Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
2025 жылы Павлодар облысына 240 мыңнан астам турист келсе, олардың 160 мыңнан астамы Баянауыл курорттық аймағын таңдаған.
Фото: Валерий Бугаев— Биыл өңірге келетін туристер санын 282 мыңға дейін жеткізу жоспарда тұр. Әсіресе шетелдіктердің саны көбеюі керек деп ойлаймыз. Облыс бойынша бүгінде демалыс орындары 7%-ға өсіп, 10 мыңнан астам төсек-орынға жетті. Ал көрсетілген қызмет көлемі 28%-ға артты. 2025 жылы салаға тартылған инвестиция көлемі 21,4 млрд теңгені құрап, жоспардан айтарлықтай асып түсті. 2026 жылы да өсім жалғасады деп күтіліп, — деп хабарлады облыс әкімдігінен.
Өңірде жаз уақытында 45 жағажай жұмыс істейді. Олардың ішінде 18-і ғана жабдықталып, кәсіпкерлерге бекітілген.
Баянауылда Сабындыкөл жағажайын абаттандыру мен бақылау алаңын салу жобалары жүзеге асырылған. Ауданда визит-орталықтың құрылысы жалғасуда. Жасыбай көлінің жағажайын ауқымды түрде абаттандыру жоспарда бар.
Фото: Валерий БугаевСонымен қатар Павлодарда Novotel брендімен қонақүй, аквапарк, эко-қалашық және мәдени-демалыс орталығын салу сияқты ірі инвестициялық жобалар іске асырылып жатыр.
Фото: Валерий БугаевБұған дейін ішкі туризмді қалай қолжетімді әрі сапалы етуге болатыны туралы жазғанбыз.