тап­сырмаларды орындады. Шымкент қа­ласының Жастар саясаты басқармасы ұйым­дастырған жобаға қатысуға бастапқы ке­зеңде 30-ға жуық отбасы өтініш біл­діріп­ті. Іріктеу нәтижесінде үздік көрсеткішке қол жеткізген алты отбасы финалдық ке­зең­ге жолдама алды. Әр команда төрт адам­нан – әке, ана және екі баладан құрал­ды. Қатысушы ата-аналарға қойылған та­лап бойынша олардың жасы 35-тен ас­пау­ға тиіс.

Екі негізгі кезең бойынша өткен шара­ға алғашқы кезеңде қатысушылар онлайн форматтағы отбасылық марафонға қаты­сып, өз отбасыларын таныстырып, жақ­сы­лық жасауға бағытталған тапсырмаларды орындады. Одан соң шығармашылық жұ­­­­мыстар әзірлеп, бейнероликтер ұсынды. Қазылар алқасы отбасылардың белсен­ділігін, шығармашылығын, ұйымшыл­ды­ғын және командалық жұмысына ерекше мән берді. Ал финалдық сайыс отбасылар­дың шынайы командалық әлеуетін көрсе­ту­ге бағытталды. Әке, ана және екі баладан құралған командалар дендросаябақ аума­ғындағы алты арнайы бекетте түрлі сы­нақтан өтіп, әр тапсырма қатысушылардан шапшаңдықты, ептілікті, өзара түсіністікті талап етті. Командалар әр кезеңде кілттің жеке бөлшектерін жинап, соңғы тапсыр­мада оларды біріктіріп, тұтас кілт құрас­ты­рылды. Бағалау барысында тапсырмаларды орындау жылдамдығымен қатар, отбасы мү­шелерінің өзара әрекеті мен бірлесіп ше­шім қабылдау қабілетіне де мән берілді.

Шымкент қаласы Жастар саясаты бас­қар­масының басшысы Әкімжан Анар­бай­ұлы марапаттау рәсімінде жобаның негізгі мақсаты отбасылық байланысты нығайту және ата-ана мен баланың бірге белсенді демалуына мүмкіндік жасау екенін атап өтті. 

– Бүгінгі сайыста спорттық дайын­дық­пен қатар, отбасылық бірлік пен өзара қол­дау да сыналды. Әке мен ананың бала­лары­на демеу болып, балалардың ата-ана­сына қолдау көрсеткенін көрдік. Бұл кез келген жарыстағы нәтижеден де маңызды. «Бақыт мекені» жобасы отбасылардың бір­ге уақыт өткізуіне, бір-біріне жақындай тү­суіне мүмкіндік береді. Осындай шаралар ар­қылы белсенді, тату әрі берекелі от­ба­сы­лардың қатарын көбейтуді көздейміз, – деді ол.

Жарыс қорытындысы бойынша Жай­лы­мысовтар отбасы бірінші орынға ие бол­ды. Мансуровтар және Қарабековтер от­басылары екінші орынды бөліссе, Тас­муратовтар, Қадыровтар және Омаровтар от­басылары үшінші орынмен мара­паттал­ды. Бұдан бөлек, белсенділігімен және ерек­­ше қырларымен көзге түскен қатысу­шы­­ларға арнайы номинациялар табыстал­ды.

Іс-шара аясында қатысушыларға кон­церт­тік бағдарлама ұсынылып, балалар мен ата-аналардың бірге демалуына жағ­дай жасалды. Ұйымдастырушылардың ай­­туынша, «Бақыт мекені» жобасы отба­сы­­лық құндылықтарды насихаттаумен қа­­тар, жас отбасыларды қоғамдық және спорт­­тық іс-шараларға тартуға, олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға бағыт­талған. 

Жоба аясындағы спорттық квест отба­сы­лардың бірлескен белсенділігін арттыру­ға бағытталған іс-шараның бірі болды. Қо­­ғамның тұрақтылығы мен келешегі от­­басының әл-ауқатымен тығыз байланыс­ты. Сондықтан жас отбасыларды қолдауға, ба­ла тәрбиесіне және отбасылық қарым-қа­тынасты нығайтуға бағытталған бастама­лар­дың маңызы зор. «Бақыт мекені» жо­ба­сы осы бағыттағы жұмыстың бір үлгісі ре­­тінде отбасымен бірге белсенді демалыс өт­­кізудің жаңа мүмкіндіктерін көрсетіп отыр.

Назгүл НАЗАРБЕК,

Шымкент қаласы

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью