Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Астана маңызды халықаралық алаңға айналып келеді көрме комиссары Ольга Риго

Астана маңызды халықаралық алаңға айналып келеді көрме комиссары Ольга Риго

Aikyn.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында Қайта өрлеу дәуірінің ұлы ойшылдарының бірі Леонардо да Винчидің өміріне, ғылыми ізденістері мен инженерлік мұрасына арналған «Leonardo da Vinci: Genius of the Renaissance» халықаралық көрмесінің таныстырылымы өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.  

Көрменің ашылуына ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, көрме комиссары Ольга Риго, Рим қаласындағы Леонардо да Винчи музейінің директоры Августо Биаджо, сондай-ақ дипломатиялық корпус өкілдері қатысты.

Аида Балаева экспозицияның Халықаралық музейлер күнінде өткізілуінің айрықша мәні бар екенін атап өтті. Бұл күн әлемдік мәдени мұраны сақтау, ғылым мен өнерді дамыту және мәдениетаралық диалогты нығайту идеялары төңірегінде жұртшылықты біріктіреді. Үкімет басшысының орынбасарының айтуынша, бүгінде Қазақстанда 286 музей жұмыс істеп тұр. Олардың қорында 4,5 миллионнан астам жәдігер сақталған. Музейлерге жыл сайын 6,5 миллионнан астам адам келеді.

Сонымен қатар Аида Балаева мұндай халықаралық деңгейдегі көрмелер Қазақстандағы мәдени туризмнің дамуына тың серпін беретінін атап өтті. Осындай жобалар азаматтардың әлемдік өнер мен ғылым тарихындағы ұлы мұралармен өз елімізде танысуға жол ашады. Сонымен қатар еліміздің халықаралық мәдени кеңістіктегі беделін арттырып, жаңа әріптестік жобаларға негіз қалайды.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев атап өткендей, цифрлық технологияларды уақыт талабына сай игерген елдер ғана өркениет көшінен қалмайды. Сондықтан Қазақстанда инновацияны, креативті индустрияны, заманауи мәдени жобаларды және жаңа форматтағы өнер кеңістіктерін дамытуға ерекше көңіл бөлініп келеді. Осы тұрғыдан алғанда, Леонардо да Винчи мұрасы бүгінгі күнмен де терең үндеседі. Ол өз дәуірінде өнерді, ғылымды, инженерияны, сәулет пен шығармашылық ойды бір арнаға тоғыстыра білген ерекше тұлға. Оның ізденістері адамзатқа ой еркіндігінің, қиял қуатының және жаңашылдыққа ұмтылыстың қандай биік нәтижеге жеткізетінін көрсетті», – деді Премьер-Министрдің орынбасары.

Бұдан бөлек, Аида Балаева мәдени ынтымақтастықты нығайтуға және Қазақстан өнерін әлемдік деңгейде ілгерілетуге бағытталған ірі халықаралық көрме жобаларын іске асыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Атап айтқанда, 2024 жылы Қазақстанда Леонардо да Винчидің құпияға толы бірегей туындыларының бірі – «Әдемі ханшайым» /La Bella Principessa/ картинасы көпшілік назарына ұсынылды. Сонымен қатар Париждегі Гиме Азия өнер музейінде «Қазақстан: Ұлы дала жауһарлары» көрмесі, Қытайдың Тяньцзинь қаласында «Алтын адам және Ұлы дала» халықаралық көрмесі ұйымдастырылды. Мәскеудегі Третьяков галереясында өткен «Қазақстан өнерінің жауһарлары» көрмесі де көрермендер тарапынан жоғары бағаланды. Сондай-ақ, Қазақстан 61-ші Венеция биенналесінде Ұлттық павильонын таныстырды. Ал биыл күзде Алматыда «ХХ ғасырдағы орыс өнерінің 30 жауһары» көрмесін ашу жоспарланып отыр.

Айта кетейік, Астанаға Рим мен Флоренция музейлерінен Леонардо да Винчидің әйгілі «Винчи кодекстеріндегі» сызбалары мен жазбалары негізінде қалпына келтірілген 40-тан астам толық өлшемді механизм моделі жеткізілді. Экспонаттар қатарында ұшу аппараттары, инженерлік құрылымдар, әскери машиналар мен өз дәуірінен әлдеқайда озық идеяларға негізделген құрылғылар бар. Кейін бұл идеялардың бірқатары заманауи технологиялардың бастауына айналды.

«Бүгінде Астана ірі мәдени және мультимедиялық жобалар өтетін маңызды халықаралық алаңға айналып келеді. Бұл – даму, технология және алға ұмтылыспен ассоциацияланатын заманауи қала. Сондықтан дәл осы жерде өз заманынан бірнеше ғасыр озық тұрған Леонардо да Винчи туралы айту ерекше символдық мәнге ие. Көрме Астана тұрғындары мен қонақтары үшін маңызды мәдени оқиға болатынына сенімдімін», – деді Ольга Риго.

Мәдениет және ақпарат министрлігі мәліметінше, экспозиция шамамен 3 мың шаршы метр аумаққа орналастырылған. Көрме кеңістігі ауа, су, жер және от тақырыптарына арналған бірнеше аймаққа бөлінген. Мұндай құрылым Леонардо да Винчидің табиғат күштерін, қозғалысты, адам денесінің құрылымын және механика қағидаттарын қалай зерттегенін, өз бақылауларын инженерлік шешімдер мен өнертабыстарға қалай айналдырғанын тереңірек түсінуге мүмкіндік береді.

Көрменің жеке бөлімі суретшінің ең танымал туындыларының репродукцияларына арналған. Экспозиция мультимедиялық форматта безендірілген. LED-туннельдер, цифрлық проекциялар мен голографиялық инсталляциялар Леонардо да Винчидің идеяларын көрнекі түрде таныстырып, оның өнертабыстары қалай жұмыс істеуі мүмкін екенін әсерлі форматта көрсетеді.

Көрме Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен өтеді. Ұйымдастырушы – «Астана Концерт» компаниясы.

Экспозиция келушілер үшін 2026 жылғы 19 мамырдан 30 қыркүйекке дейін күн сайын, демалыссыз, сағат 10:00-ден 20:00-ге дейін ашық болады.

Мекенжайы: Астана қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 57.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:193
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 19 Мамыр 2026 00:09
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see137

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see136

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see135

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see135

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see134

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see133

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see132

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see126

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see126

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see124

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see122

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see121

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see121

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see120

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see120

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see119

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see118

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see114

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see113

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары