Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Балалар тізімде бар, бірақ келмейді: депутат Қазақстан балабақшаларындағы мәселені көтерді

Украинада мектеп оқулықтары казактар ​​тарихын қалай жазып жатыр видео

Қыс мезгілінде автокөлікке аккумуляторды қалай дұрыс таңдау керектігін сарапшы айтып берді

Балабақша кезегіне өзгеріс енгізу керек депутаттар

Несие рәсімдеуге қалай тыйым салуға болады: Стоп кредит қызметі қалай жұмыс істейді?

Қазақстанда салықты кейінге қалдыру және бөліп төлеу ережелері өзгерді

Қазақстанда халықаралық іздеуде жүрген бес шетелдік анықталды

Солтүстік Қазақстанда жасөспірімді зорлаған ер адам өмір бойына сотталды

Сарапшылар Қазақстанда базалық мөлшерлеменің жаңа төмендеуін болжап отыр

Еурокомиссия мүшеліктен кейін Украинаның ЕО нарығына кіруін шектеуді ұсынды

Жетісуда қала тұрғындары алаяқтың арбауына түскен зейнеткерді құтқарды

Сөз бостандығы қайда? : спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысымның күшейгенін айтты

Ынтымақтастықты жандандырған жол

Азия мен әлемді бағындырған отандық семсерлесушілер тағы бір маңызды жарысқа қатыспақ

2040 жылға қарай Каспий арқылы жүк тасымалы төрт есе артуы мүмкін

Рахмонов оны тас талқан етеді : АҚШ сарапшысы Моралеске қарсы жекпе жекке болжам жасады

Солтүстік Аралдың аумағы 36% ға ұлғайды

Үш таеквондошы Париждегі Гран приге қатысады

Сауда серіктестігіне серпін

Денсаулық сақтау жүйесіне кадр қажеттілігін айқындау қағидалары бекітілді

Ертіс бойындағы елеулі істер

Ертіс бойындағы елеулі істер

Egemen.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Павлодар облысына жасаған жұмыс сапарының екінші күні қаладағы кварталішілік жылу желілерін қайта жаңғырту жұмыстарымен танысып, бірқатар нысанға барды.

Бүгінде аймақта Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының тапсырмасымен Ертіс өзені арқылы өтетін жаңа автокөлік көпірі салынуда. Нұрлыбек Нәлібаев аталған көпір құрылысымен танысты. Жұмыстар бекітілген кестеге сәйкес жүзеге асырылуда. Қазіргі таңда құрылыс-монтаж жұмыстары 60%-ға орындалды. Нысанның жалпы ұзындығы 2,7 шақырымды құрайды. Жобаны жү­зеге асыру көлік желісінің өткізу қабі­ле­тін арттырып, жол қозғалысының қауіп­сіздігін күшейтуге және өңірдің тран­зит­тік әлеуетін нығайтуға мүмкіндік береді.

Биыл Павлодар облысында жылу және электрмен жабдықтау нысандарын қайта жаңғыртуға бағытталған жалпы құны 21,7 млрд теңгені құрайтын 16 жоба жүзеге асырылуда. 92,4 шақырым инженерлік желілерді жаңарту жоспарлануда. Мемлекеттік қолдаудың арқасында кейінгі үш жылда жылу желілерінің тозу деңгейі 82,1%-дан 78,2%-ға дейін төмендеді.  Қолға алынған жобаларды жүзеге асыру коммуналдық инфрақұрылымның сенімділігін арттырып, тұрғындарға көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. Бұл маңызы жұмыс Үкіметтің тұрақты бақылауында.

Келесі нысан еліміздегі бастапқы алюминий өндіретін бірден-бір кәсіпорын – Қазақстан электролиз зауыты. Кәсіпорынның өндірістік қуаты жылына 250 мың тоннадан астам алюминийді құрайды. Зауыт еліміздің алюминий кластеріндегі негізгі өндірістік буын саналады және заманауи экологиялық талаптарға толық сәйкес келеді. Мұндағы газ тазарту қондырғыларының тиімділігі 99,9%-ға жетеді.

Сапар барысында кәсіпорынды одан әрі дамыту, инвестициялық жобаларды жүзеге асыру және отандық металлургия саласының бәсекеге қабілеттілігін арттыру мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар Нұрлыбек Нәлібаев қолжетімді тұрғын үй мен әлеуметтік инфра­құрылым нысандары салынып жатқан жаңа «Достық» шағын ауданын аралап көрді. Бүгінде мұнда 18 көпқабатты тұрғын үй пайдалануға беріліп, 2 111 отбасы баспанамен қамтылды. Қазіргі уақытта 1 264 пәтерлі тағы төрт тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Сондай-ақ шағын ауданда 1 200 орындық жайлы мектеп пен 80 орындық шағын орталық пайдалануға берілді. Алдағы уақытта әрқайсысы 240 орындық екі балабақша, 1 200 орындық мектеп, трибунамен жабдықталған мұз аренасы, 1 500 орындық көпфунк­ционалды конгресс-холл және бассейнмен жабдықталған заманауи спорт кешенін салу жоспарланған.

Одан кейін Премьер-министрдің бірінші орынбасары жылына 5,5 млн тонна мұнай өңдеуге қауқарлы Павлодар мұнай-химия зауытында болды. Кәсіпорындағы мұнайды өңдеу тереңдігі 93,95%-ға жетеді. Зауыт ішкі нарықты К5 экологиялық класына сай келетін жоғары сапалы мұнай өнімдерімен қамтамасыз етіп отыр және Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздігін нығайтуда маңызды рөл атқарады.

Сонымен қатар әуежайдың ұшу-қону жолағын қайта жаңғырту жұмыстарының барысын да тексерді. Жоба аэродром инфра­құрылымын халықаралық заманауи талаптарға сәйкестендіруге, ұшу қауіпсіздігін арттыруға және әртүрлі үлгідегі әуе кемелерін қабылдау мүмкіндігін қамтамасыз етуге бағытталған. Қазіргі уақытта нысандағы жұмыстардың 72%-ы аяқталды. Тексеріс қорытындысы бойынша барлық құрылыс-монтаж жұмыстарын белгіленген мерзімде, сапалы әрі уақытында аяқтау тапсырылды.

Жұмыс сапарының соңында Нұрлыбек Нәлібаев Энергетика министрлігі, «Самұрық-Қазына» АҚ, «Самұрық-Энерго» АҚ, «KEGOC» АҚ басшылығының, облыс әкімдерінің, орталық мемлекеттік органдар мен энергетика кәсіпорындары өкілдерінің қатысуымен энергетика саласын дамыту және өңірлерді 2026–2027 жылдардағы жылу беру маусымына дайындау мәселелері бойынша жиналыс өткізді.

Жиналысты ашқан Премьер-министрдің бірінші орынбасары энергетикалық қауіпсіздік пен жылу беру маусымының тұрақты өтуін қамтамасыз ету мәселелері Мемлекет басшы­сының ерекше бақылауында екенін атап өтті.

Нұрлыбек Нәлібаев жөндеу жұмыс­тарын белгіленген мерзімде аяқтауды, жаңа энергия өндіру қуаттарын уақтылы іске қосуды, сондай-ақ жылу, электр және сумен жабдықтау нысандарының, әлеуметтік инфрақұрылым мен тұрғын үй қорының 2026–2027 жылғы жылу беру маусымына дайындығын ерекше бақылауға алуды тапсырды.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:116
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 10 Шілде 2026 10:11
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Балалар тізімде бар, бірақ келмейді: депутат Қазақстан балабақшаларындағы мәселені көтерді

08 Қазан 2026 00:30see142

Украинада мектеп оқулықтары казактар ​​тарихын қалай жазып жатыр видео

07 Қазан 2026 05:13see140

Қыс мезгілінде автокөлікке аккумуляторды қалай дұрыс таңдау керектігін сарапшы айтып берді

08 Қазан 2026 09:16see128

Балабақша кезегіне өзгеріс енгізу керек депутаттар

08 Қазан 2026 00:34see122

Несие рәсімдеуге қалай тыйым салуға болады: Стоп кредит қызметі қалай жұмыс істейді?

08 Қазан 2026 11:09see122

Қазақстанда салықты кейінге қалдыру және бөліп төлеу ережелері өзгерді

08 Қазан 2026 00:30see121

Қазақстанда халықаралық іздеуде жүрген бес шетелдік анықталды

08 Қазан 2026 09:30see121

Солтүстік Қазақстанда жасөспірімді зорлаған ер адам өмір бойына сотталды

08 Қазан 2026 04:20see121

Сарапшылар Қазақстанда базалық мөлшерлеменің жаңа төмендеуін болжап отыр

08 Қазан 2026 19:59see120

Еурокомиссия мүшеліктен кейін Украинаның ЕО нарығына кіруін шектеуді ұсынды

08 Қазан 2026 08:28see120

Жетісуда қала тұрғындары алаяқтың арбауына түскен зейнеткерді құтқарды

08 Қазан 2026 13:34see118

Сөз бостандығы қайда? : спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысымның күшейгенін айтты

08 Қазан 2026 00:26see117

Ынтымақтастықты жандандырған жол

08 Қазан 2026 03:37see117

Азия мен әлемді бағындырған отандық семсерлесушілер тағы бір маңызды жарысқа қатыспақ

08 Қазан 2026 18:21see117

2040 жылға қарай Каспий арқылы жүк тасымалы төрт есе артуы мүмкін

08 Қазан 2026 14:40see115

Рахмонов оны тас талқан етеді : АҚШ сарапшысы Моралеске қарсы жекпе жекке болжам жасады

08 Қазан 2026 00:15see115

Солтүстік Аралдың аумағы 36% ға ұлғайды

08 Қазан 2026 00:35see115

Үш таеквондошы Париждегі Гран приге қатысады

08 Қазан 2026 21:27see115

Сауда серіктестігіне серпін

08 Қазан 2026 03:37see114

Денсаулық сақтау жүйесіне кадр қажеттілігін айқындау қағидалары бекітілді

08 Қазан 2026 16:58see114
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары