Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Жалақы, әуежайлар мен жолдар: үкімет 6,5 триллион теңгенің жоспарын бекітті

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Екінші АЭС бойынша келісім жасалады үкімет жоспарды мақұлдады

Дәурен Мұратбеков лауазымынан босатылды

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Alatau City ге 1,3 млрд доллар инвестиция тартылады

Шетелге шығатын қазақстандықтарды есепке алғысы келеді: жаңа жоспардың егжей тегжейі

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ертіс Баян өңіріндегі ілкімді істер

Ертіс Баян өңіріндегі ілкімді істер

Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Биыл Павлодар облысына 1 триллионнан астам инвестиция тартылған. Көрсеткіш былтырмен салыстырғанда 1,5 есеге көп. Осы нәтижемен өңір елімізде екінші орынға жайғасқан. Қазірде жалпы құны 7,3 трлн теңгені құрайтын 102 инвестициялық жоба іске асып жатыр. Соның арқасында ұзын-саны 15 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады.

Облысқа тартылған қаражат­тың 80%-дан астамы – жеке сектордың инвестиция­лары. Бүгінде өнеркәсіп саласында 31 инвестициялық жоба іске асып жатыр. Осыған қоса, агроөнеркәсіп кешені бағы­тында – 48, туризм – 7, энергетика – 5, меди­цина – 2, көлік және логис­тика – 1, экология – 2, сауда және қызметтер бағытында 6 жоба бар. Павлодар облысының басқа да салалардағы жетістігі туралы облыс әкімі Асайын Байханов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында жан-жақты баяндады.

«Облыс ауыл шаруашылығына тартылған инвестициялар жөнінен де елде көш бастап тұр. Биылғы меже 187 млрд теңгені құрайды. Егіс науқаны оңай болған жоқ, дегенмен нәтижелі өтті. Рекордтық өнім алдық. Шаруалар шамамен 1,1 млн тонна астық жинады. Президенттің су саясатын іске асыру тапсырмасына сәйкес алқаптарда 97% заманауи су үнемдеу технологиялары қолданылып жатыр. Біз тәуекелсіз егіс аумағын 1,5 есе ұлғайтып, 82 мың гектарға жеткіздік. Нәтижесінде, жердің  5%-ын ғана пайдалана отырып, өсімдік шаруашылығы өнімінің жартысынан көбін өндіруге қол жеткіздік. Ауыл шаруашылығының осындай қарқында дамуы азық-түлік бағаларының тұрақталуына да оң әсер етті. Қазірдің өзінде өңірде 16 азық-түлік тауарының бағасы еліміздің орташа деңгейінен төмен. Ал 11 тауар жөнінен үздік 5 өңірдің қатарына кіреміз», деп мәлімдеді А.Байханов.

Бүгінде қарақұмық өндірісінің 65%-ын Павлодар облысы қамта­масыз етеді. Әр үшінші сәбіз бен картоп та еліміздің әр аймағына осы өңірден жетеді. Күнбағыс өнімі жөнінде де облыстың шаруалары көш ілгері. Облыс әкімінің айтуынша, кейінгі 10 жылдың бедерінде өңір экономикасы біртіндеп әртараптана бастаған. Павлодар бұрын өнеркәсіптік-шикізат өңдей­тін аймақ болса, қазір өңдеу өнер­кә­сі­бін дамытуға ерекше назар аударып отыр. Сондай-ақ облыс әкімдігі өндірістің салдарынан экологиялық ахуалды ушықтырып алмау жағын да барынша ойластырып жатыр.

«Біз өнеркәсіптің қарқынды дамуы экологияға белгілі бір деңгейде әсер ететінін жақсы түсінеміз. Сондықтан өңірдің индустриялық өсуін сақтай отырып, ластау­шы заттарды азайтуға басымдық беріп отырмыз. Жаңа салынып жатқан немесе құрылысын бастамақ зауыттарда ең заманауи, экологияға зияны аз технология­ларды қолдануды талап етеміз. Мысалы, Екібастұзда ашылған екі жаңа ферроқорытпа зауытында 99,8% зиянды заттарды ұстай алатын заманауи гибридті сүзгілер орнатылды. ERG тобының төрт ірі кәсіпорнында 178 млрд теңге көлемінде кешенді экологиялық шаралар жүргізілді. Бұл зиянды қалдықтарды 50 мың тоннаға, 57%-ға дейін азайтуға мүмкіндік береді. Келесі кезеңде, 2026–2031 жылдары осындай шараларды Павлодар мұнай-химия зауыты, облыстық жылу-энергетикалық орталықтары, Екібастұздағы МАЭС-1 мен МАЭС-2 зауыттарында жүзеге асыру жоспарланған», деді А.Байханов.

Жыл басынан бері облыста 26,2 млрд теңгеге 37 шақырымнан астам жылу желілерін салу, қайта құру, жөндеу жұмыс­тары іске асты. Бұл жұмыстар апатты жағдайлардың алдын алып, тозу деңгейін барынша төмендетуге, 200 мыңға жуық тұрғынды сапалы жылумен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Облыс халқы жыл соңына дейін сапалы ауызсумен толық қамтылады. Сондай-ақ өңірде 600 шақырымнан астам республикалық маңызы бар, жергілікті елді мекендердегі жолдар жөнделді. Оның басым бөлігі, яғни 445 шақырымы – жергілікті жолдар. Облыс орталығында Ертіс өзені арқылы жаңа көпірдің құрылысы қызу жүріп жатыр. Қазір жұмыс 52%-ға орындалып тұр, жоба 2027 жылы аяқталады.

«Қалалардың жайлылығының басты кепілі – қоғамдық көліктің дамыған жүйесі. Осы бағытта айтарлықтай жетістіктерге қол жеткіздік. Кейінгі екі жылда 268 жаңа автобус сатып алынып, облыстың үш қаласындағы қоғамдық көлік 90% заманауи, кең әрі ыңғайлы автобустармен қамтылды. Сонымен қатар авиациялық қатынасты дамыту мақсатында былтыр Павлодар әуежайының ұшып-қону жолағын қайта құру басталды. Өңірдегі темір­жол вокзалдарын жаңарту жұ­мыс­тары аяқталды», деді облыс әкімі.

Биыл облыс бюджетінің 51%-дан астамы әлеуметтік салаға бөлінді. Жұмыссыздық 4,8% деңгейінде қалып отыр. Мұның басты себебі облыста 25,5 мың жаңа жұмыс орны ашылған. Тұрақты жұмыспен қамтылғандардың саны –18,6 мың адам. Осал топтағы азаматтарды қолдау, кәсіпкерлікті дамыту мақсатында облыс әкімдігі тарапынан жалпы сомасы 632,6 млн теңгеге 405 грант берілген. Бір гранттың көлемі 400 АЕК, 1,57 млн теңге шамасында.

Облыс мектептерінде орын тапшылығын азайту, үш ауысымды оқытуды жою мақ­­сатында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы іске асып келеді. Биыл жоба аясында Достық шағын ауданынан 1 200 орындық №48 мектеп ашылды. Сондай-ақ 600 орындық №47 мектептің құрылысы да бүгінде толық аяқталды. Ахмет Байтұрсынұлы атындағы мектепке 288 орындық қосымша ғимарат салынды. Ауылдық жерлерде үш шағын жинақты мектеп пайдалануға беріліп, апатты мектептердің мәселесі толығымен шешілді.

Әлеуметтік саладағы жұмыстар мұнымен шектелмейді. Биыл облыс әкімдігі 12,9 млрд теңгеге 58 әлеуметтік нысанды жөндеуге ықпал еткен. Қазірдің өзінде 7,8 млрд теңгеге 22 жаңа нысан салынып жатыр. Бұдан өзге, облыстың қалалары мен ауылдарында бұқаралық спорттың дамуы­на дем беру мақсатында 25 жаңа спорт алаңы пайдалануға берілген. Ауылдық елді мекендерде 6 спорт кешені, Ақсу қаласында заманға сай мұз аренасы ашылды. Бүгінде жалпы құны 4,9 млрд теңгеге тағы 11 жаңа спорт нысанының құрылысы жалғасып жатыр.

Баяндамадан соң облыс әкімі журна­листердің сұрақтарына жауап берді. Біз де өңір басшысына облыс халқының жадында жүрген бірер сауалымызды қойдық. Бірінші, Баянауыл ауданында өңдеу өнеркәсібі неге кенжелеп жатқанын білгіміз келді. Осыған дейін ашылады деген ет комбинатының жайын сұрадық.

«Бүкіл облыс малының 25%-ы Баянауыл ауданында өсіріледі. Өкінішке қарай, онда егістік жерлер аз. Себебі мал саны көп. 80-жылдары ауданда 50 мыңға жетер-жетпес жылқы болса, қазіргі саны 200 мыңға жақындады. Бүгінде сіз айтып отырған ірі қара, қой бордақылау алаңын салуға қатысты жұмыс жүріп жатыр. Кәсіпкерге жыл басынан қолдау көрсетіп келеміз. Көп кешікпей бордақылау алаңы да іске қосылады. Дәл сол маңда ет өнімдері өңделеді. Баянауыл туристік әлеуеті зор мекен болған соң, онда өңдеумен айналысатын шағын кәсіпкерлер бар. Бірақ өндірістік деңгейге шығатындай кәсіпкерлер санаулы. Сол үшін де қазір кәсіпкерлермен жан-жақты жұмыс істеп жатырмыз. Өлкеде туризм саласы осы қарқынмен дами берсе, кәсіпкерлерге де қолайлы жағдай қалыптасады.

Екінші сұрағымыз облыстың Ресеймен шекаралас көптеген аумақтарында жойылып бара жатқан ауылдар турасында болды. Олардың кейбірі бүгінде картадан да өшкен.

«Облыста 10 аудан, 3 қала бар болса, оның ішінде 5 аудан Ресеймен шекаралас. Онда жалпы 53 шекаралас ауыл орналасқан. Қазір сол ауылдардың барлығына дерлік инфрақұрылым тартып жатырмыз. Әрине, оның ішінде болашағы зор, қаймағы бұзылмаған ауылдар да бар. Олардың халқы күрт азайып кетті деп айта алмас едім, тұрақты десек болады. Көші-қон бағдарламасы аясында бірінші кезекте ауылдарда тұрғын үйлер салып, оңтүстік өлкелердің халқы мен қандастарды сонда қоныстандырып жатырмыз. Мысалы, біздегі Успен ауданының халқы бар-жоғы 12 мың. Бірнеше жылда сол ауданға 3 мыңнан астам қандас пен оңтүс­тіктегі отандастарды көшіріп апар­дық. Соған іргелес өзге де ауыл­дарда қолдаудың арқасында халық саны бір қалыпта сақталып отыр. Сондықтан біз болашағы бар ауылдардың барлығын 100 пайыз ауызсумен қамтыдық. Ауылдардың кіре беріс жолдарына толықтай асфальт төселеді. Қорыта айтсам, облыстағы ауыл­дарды оңтүстік халқы мен қандастарды көшіріп әкелу арқылы толықтыруға мүмкіндік мол. Осы бағыттағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыра береміз», деп қорытындылады облыс әкімі. 

Соңғы жаңалықтар

Мемлекет басшысы «Орталық Азия – Жапония» бизнес форумына қатысты

Президент • Бүгін, 11:37

Келесі «Орталық Азия – Жапония» саммиті елімізде өтеді

Президент • Бүгін, 11:20

2027 жылы дзюдодан Әлем чемпионаты Қазақстанда өтеді

Президент • Бүгін, 11:02

Президент Жапониямен туризм саласындағы ықпалдастықтың негізгі бағыттарын атады

Президент • Бүгін, 10:43

Мемлекет басшысы Токионың жасанды интеллект жөніндегі бастамасына қолдау білдірді

Президент • Бүгін, 10:40

Президент ауыл шаруашылығы саласында бірлескен зерттеу платформасын құруды ұсынды

Президент • Бүгін, 10:37

Мемлекет басшысы ғалымдар мен зерттеушілердің кездесуін Астанада өткізуді ұсынды

Президент • Бүгін, 10:30

Президент Жапония Үкіметінің Ақтау портындағы кедендік рәсімдерді жетілдіруге атсалысу шешімін құптады

Президент • Бүгін, 10:22

Президенттің Жапонияға сапары аясында сомасы 60-тан астам екіжақты құжатқа қол қойылды

Президент • Бүгін, 10:13

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Орталық Азия – Жапония» диалогының бірінші саммитінде сөз сөйледі

Президент • Бүгін, 10:03

Асауға тұсау салынды ма?

Өнер • Бүгін, 10:00

Ыстанбұлдағы қазақ әдебиеті бұрышы

Қоғам • Бүгін, 09:55

Өнерге жаңалық енгізген дара тұлға

Мәдениет • Бүгін, 09:50

«Келешек мектептері» ұлттық жобасы қорытындыланады

Білім • Бүгін, 09:40

Футбол индустриясын дамыту – уақыт талабы

Спорт • Бүгін, 09:35

Барлық жаңалықтар

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:272
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 20 Желтоқсан 2025 11:42
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Жалақы, әуежайлар мен жолдар: үкімет 6,5 триллион теңгенің жоспарын бекітті

03 Қараша 2026 10:59see173

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see165

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see162

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see161

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see158

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see154

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see154

Екінші АЭС бойынша келісім жасалады үкімет жоспарды мақұлдады

03 Қараша 2026 10:48see144

Дәурен Мұратбеков лауазымынан босатылды

03 Қараша 2026 11:02see142

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see142

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see138

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see135

Alatau City ге 1,3 млрд доллар инвестиция тартылады

03 Қараша 2026 10:48see134

Шетелге шығатын қазақстандықтарды есепке алғысы келеді: жаңа жоспардың егжей тегжейі

03 Қараша 2026 11:18see132

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see131

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see128

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see125

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see119

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see119

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see117
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары