Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

Ертіс Баян өңіріндегі кәсіпкер Микаил Аушев ел бірлігін қолдайды

Ертіс Баян өңіріндегі кәсіпкер Микаил Аушев ел бірлігін қолдайды

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Микаил Аушевтің ата-анасы депортация жылдары өзге ұлттармен Қап тауынан Қазақстанға ауып келген. Қазақ халқының қонақжайлығы мен қамқорлығының арқасында Арқа жерінің ыстық-суығына төзіп, күрделі кезеңді бастан өткерді. Михаилдің әкесі 12 жасында, анасы одан да кіші жеткіншек шағында Ертіс-Баян өңірінің қасиетті топырағына табан тіреген. Сталинның пәрменімен өкпеден өткен ызғарда суық вагондарда қойша айдалған бауырлас халық алда не тағдыр күтіп тұрғанын білмегені анық.

— Күшпен көшіру тақырыбы біздің бала шағымызда айтылмайтын. Тек есейіп, өмірге араласа бастаған шақта ата-анамыз там-тұмдап айта бастады. «Жаратқан бізді мұсылман елге тап келтірмегенде тағдыр-талайымыздың қалай боларын кім білген… Сақырлаған аязда жанымызға жылу берген қазақтардың арқасында жан сақтадық», дейтін марқұм әке-шешем. Әкем 91-ге, анам 85-ке келіп өмірден озды. Олардың қазақ халқына деген ықылас-құрметі ерекшетұғын. Бір тілім нан табу — бақыт болған заманның теперішін көрмесек те, үлкендердің айтуымен сезіндік. Қонақжайлық — қазақтың қанына біткен қасиет қана емес, ол — жергілікті халықтың ұлттық колориті деп ойлаймын. Бір мезетте шешен, ингуш, неміс, кәріс, т. б. сандаған ұлттарға пана болу қазақ халқының ғана қолынан келген, -деп бастады әңгімесін Микаил Османұлы.

Фото: Микаил Аушевтің жеке мұрағатынан

Ол бүгінде Павлодар облыстық »Халкъан барт» («Халық бірлігі») шешен-ингуш этномәдени бірлестігінің төрағасы болып қызмет атқарады. Мұнда аталған ұлт өкілдерінің мәдениеті мен ана тілін, салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын жаңғырту, Қазақстан халқының тарихы мен мемлекеттік тілді, мәдениеті мен құндылықтарын үйрету мақсат етіледі. Ақсақалдар кеңесі, Аналар кеңесі, жастар бірлестігі, спорт үйірмелері, вокалдық және би ұжымдары бар. Екібастұз бен Ақсу қалаларында, Ақтоғай, Павлодар, Шарбақты, Тереңкөл аудандарында филиалдары жұмыс істеп тұр.

2024 жылғы су тасқыны кезеңінде аталған орталық атынан зардап шегушілерге айтарлықтай материалдық және ақшалай көмек көрсетілді. Дейтұрғанмен Михаил Османұлы мұқтаждарға бірлестіктің және өз отбасы атынан берген көмекті санамалап айтуға ыңғайсызданатынын жеткізді. «Бастысы, жасап жатқан көмегім Жаратқанға аян», дейді. Бір жылдары еліміздің оңтүстігіндегі әскери қоймада жарылыс болғанда оның шаруашылығы 25 тонна картоп жөнелткенін білеміз.

Фото: Микаил Аушевтің жеке мұрағатынан

М.Аушевтің Ассамблеядағы қызметінен бөлек, жұрт оны ірі шаруашылық басшысы ретінде жақсы таниды. Железин ауданындағы «Пахарь» ШҚ» ЖШС-ін ұзақ жылдардан бері басқарып, тың жерден агроқалашық тұрғызды. Шаңы шығып жатқан қу тақыр жерде құрылысы 2011 жылы басталған агроқалашық арада бес жыл өткенде жалпы саны 300-ге жуық адамды жұмыспен қамтитын іргелі шаруашылыққа айналды. Бүгінде мұнда шаруашылық ғимараттарына қоса, тұрғын үйлер салынған. Жалпы саны 48 пәтер бар. Баспаналар орталықтандырылған жылу, су, кәріз жүйелеріне қосылған. Жайлы пәтерлерді паналаған отбасылар пәтер ақысы мен коммуналдық төлемдерден босатылған. Бастысы шаруашылықтың жұмысына адалдық танытып, ортақ мүлікке ұқыпты болса жетіп жатыр. Шаруашылықта 9,2 мың гектарға егін салынып, асыл тұқымды мал ұсталады. Заманға сай тұрғызылған тауарлы сүт фермасында мыңдаған сиыр бар. Малдың жем-шөбіне арналған арнайы база, көкөніс қоймалары, машина-трактор паркі және т. б. ауқымдылығымен көрген жанды тамсантады.

«Пахарь» ШҚ» суармалы егіншілік бойынша елімізді қойып, ТМД бойынша ең ірі шаруашылықтардың бірі болып саналады. 9,2 мың гектардың шамамен 60 пайызы қолдан жасалған су жинағыштан ағып шығатын каналдан суарылады. Бұл каналдың жалпы ұзындығы 92 шақырым.

— Біз қоныс еткен жердің топырағы негізінен құмды. Бидай, арпа, сұлы сияқты дәнді дақылдарға аса қолайлы емес, бірақ картоп пен жүгері жақсы өседі. Қолдан суарудың арқасында өнімділікті жоғары деңгейде ұстауға мүмкіндігіміз бар. Ал картобымыз сапалы әрі ұзақ сақталады. Облыстық тұрақтандыру қорына жыл сайын картоп береміз. Биылғы қысқа килограмын 100 теңгеден 680 тонна өнім тапсырдық. Бұл жердегі негізгі мәселе әл-ауқаты төмен отбасыларды бағасы арзан азық түрімен қамтамасыз ету болғандықтан, үйлестіру органдары қанша өнім сұраса да беруге дайынбыз. Себебі жергілікті астықтың ырыздығын ең әуелі өзіміздің тұрғындар көріп, сезінуі керек. Мемлекет, халық алдында белгілі бір міндеттемелеріміз бар екенін әрдайым ұмытпаймыз, — дейді ол.

Фото: Микаил Аушевтің жеке мұрағатынан

Сөз соңында Микаил Османұлы жас ұрпаққа отаншылдық рухының дәнін егу бағытындағы жұмыстарды жалғастыра беретінін айтып өтті.

— Балаларыма үнемі Қазақстанның патриоты болыңдар, қажет болса Отанымызды қорғауға дайын тұрыңдар деп айтып отырамын. Себебі біздің Отанымыз біреу, ол — Қазақ елі! Қасиетті қазақ жерінің топырағын мекендеп, кәсіп етіп, нан тауып отырған әр саналы азамат осылай ойлайтынына дауым жоқ, — деп түйіндеді сөзін.

Еске сала кетейік, Ата Заңымызда бірлік пен келісімнің негіздері нығая түседі. 

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:235
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 01 Наурыз 2026 12:18
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

14 Қазан 2026 21:13see129

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

14 Қазан 2026 21:06see127

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

14 Қазан 2026 21:07see126

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

14 Қазан 2026 20:54see123

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

14 Қазан 2026 20:59see122

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

14 Қазан 2026 21:31see121

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

14 Қазан 2026 21:13see119

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

14 Қазан 2026 23:44see119

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

14 Қазан 2026 22:21see119

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

14 Қазан 2026 20:53see118

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

14 Қазан 2026 21:08see117

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

14 Қазан 2026 20:54see116

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

15 Қазан 2026 09:31see116

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

14 Қазан 2026 21:01see116

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

14 Қазан 2026 21:05see116

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

14 Қазан 2026 20:56see114

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

15 Қазан 2026 16:43see114

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

14 Қазан 2026 21:03see113

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

14 Қазан 2026 21:02see112

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

15 Қазан 2026 17:59see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары