Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

BIR TOLQYNDA: AMANAT партиясы жастарды саясатқа жақындата түсуде

BIR TOLQYNDA: AMANAT партиясы жастарды саясатқа жақындата түсуде

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Астанада Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті алаңында елордалық студенттер мен «AMANAT» партиясының өкілдері бас қосқан  BIR TOLQYNDA  ашық дәрісі өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Партияның «Жастар Рухы» жастар қанаты ұйымдастырған іс-шараға әлеуметтік желілер арқылы алдын ала іріктеуден өткен 100-ден астам студент қатысты.

Еркін форматта өткен кездесуде Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының жетекшісі Айдос Сарым, Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Үнзила Шапақ, партия Хатшысы Александр Данилов, «Жастар Рухы» жастар қанатының төрағасы Ақерке Искандерова, сондай-ақ қалалық және аудандық мәслихат депутаттары жастар алдында сөз сөйледі.

Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының жетекшісі Айдос Сарым аса жоғары жылдамдықпен өзгеріп жатқан әлемге бейімделу қажет екеніне және интеллектуалдық дамудың маңызына ерекше тоқталды. Ол жуырда Мемлекет басшысы кітап оқу мәдениеті мен зерделі ұлт қалыптастыруды көздейтін «Кітап оқитын ұлт» жобасын іске қосу туралы Жарлыққа қол қойғанын еске салды.

«Әлем қарқынды дамып жатыр: шикізат ресурстарының рөлі төмендеп, цифрлық және платформалық экономика алдыңғы қатарға шығуда. Президент цифрландыруды негізгі бағыт ретінде айқындады, ал біздің міндетіміз – бәсекеге қабілетті мемлекет болу. Осы өзгерістерге сәтті бейімделу үшін жастар үнемі білімге ұмтылып, жауапкершілікті өз мойнына алуға дайын болуы қажет», – деді Айдос Сарым.

Өз кезегінде «AMANAT» партиясының Хатшысы Александр Данилов жобаның жаңа маусымы басталғанын жариялап, сарапшы жастар қауымын қалыптастырудың маңызына тоқталды.

«Бүгін біз  BIR TOLQYNDA  жобасының жаңа маусымын бастап отырмыз. Шын мәнінде, 1 шілдеден бастап, жаңа Конституция күшіне енгеннен кейін, бәріміз жаңа өмір шындығына қадам басамыз. Ол – әділетті, тиімді және ашық қоғам. Жастардың осы ауқымды саяси және қоғамдық үдерістің бел ортасында болуы – «AMANAT» партиясы үшін аса маңызды. Сондықтан бүгіннен бастап Астанада және кейін тұтас ел аумағында Мәжілістегі «AMANAT» партиясы фракциясының депутаттарымен, қалалық және аудандық мәслихат депутаттарымен, сондай-ақ қоғам қайраткерлерімен бірге жастарды саясатқа жақындата түсуге күш саламыз. Көп жағдайда саясат алыстағы дүние болып көрінеді. Алайда шын мәнінде ол әрбір жас азаматтың өміріне тікелей әсер етеді. Алдағы уақытта осы жоба арқылы жас көшбасшылардың, саясаткерлер мен қоғам белсенділерінің жаңа буыны қалыптасады деген сенімдемін», – деді Александр Данилов.

Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Үнзила Шапақ құқықтық сауаттылық пен заңнама мәселелеріне ерекше назар аударды.

«Қазақстанда қабылданған жаңа Конституция – ең алдымен болашақ ұрпақтың, жастардың Конституциясы. Себебі онда сіздердің еркін өмір сүрулеріңізге, құқықтарыңыз бен бостандықтарыңызды қорғауға негіз болатын басты құндылықтар айқындалған. Қоғамдық және саяси белсенді жастардың құқықтық мәдениеті жоғары болуы аса маңызды. Өйткені шынайы белсенділік – тек эмоцияға ерік беру емес. Ол – жауапкершілік, заңды құрметтеу, өз ұстанымыңды біліммен, табандылықпен және мәдениетпен қорғай білу. Елдің ертеңі белсенді ғана емес, құқықтық сауатты жастардың қолында», – деді Үнзила Шапақ.

Осы орайда, «Жастар Рухы» жастар қанатының төрағасы Ақерке Искандерова аталған бастаманың ауқымы туралы баяндады. Оның айтуынша, BIR TOLQYNDA жобасы – оң өзгерістерге ұмтылатын саналы жастардың бірегей алаңы. Бұл алаң студенттерге жаңа білім ұсынып қана қоймай, олардың өз бастамаларын жеткізіп, сарапшылармен және саясаткерлермен тікелей диалог орнатуына мүмкіндік береді. Бүгінде жоба еліміздің барлық өңірін қамтып, Алматыдағы ірі жоғары оқу орындарында және облыс орталықтарында кездесулер өткізілуде.

Дәріс соңында ең белсенді студенттерге Ричард Нельсонның «Великие генералы» және Саймон Джонсонның «Прогресс» кітаптары табысталды. «Жастар Рухы» жастар қанаты алдағы уақытта да  BIR TOLQYNDA  жобасын жастарды еліміздің қоғамдық-саяси өміріне тартудың және маңызды студенттік бастамаларға қолдау көрсетудің тиімді құралы ретінде дамыта береді.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:109
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 19 Мамыр 2026 18:18
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see138

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see136

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see135

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see135

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see134

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see133

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see132

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see126

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see126

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see124

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see122

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see121

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see121

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see120

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see120

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see119

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see118

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see114

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see113

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары