Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Астанада сазгер Дулат Айтжановтың шығармашылық кеші өтті

Астанада сазгер Дулат Айтжановтың шығармашылық кеші өтті

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Еліміздегі Композиторлар одағының мүшесі, сазгер, ҚР Мәдениет саласының үздігі, республикалық ән байқауларының жүлдегері, биыл ғана 45 жасқа толған Дулат Айтжановтың  ән кеші өтті. Ақтөбелік сазгердің кеші батыр қыз Әлия Молдағұлованың 100  жылдығына орай «Әлия – дастан» деп аталды. Елордадағы концерт аншлагпен өтті.

Кеш алдында концертке қатысатын әншілер халықпен тілдесіп, қызыл кілем арқылы жүріп өтіп, әсерлерімен бөлісті.

Қазақ өнерінің майталмандары, күміс көмей әншілер Майра Ілиясова, Нұрлан Өнербаев, Ұлықпан Жолдасов, Қанат пен Светлана Айтбаевтар, Мәдениет саласының үздігі, «Құрмет» орденінің иегері, кәсіби домбырашы Бақытбек Зейнелов, Мирас пен Құралай Бекжановтар, Медет пен Клара, Марат Әйтімов, Орал-Қосай Байсеңгір-Нұргүл Тілегенова, Аллаберген Жақсыбаев, Рита Рим, Арайлым Рақымқызы, Жұлдыз Нұрқасымова, жас, талантты әншілер Фарида Жолдасова, Сезім Оралқызы және Ғ.Жұбанов атындағы облыстық филармонияның басқа да әншілері өнер көрсетті.

ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, танымал әнші Арайлым Рақымқызы –кештің ұйымдастырушысы продюсері, шебер үйлестірушісі ретінде жарқырап көрінді. Сахнаның безендірілуі, сценарийі, жүргізушілер зор талғаммен таңдалған. Есті әнді, әсем әуенді тыңдағысы келген астаналықтар, кеш қонақтары залдың ғажайып атмосферасынан шыға алмай, әр ән біткенде ұзақ қол шапалақтаумен болды. Керемет әсер сыйлады.

Кеш шымылдығы Дулат пен Ританың орындауында  сөзін Орал-Қосай Байсеңгір жазған Дулат Айтжановтың «Ақтөбе-құтты мекенім» әнімен басталды.  Әуезді әуенді жарқыраған ALEM би театры әрлеп, мың бұралған биімен айшықтай түсті.

Мирас пен Құралай Бекжановтар патриоттық рухтағы «Жаса, Қазақстан!» әнімен сахнаға Сағадат Нұрмағамбетов атындағы әскери колледждің 22 кадетімен  бірге  жұлдыздай жарқырап шықты.  Керемет ән рухымызды көтеріп, ғажап ән жүректерде жатталды. Квартет болып орындалған «Раушан гүлім» әні жүрегімізді шым-шым қозғап, сағынышымызды маздатты. Кешті қорытындылаған алты әнші орындаған «Әлия-дастан» әні ақтөбеліктердің ғана емес, бар қазақтың рухын көтеріп, абыройын аспандататын әнге айналды.

Дулат Айтжанов – ағайынды Жұбановтарды, Айтбаевтарды, қазағымның талай мықтысын дүниеге әкелген қасиетті Мұғалжар өңірінің тумасы. Әндері көбіне лирикалық бағытта болып келеді.

«Дулаттың  әндері нағыз махаббатты, елге, анаға, жарға деген әдемі сезімдерді суреттейді.  Оның  кең тараған «Сағыныш сазы» әні студент жастардың әнұранына айналды.  Соңғы кезде Дулаттың орыс тілінде жазылған әндері де ел аясынан асып, көршілес елдерде  шырқалып  жүр», дейді ҚР еңбек сіңірген қайраткері Светлана Айтбаева.

Дулаттың әндері жүректерді тербейді. Жүректен шыққан әуен жүректерге жететіні әмбеге аян. Үлкен де, кіші де оның сырлы сазға толы әндерін сүйіп айтады. Қазіргі жастардың тыңдайтын әуендері басқаша, Дулат Айтжанов сонау ертеден келе жатқан дәстүрлі бағытты, классикалық туындылардың төрге озғанын қалайтын өнер иесі. Бүгінде ол Ақтөбе қаласындағы Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармонияда музыка көркемдеушісі ретінде қызмет атқарады. Филармония әншілерінің әндерін көркемдеп, аранжировкасын жасайды. Жақсы сөз, ғажап өлең көрсе, әдемі табиғатты сезінсе, елге, анаға, жарға, перзентке деген махаббат әуен болып көмейіне оралады, көпшілікке ән болып жетеді.

Бүгінде киелі сахнада Дулаттың әндері жиі орындалады. Кезінде Нұрлан мен Мұраттың репертуарындағы Дулаттың «Ауылға» деген әнін, «Заман» тобының орындауындағы «Ғашықпын» әнін тыңдарман ықыласпен қабылдады. Бүгінде оның  шығармаларын Ұлықпан Жолдасов, Қанат-Светлана Айтбаевтар, Мирас-Құралай Бекжановтар, Тамара Асар сияқты танымал өнер жұлдыздары орындап жүр.

Дулат Айтжанов Астана туралы, Ақтөбе жайлы бірнеше әннің авторы. Бүгінде оның «Нұрлы Астана» (сөзін ақын Оңталап Базаралынікі), «Ән-Астана» (сөзі Талант Арғынғалидікі) әндерін белгілі әншілер Марат Әйтімов, Жұлдыз Нұрқасымова, жас әншілер Айбат Махашов пен Ақторғын Әминовалар орындап жүр. «Ән-Астана» әні облыстық «Әнім сенсің — Астана» ән байқауында «Ең үздік ән» номинациясына ие болған.

Ғ.Жұбанова атындағы Ақтөбе облыстық филармониясының солисі Айбат Махашов Дулаттың «Нұрлы Астана» әнімен бірге, Талғат Тілеулесовтің сөзіне жазылған Нұрталап Жүсіповтің «Ғажап Астана» әнін де үлкен сахналарда жиі орындалатын әуезді әуендердің бірі.

Дулаттың композиторлығы бір бөлек, әншілігі бір бөлек дүние. Әнші жары Ритамен бірге қол ұстасып, қазақтың тамаша әндерін үлкен сахналарда шырқап, халықтың сүйіспеншілігіне бөленіп жүрген өнер майталмандары. Тәрбиелі ұл, қылықты қыз өсіріп отырған өнегелі отбасының иелері. Мұндайда достық тілекпен, жанашыр көрерменнің лебізімен «Әнің де, сәнің де, өмір жолындағы дастаның да таусылмасын, жақсы әуендерің қазағымның аспанында әуелей берсін!» деген тілек айтқымыз келеді.

Гүлшат САПАРҚЫЗЫ

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:145
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 28 Қараша 2025 21:58
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see138

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see136

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see134

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see134

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see133

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see133

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see132

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see131

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see130

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see130

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see129

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see126

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see124

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see119

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see119

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see118

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see116

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see114

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see112

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары