Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Балалар тізімде бар, бірақ келмейді: депутат Қазақстан балабақшаларындағы мәселені көтерді

Қыс мезгілінде автокөлікке аккумуляторды қалай дұрыс таңдау керектігін сарапшы айтып берді

Балабақша кезегіне өзгеріс енгізу керек депутаттар

Несие рәсімдеуге қалай тыйым салуға болады: Стоп кредит қызметі қалай жұмыс істейді?

Қазақстанда салықты кейінге қалдыру және бөліп төлеу ережелері өзгерді

Қазақстанда халықаралық іздеуде жүрген бес шетелдік анықталды

Солтүстік Қазақстанда жасөспірімді зорлаған ер адам өмір бойына сотталды

Еурокомиссия мүшеліктен кейін Украинаның ЕО нарығына кіруін шектеуді ұсынды

Сарапшылар Қазақстанда базалық мөлшерлеменің жаңа төмендеуін болжап отыр

Жетісуда қала тұрғындары алаяқтың арбауына түскен зейнеткерді құтқарды

Азия мен әлемді бағындырған отандық семсерлесушілер тағы бір маңызды жарысқа қатыспақ

2040 жылға қарай Каспий арқылы жүк тасымалы төрт есе артуы мүмкін

Үш таеквондошы Париждегі Гран приге қатысады

Ынтымақтастықты жандандырған жол

Сөз бостандығы қайда? : спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысымның күшейгенін айтты

Сауда серіктестігіне серпін

Солтүстік Аралдың аумағы 36% ға ұлғайды

Рахмонов оны тас талқан етеді : АҚШ сарапшысы Моралеске қарсы жекпе жекке болжам жасады

Денсаулық сақтау жүйесіне кадр қажеттілігін айқындау қағидалары бекітілді

Емханалардың жұмысы бірыңғай 100 балдық жүйе бойынша бағаланады

Астанада кітапханалар коворкинг пен шығармашылық алаңға айналып келеді

Астанада кітапханалар коворкинг пен шығармашылық алаңға айналып келеді

Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Елордада кітапхана кеңістігін жаңаша пайымдау үдерісі нақты іске асып келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, Астанада кітапхана жүйесін жаңғырту жұмысы кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда, - деп хабарлайды  Aikyn.kz елорда әкімдігіне сілтеме жасап.

2023 жылға дейін Астана қаласы әкімдігіне қарасты «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде» 18 кітапхана жұмыс істеді. Сол жылы ақпараттық технологияларды кеңінен қолдану арқылы төрт кітапхана коворкинг-орталық форматында жаңғыртылды. Олардың қатарында №3 және №4 балалар кітапханалары, Орталық балалар және жасөспірімдер кітапханасы, сондай-ақ жанарынан айырылған және нашар көретін азаматтарға арналған мамандандырылған кітапхана бар. Бұл өзгерістер кітапханалардың әлеуметтік функциясын кеңейтіп, түрлі аудиториямен жұмыс істеуге мүмкіндік берді.

2024 жылы елорданың төрт ауданында төрт жаңа кітапхана ашылып, тағы төрт кітапхана ғимараты күрделі жөндеуден өтті. Ал 2025 жылы үш жаңа кітапхана пайдалануға беріліп, тағы үш нысан жаңғыртылды. Нәтижесінде бүгінде Астанадағы кітапханалар саны 25-ке жетті. Сонымен қатар жеті жаңа кітапхана бой көтеріп, қырыққа жуық жас маман жұмыспен қамтылды.

Сала мамандары кітапхананың заманауи бейнесін тек ғимарат сәулетімен шектеуге болмайтынын айтады. Бұл ретте Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ғылыми кітапханасының директоры Бақытжан Оразалиев кітапхананың басты өлшемі оның қоғамға қызмет ету әлеуеті екенін атап өтті.

«Кітапхананың басты көрсеткіші – оның қоғамға қызмет ету әлеуеті. Ол тек кітап сақтайтын немесе оқу өтетін орын емес, ой мен білім айналымын жандандыратын орталыққа айналуы тиіс. Заманауи кітапхана оқырманға қолайлы жағдай жасауымен ерекшеленуі керек», – деді ол.

Маманның айтуынша, қазіргі кітапхана кеңістігінде оқу залдарымен қатар кеңес беру бұрыштары, ақпараттық талдау орталықтары, тіл мен сөйлеу мәдениетін дамытатын шағын студиялар, балалар мен жастарға арналған шығармашылық алаңдар болуы қажет.

«Қоғамда тіл мәдениетінің әлсіреуі байқалып отырған кезеңде бұл міндетті тек мектеп пен университеттің еншісіне қалдыру жеткіліксіз. Кітапхана өмір бойы білім алу мен тіл мәдениетін жетілдіретін үздіксіз ортаға айнала алады», – деді Бақытжан Оразалиев.

Сонымен қатар ол кітапхананың тәулік бойы жұмыс істеуі басты өлшем емес екенін де атап өтті.
«Мәселе кітапхананың қашан ашылып, қашан жабылуында емес, оқырманның кез келген уақытта еркін келіп, сапалы жұмыс істей алу мүмкіндігінде. Бұл тұрғыда кітапхананың орналасқан жері, инфрақұрылым мен қоғамдық көлікке қолжетімділік маңызды», – деді ол.

Маман кітапхана ғимаратының архитектурасы мен ішкі құрылымы да көпфункциялы болуы керектігін айтты. Оның сөзінше, оқу және зерттеу аймақтарымен қатар жеке жұмыс бөлмелері, демалыс және коммуникация кеңістіктері қарастырылуға тиіс. Университет кітапханасының түнгі сағат 23:00-ге дейін жұмыс істеуі студенттер мен зерттеушілер үшін қолайлы жағдай қалыптастырып отыр.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:211
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 05 Қаңтар 2026 10:31
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Балалар тізімде бар, бірақ келмейді: депутат Қазақстан балабақшаларындағы мәселені көтерді

08 Қазан 2026 00:30see156

Қыс мезгілінде автокөлікке аккумуляторды қалай дұрыс таңдау керектігін сарапшы айтып берді

08 Қазан 2026 09:16see143

Балабақша кезегіне өзгеріс енгізу керек депутаттар

08 Қазан 2026 00:34see139

Несие рәсімдеуге қалай тыйым салуға болады: Стоп кредит қызметі қалай жұмыс істейді?

08 Қазан 2026 11:09see135

Қазақстанда салықты кейінге қалдыру және бөліп төлеу ережелері өзгерді

08 Қазан 2026 00:30see135

Қазақстанда халықаралық іздеуде жүрген бес шетелдік анықталды

08 Қазан 2026 09:30see135

Солтүстік Қазақстанда жасөспірімді зорлаған ер адам өмір бойына сотталды

08 Қазан 2026 04:20see134

Еурокомиссия мүшеліктен кейін Украинаның ЕО нарығына кіруін шектеуді ұсынды

08 Қазан 2026 08:28see133

Сарапшылар Қазақстанда базалық мөлшерлеменің жаңа төмендеуін болжап отыр

08 Қазан 2026 19:59see133

Жетісуда қала тұрғындары алаяқтың арбауына түскен зейнеткерді құтқарды

08 Қазан 2026 13:34see132

Азия мен әлемді бағындырған отандық семсерлесушілер тағы бір маңызды жарысқа қатыспақ

08 Қазан 2026 18:21see131

2040 жылға қарай Каспий арқылы жүк тасымалы төрт есе артуы мүмкін

08 Қазан 2026 14:40see130

Үш таеквондошы Париждегі Гран приге қатысады

08 Қазан 2026 21:27see130

Ынтымақтастықты жандандырған жол

08 Қазан 2026 03:37see130

Сөз бостандығы қайда? : спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысымның күшейгенін айтты

08 Қазан 2026 00:26see130

Сауда серіктестігіне серпін

08 Қазан 2026 03:37see130

Солтүстік Аралдың аумағы 36% ға ұлғайды

08 Қазан 2026 00:35see129

Рахмонов оны тас талқан етеді : АҚШ сарапшысы Моралеске қарсы жекпе жекке болжам жасады

08 Қазан 2026 00:15see129

Денсаулық сақтау жүйесіне кадр қажеттілігін айқындау қағидалары бекітілді

08 Қазан 2026 16:58see128

Емханалардың жұмысы бірыңғай 100 балдық жүйе бойынша бағаланады

08 Қазан 2026 19:31see127
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары