Биыл Ертіс Баян өңіріне келетін туристер саны күрт көбейеді
Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
2025 жылы Павлодар облысына 240 мыңнан астам турист келсе, олардың 160 мыңнан астамы Баянауыл курорттық аймағын таңдаған.
— Биыл өңірге келетін туристер санын 282 мыңға дейін жеткізу жоспарда тұр. Әсіресе шетелдіктердің саны көбеюі керек деп ойлаймыз. Облыс бойынша бүгінде демалыс орындары 7%-ға өсіп, 10 мыңнан астам төсек-орынға жетті. Ал көрсетілген қызмет көлемі 28%-ға артты. 2025 жылы салаға тартылған инвестиция көлемі 21,4 млрд теңгені құрап, жоспардан айтарлықтай асып түсті. 2026 жылы да өсім жалғасады деп күтіліп, — деп хабарлады облыс әкімдігінен.
Фото: Валерий Бугаев
Өңірде жаз уақытында 45 жағажай жұмыс істейді. Олардың ішінде 18-і ғана жабдықталып, кәсіпкерлерге бекітілген.
Баянауылда Сабындыкөл жағажайын абаттандыру мен бақылау алаңын салу жобалары жүзеге асырылған. Ауданда визит-орталықтың құрылысы жалғасуда. Жасыбай көлінің жағажайын ауқымды түрде абаттандыру жоспарда бар.
Фото: Валерий Бугаев
Сонымен қатар Павлодарда Novotel брендімен қонақүй, аквапарк, эко-қалашық және мәдени-демалыс орталығын салу сияқты ірі инвестициялық жобалар іске асырылып жатыр.
Фото: Валерий Бугаев
Бұған дейін ішкі туризмді қалай қолжетімді әрі сапалы етуге болатыны туралы жазғанбыз.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:63
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 19 Сәуір 2026 20:53 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















