Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Ұланда ілкімді істер көп

Ұланда ілкімді істер көп

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Ұлан ауданында биыл 52 шақырым жол мен көше жөнделіп жатыр. Ол туралы облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов Ұлан ауданының халқымен кездесуде айтты. Ауданға жұмыс сапарымен барған өңір басшысы кездесуден кейін бірқатар әлеуметтік нысанды аралады.

– Ұлан ауданының агроөнеркәсіптік кешенде, өнеркәсіпте, туризм саласында даму мүмкіндіктері зор. Ауданның 2029 жылға дейінгі даму жоспарына сәйкес, 15,8 млрд теңге бюджет қаражатын, 357,9 млрд теңге жеке инвестиция тарту жоспарланған. Бүгінде жалпы құны 8,8 млрд теңгені құрайтын жылу оқшаулағыш материалдар зауытының құрылысы жүргізіліп жатыр, – деп мәлімдеді облыс әкімі.

Тұрғындар өз кезегінде респуб­ликалық маңызы бар жолдан Митро­фановка ауылына дейінгі жолды, Пролетарка ауылы ішіндегі жолдарды жөндеу керектігін алға тартты. Облыс әкімінің айтуынша, Митрофановка ауылына кіреберіс жолды 484,9 млн теңгеге орташа жөндеуге, Пролетарка ауылы ішіндегі жолдарды 154 млн теңгеге жөндеуге сметалық құжаттама әзірленген. Жобалар келесі жылы жүзеге асады. Сондай-ақ халық Дубы­ғалы көліне дейін апаратын жолдың жоқтығын айтты.

– Аталған көлдің туристік әлеуеті жоғары. Алайда Гагарино ауылы арқылы өтетін жолдың жоқтығы ішкі туризмнің дамуын шектеп, аймақтың инвестициялық тартымдылығын төмендетеді. Мәселені шешу мақс­атында Дубығалы көліне апаратын жол аудандық маңызы бар жолдар тізіміне енгізілді, – деді Н.Сақтағанов.

Аудан жұртшылығы өздерін толған­дырған басқа да сауалдарын қойып, нақты жауап алды. Келелі кездесуден кейін облыс әкімі Сар­товка ауылындағы Шығыс Қазақстан көпсалалы колледжіне барды. 1945 жылы құрылған колледж студенттерді ауыл шаруашылығы, техника саласы, IT бағыттары бойынша тоғыз мамандыққа оқытады. Білім орда­сындағы 424 студенттің 73-і дуалды оқыту жүйесі арқылы теорияны өндірістік тәжірибемен ұштастырып жүр. Колледждің 1973 жылы салынған жатақханасында 192 студент тұрады. Олардың ішінде Алматы, Жамбыл облыстарынан, Шымкент, Түркістан, Семей, Қарағанды қалаларынан келгендер де бар.

Ұлан ауданында білімнен бөлек спортқа да жіті көңіл бөлініп отыр. Осы күні Таврия ауылында заманауи дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды.

– Бұл кешен ауылға тың тыныс беріп, жаңа өмір салтының бастауына айналады деп сенеміз. Осындай нысандар ауыл жастарының денсаулығын нығайтып қана қоймай, олардың бойында табандылық пен жеңіске деген сенім қалыптастырады. Биыл өңірде осындай 3 кешен пайдалануға беріледі, – деді облыс әкімі.

Кешеннің жалпы алаңы 1 284,2 шаршы метр. Онда спорттық-сауықтыру іс-шаралары, бокс, күрес, ауыр атлетика жарыстарын өткізуге болады. Ғимарат ішінде заманауи жаттығу залдары, киім ауыстыратын бөлмелер, санитарлық тораптар, медициналық пункт, құрал-жабдық сақтайтын бөлмелер бар.

Таврия ауылындағы қуаттылығы 5,4 МВт жаңа орталық қазандық та әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлерді орталықтандырылған жылумен қамтамасыз етуге бағытталған. Облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов қазандық жұмысымен де танысты. Жобаны «Терезе» ЖШС мердігер компаниясы жүзеге асырып жатыр. Қаржы республикалық, облыстық бюджеттерден, Ұлттық қордан бөлінген. Жоба құжаттамасына сәйкес, қазандыққа жалпы жылу жүктемесі 2,801 МВт болатын 16 нысанды қосу жоспарланған. Биылғы жылыту маусымында балабақша, мектеп, аурухана, әкімдік ғимараттары қосылды. Мәдениет үйі, спорттық-сауықтыру кешені, мешіт, «ШҚО-ХОСПИС» мекемесі, дүкендер мен көпқабатты тұрғын үйлерді қосу кезең-кезеңімен жүргізіліп жатыр.

Ұлан ауданының тұмса табиғаты туризмді дамытуға сұранып тұрған, географиялық орны өңірдің әлеуетін арттыруға таптырмас жер. Тоғыз жолдың торабында жатқан жер өзен-көлге, орман-тоғайға өте бай. Ілкімді істерімен батыл алға басып келе жатқан өндіріс ошақтары да аз емес. Осының бәрі бас құрай келіп, ауданның даму барысы қарқынға қарқын қоса береді дегенге кәміл сендіреді.

Шығыс Қазақстан облысы,

Ұлан ауданы

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:154
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 24 Қазан 2025 10:25
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see167

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see163

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see159

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see159

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see143

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see140

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see130

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see124

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see124

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see123

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see120

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see118

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see117

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see108

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see107

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see105

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see104

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see104

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see104

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see104
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары