Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Ертіс бойындағы балық шаруашылығы: 5 жылда өнім 6 есе артты

Ертіс бойындағы балық шаруашылығы: 5 жылда өнім 6 есе артты

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Ертіс-Баян өңіріндегі балық шаруашылығы саласы қарқынды дамып келеді. Егер 2020 жылы балық өірумен саусақпен санарлық қана кәсіпорын айналысса, бүгінде олардың саны 27-ге жеткен. Саланың басты басымдығы – дәстүрлі көл шаруашылығынан жоғары технологиялық заманауи кешендерге көшу.

Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, 2020-2025 жылдар аралығында балық өндіру көлемі 98 тоннадан 572 тоннаға дейін, яғни 6 есеге жуық артқан. Бұл жетістіктің негізгі салмағы екі ірі кәсіпорынға тиесілі: «Колос» ШҚ (жылына 270 тонна), «ОТРХ» ЖШС (жылына 250 тонна).

Фото: Павлодар облысы жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су рерустары басқармасынан

- Қазіргі таңда облыста балық өсірудің түрлі әдістері қолданылады. Мәселен 20 көл-тауарлы шаруашылықпен қатар, суды үнемдейтін, өнімділікті арттыратын «Тұйық сумен қамту жүйелері», торлы шарбақ әдістері белсенді енгізіліп жатыр. Соңғы екі жылда өңірде бекіре тұқымдас балықтарды өсіруге де ерекше көңіл бөлінуде. Осы мақсатта 270 млн теңгеден астам инвестиция тартылып, қуаттылығы 45 тоннадан асатын жаңа өндіріс орындары іске қосылды. Бұл тек экономикалық пайда ғана емес, сонымен қатар нарықты сапалы әрі дәмді балық етімен қамтамасыз етудің алғашқы қадамы, - деп хабарлады Павлодар облысы жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су рерустары басқармасының бөлім басшысы Жасұлан Жұмашев.

Мамандардың пікірінше, балық шаруашылығының мұндай қарқынмен дамуына мемлекеттік қолдау тікелей әсер еткен. Былтыр 23 жобаны қолдауға 101 млн теңге бөлінсе, биыл қолдау көлемін 450 млн теңгеге дейін ұлғайту көзделген. Бұл қаражат тек балық өсіруге ғана емес, сонымен қатар балық азығын сатып алуға, несие мөлшерлемелерін төмендетуге, өнімді қайта өңдеуге, ең соңы пайдаланылған су шығындарын өтеуге жұмсалмақшы. Мұншама қолдау кәсіпкерлер үшін тәуекелдерді азайтып, бизнесті кеңейтуге зор мүмкіндік береді.

Фото: Павлодар облысы жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су рерустары басқармасы

Соңғы бес жылда су айдындарын балықтандыруға да маңыз берілген. Аталған уақыт ішінде 1,4 млн-нан астам балық шабақтары жіберіліпті. Тек былтыр Ертіс өзеніне жіберілген шабақтардың 88,8 мыңы - бекіре. Бекіре тұқымдас балықтар «Қызыл кітапқа» енгізілген. Бір жылдары Ертіс өзенінде айтарлықтай сиреп кеткен еді. Ендігі арада олардың санын көбейту мақсат етіліп отыр. Ертіс өзеніне балық жіберу – мәселені әбден зерделеп барып атқарылып отырған шаруа. Жергілікті компаниялар әуелі су айдынына тұқы балығын босатудың қыр-сырын зерттеп көріпті.

- Осыдан бірнеше жыл бұрын жергілікті ихтиолог ғалымдар көп жылдан бері жіберіліп келген тұқы балығы Ертіске тән балық емес екенін айтқан едік. Осылайша өзенде ежелден тіршілік ететін, бүгінде «Қызыл кітапқа» енген сібір бекіресін жіберуге шешім қабылданды. Сонау ерте заманда сібір бекіресі Ертіс өзені арқылы Зайсан асып, Қара Ертіске жеткен. Өкінішке қарай, түрлі жағдай салдарынан оның саны бүгінде өте сиреп қалды. Жергілікті ірі кәсіпорындар балықтың бұл түрін көбейтуге қызығушылық танытып отырғаны қуантарлық, - дейді Торайғыров университетінің қауымдастырылған профессоры, ихтиолог ғалым Александр Убаськин.

Сібір бекіресі – бекіре тәрізділер отрядына жататын, Ертіс өзеніндегі ең ірі балық. Сібір өзендерінде кеңінен таралған. Дене тұрқы – 3 метрге, салмағы 200 килограмға дейін жетеді. Өте баяу өсетін балық, аталығы 11-13 жасқа толғанда жыныстық жағынан жетіледі. Ал ұрғашысы уылдырық шашуға 17-18 жасқа толғанда ғана қабілетті. Балықтың өмір сүру ұзақтығы – шамамен 60-70 жыл.

Фото: Павлодар облысы жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су рерустары басқармасынан

Ғалымның сөзінше, жалпы сібір бекіресі жартылай өрістегіш балықтар. Олар кезінде Шығыс Қазақстандағы каскадты су қоймалары салынбай тұрғанда Ертістің жоғары жағына кетіп, сол жақта уылдырық шашып, қайтып отырған. Алайда ГЭС-тер мен қоймалардың, үлкен өндіріс орындарының салынуынан бұл табиғи тепе-теңдік бұзылды. Өйткені бөгет құрылысы олардың уылдырық шашуға баратын жолын қиып тастады да, негізгі табиғи уылдырық шашатын жеріне жетпей қалды. Сібір бекіресі Шығыс Қазақстанның су қоймаларында, Ертісте азайып барады.

Фото: Павлодар облысы жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су рерустары басқармасынан

- Оны көбейтудің жолын іздеу бүгінгі күннің аса маңызды мәселесі болып отыр. Соңғы уақытта өзенге көбіне тұқы мен сазан жіберіліп жатқанын ғалым ретінде өз басым құптай қоймаймын. Себебі ол – Ертіс өзені үшін сырттан келген балық түрі. Қыруар қаражат бөлініп, балықтандыру жүргізіліп жатыр, бірақ бұл шаруаның нәтижесін зерттеген ешкім жоқ. Сондықтан ендігі ретте Ертіске тек өзенге тән сібір бекіресі жіберілуі керек деп есептеймін, - деді ғалым.

Фото: Марина Регатунованың жеке мұрағатынан

Павлодар облыстық қоғамдық кеңесінің мүшесі Марина Регатунованың ақпаратынша, келер жылдан бастап облыс балық материалдарын өзімізде өсіруді бастап кетеді. Бұл үшін инкубациялық цех іске қосылмақшы. Оның қуаттылығы жылына 50 млн шабаққа дейін жетеді деп күтіліп отыр. Бұл шаруашылықтардың сырттан келетін балыққа тәуелділікті жойып, жергілікті балық өсіру ісін жаңа деңгейге шығарады. Ендігі арада кәсіпкерлер заманауи технологияларды енгізе отырып, материалдық-техникалық базаны күшейтуге баса назар аударуы қажет.

Еске сала кетейік, Арал-Сырдария бассейнінде балық аулауға шектеу қойылды.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:184
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 04 Сәуір 2026 09:13
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see140

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see138

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see137

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see137

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see136

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see135

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see134

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see129

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see128

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see126

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see125

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see124

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see124

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see123

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see123

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see121

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see121

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see117

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see116

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары