Астанада Бауыржан Макаевтің шығармашылық кеші өтті
Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..
Елордада ҚР ІІМ Ұлттық ұлан ән-би ансамблінің солисі, «Құрмет» орденінің кавалері Бауыржан Макаевтің «Самғау» атты шығармашылық кеші өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Филармония концерт залында көрермен назарына өнерпаздың шығармашылық жолы, сахнадағы жетістіктері мен рухани мұрасы кеңінен дәріптелді. Концерттік бағдарламада өнер иесінің орындауында таңдаулы әндер шырқалып, көрерменге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Шығармашылық кешке арнайы қонақ ретінде елімізге танымал өнерпаздар да қатысып, өз өнерлерін ұсынды. Атап айтқанда, Санжай Әлмишев, Болат Қохаманов, Марат Нүкеев, Олжас Құрманбек және Мұрат Зайнұла сахна төрінде өнер көрсетіп, кештің мазмұнын аша түсті.
Концерт барысында өнер иелері қазақ эстрадасының құндылықтарын дәріптеп, көрерменмен ерекше байланыс орнатты. Ән мен әуенге толы кешке жиналған қауым өнерпаздардың шығармашылығына жоғары бағасын берді.
«Самғау» шығармашылық кеші – өнерге деген құрметті арттырып, ұлттық музыка мен сахна мәдениетінің дамуына үлес қосқан мазмұнды мәдени шаралардың бірі болды.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:37
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 09 Шілде 2026 16:38 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















