Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

АҚШ Украинадағы кемінде 13 биозертхананы қаржыландырған

Қостанай облысында алаяқтар рәсімдеген 200 ге жуық кредит бойынша төлем тоқтатылды

Бүгін сыртқа көп шықпаған жөн: Төрт қалада қолайсыз метеожағдай күтіледі

Ақтөбеде маусымашар бәйге өтті

Биыл көмір өндіру саласына 553 млрд теңге инвестиция тартылады

UFC Конор Макгрегордің келесі қарсыласын жариялады

Жыл бойы қолайсыздықтар туындап келеді . Нәлібаев Алматы әуежайы мен вокзалын сынға алды

Түркістан облысының диқандары қауынның алғашқы өнімін жинай бастады

Қытайда жер сілкінісінен екі адам қаза тапты

Астана тұрғындарына терек мамығының қаупі туралы ескертілді

Алматыда әлеуметтік нанның бағасы белгіленді

Жұлдыз Сүлейменова жаңа орынбасарын таныстырды

Қазақстан халқы Құрбан айтта қанша күн демалады

Тоқаев ТМҰ саммитінің қорытындысы бойынша жиналыс өткізді

Путин мен Тоқаев Ресей президентінің Қазақстанға алдағы мемлекеттік сапарын талқылады

Атыраудағы отбасының өлімі: Резонансты іс бойынша сот отырысы басталды

Жұмыс істеп жүріп оқитындарға жаңа жеңілдік ұсынылды

Атыраудағы шулы сот. Сәрсемалиев марқұм ұлының атынан анасына хат жазған

Қарағандыда терезеден құлаған екі бала аман қалды

Қаржы министрлігі Қазақстанның мемлекеттік қарызы туралы мәлімдеме жасады

Сарайда пышақтап, көміп тастаған. Атырау сотында атышулы істің жан түршігерлік мән жайы айтылды

Сарайда пышақтап, көміп тастаған. Атырау сотында атышулы істің жан түршігерлік мән жайы айтылды

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Атырау облысының Жангелдин ауылындағы бір отбасының аяусыз өлтірілуіне қатысты резонанстық іс бойынша алдын ала сот тыңдауында прокурор Мирас Бауыржанов айыптау актісін оқыды. Онда қайғылы оқиғаның хронологиясы егжей-тегжейлі қалпына келтірілген, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Атыраудан.

Атырау облысының Жангелдин ауылындағы бір отбасының аяусыз өлтірілуіне қатысты резонанстық іс бойынша алдын ала сот тыңдауында прокурор Мирас Бауыржанов айыптау актісін оқыды. Онда қайғылы оқиғаның хронологиясы егжей-тегжейлі қалпына келтірілген, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Атыраудан.

Іс материалдарына сәйкес, қылмыс Сұлтан Сәрсемалиев пен оның бұрынғы жұбайының туыстары арасындағы ұзаққа созылған отбасылық жанжал салдарынан болған. Тергеу нұсқасы бойынша, негізгі келіспеушіліктер Сәрсемалиевтің балаларының қайда тұратыны мен тәрбиесіне қатысты мәселелерден туындаған.

Айыптау актісіне сүйенсек, 2025 жылғы 3 қарашада сотталушының бұрынғы қайын енесі Нәсіп Өтешқалиева одан балалар мәселесін шешуді талап еткен: отбасылық дауды түпкілікті реттеу үшін немере қыздарын өзінде қалдырып, қалған балаларды үйіне алып кетуін сұраған.

Іс материалдарында көрсетілгендей, осы әңгімеден кейін екі жақ арасындағы жанжал өрши түскен.

"Келіспеушіліктер өз пайдасына шешілмейтінін түсінген Сұлтан Сәрсемалиев қасақана кісі өлтіру туралы шешім қабылдаған", - делінген айыптау актісінде.

Прокурордың айтуынша, айыпталушы қылмыс жасау үшін алдын ала ауладағы қораны таңдаған. Ол осылайша іс-әрекетін бөгде көзден таса қылғысы келген.

Нәсіп Өтешқалиеваны өлтіруі

Тергеу нұсқасы бойынша, 2025 жылғы 3 қарашада таңғы сағат 8 шамасында Нәсіп Өтешқалиева аулада үй шаруасымен айналысып, ара-тұра қораға кіріп жүрген.

ҚАЗІР ТАЛҚЫЛАНЫП ЖАТЫР

Қызылордада тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласын дамыту тақырыбында форум өтті

12 мамыр 22:48 2

Қазақстанның Ибраһим келісімдеріне ресми түрде қосылу рәсімі Астанада өтуі мүмкін

27 сәуір 20:44 1

Министр Қазақстандағы курьерлер мен такси жүргізушілері үшін алаңдатарлық болжам айтты

27 сәуір 18:41 1

Осы сәтте Сұлтан Сәрсемалиев қораға кіріп, кіреберістен ас үй пышағын көрген. Тергеу мәліметінше, ол бұл пышақты қылмыс құралы ретінде пайдалану үшін алдын ала дайындап, ыңғайлы жерге қойып кеткен.

Одан әрі, таңғы сағат 9 шамасында ол қайын енесінің қораға кірген сәтін аңдып тұрған. Әйел ішке кіргеннен кейін, ол артынан ілесіп кіріп, оның кеуде тұсы мен арқасына бірнеше рет пышақ салған.
Алған жарақаттарынан әйел есін жинамастан, оқиға орнында көз жұмған.

Мақсот Қарабалинді өлтіруі

Іс материалдарына сәйкес, қылмыстық жоспарының бірінші бөлігі іске асқанына көз жеткізген Сұлтан Сәрсемалиев терезе арқылы Мақсот Қарабалиннің (сотталушы Сәрсемалиевтің бұрынғы қайын атасы - ред. еск.) үйден шығып, қораға қарай бет алғанын көрген.

Мақсот Қарабалин ішке кірген кезде, Сәрсемалиев оның кеудесіне, арқасына және қолына ас үй пышағымен бірнеше рет соққы жасаған, деп атап өтті мемлекеттік айыптаушы.

Алған жарақаттарынан қария да есін жинамастан, сол жерде жан тапсырған.

Қылмысты жасыру

Кісі өлтіргеннен кейін Сұлтан Сәрсемалиев қораны жауып, үйге оралған және ісін түнде жалғастыруды ниет етіп, әрекетін уақытша тоқтатқан.

Түн ортасына таман ол қораға қайта оралып, тереңдігі шамамен 1,3 метр болатын шұңқыр қазған және ол жерге Нәсіп Өтешқалиева мен Мақсот Қарабалиннің мәйіттерін көмген.

Содан кейін ол жерге линолеум төсеп, үстіне кереует қойып, жерленген орынды жасырып қойған. Сондай-ақ үй-жайды қан іздерінен тазалаған.

Сотталушы Сұлтан Сәрсемалиев. Фото сот залынан Tengrinews.kz: Әлімжан Аманжол

Бұған дейін сотта Атыраудағы бір отбасын өлтіру мотиві айтылған еді.

Айта кетейік, 18 мамырдағы отырыс барысында прокурор Мирас Бауыржанов айыптау актісін оқыды, онда сотталушының бұрынғы жұбайының туған ағасы Наурыз Мұқанғалиевтің және отағасы Мақсот Қарабалиннің өліміне әкеп соққан жанжалдың мән-жайы егжей-тегжейлі баяндалған.

Осы деректер жария етілген кезде Tengrinews.kz тілшілері сотталушы Сәрсемалиевтің прокурор айыптауларына реакциясын түсіріп алды. Ол прокурорды ешқандай қобалжусыз тыңдап отырды, тіпті бір сәтте оның жүзінен күлімсіреуге ұқсас белгі байқалды.

Айта кетейік, алдын ала сот отырысы - бұл тараптар іс материалдарымен танысатын, процессуалдық мәселелерді талқылайтын және сотта істі одан әрі қарау тәртібі айқындалатын кезең. Басты сот талқылауы 28 мамырға белгіленді.

Атышулы істі бұған дейін Яна Легкодимованың өліміне қатысты резонансты іс бойынша үкім шығарған судья Зарема Хамидуллина қарайды.

Сот залынан фото Tengrinews.kz: Әлімжан Аманжол

Бұл кадрларды Tengrinews.kz журналистері сот отырысы басталғанға дейін түсіріп алған.

Адам өлтіру, ұрлық және алаяқтық: күдіктіге қандай айып тағылып отыр?

Сұлтан Сәрсемалиевке Қылмыстық кодекстің бірден үш бабы бойынша айып тағылған:

99-баптың 2-бөлігі 1 және 13-тармақтары "Екі немесе одан да көп адамды өлтіру";
188-баптың 2-бөлігі "Адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен жасалған ұрлық";
190-бап "Алаяқтық".

Прокуратура мәліметінше, ұрлық пен алаяқтық эпизодтары қаза тапқандардың жеке заттарын жымқыру және олардың малын заңсыз сату фактілерімен байланысты.

Бұған дейін Атырау облысының прокуратурасы психологиялық-психиатриялық сараптама қорытындысы бойынша Сұлтан Сәрсемалиевтің есі дұрыс деп танылғанын хабарлаған болатын. Бұл оның заңда қарастырылған көлемде толық жауап беретінін білдіреді.

Тағылған айыптарды ескере отырып, оған өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.

10 мамырда БАҚ беттерінде Сұлтан Сәрсемалиевтің кінәсін мойындағаны және қазіргі уақытта тергеу изоляторында сотты күтіп отырғаны хабарланды. Дереккөздердің мәліметінше, айыпталушы қылмыстық іс материалдарымен танысып, кінәсін мойындау туралы жауап берген.

Күдіктінің жұбайына неге айып тағылмады?

10 наурызда тергеу соты қаза тапқандардың қызы және Сұлтан Сәрсемалиевтің жұбайы Ақбаян Мұқанғалиеваны сот-психологиялық-психиатриялық сараптамадан өту үшін Атырауда сот-психологиялық-психиатриялық сараптамадан өтуге жіберді.

Наурызда прокуратура өкілдері әйелден психикалық бұзылу белгілері анықталса, оған Алматыда сараптама тағайындалатынын хабарлады.

10 сәуірде Мұқанғалиева Алматыдағы Сот сараптамасы институтына ауыстырылды.


Ақбаян Мұқанғалиева / ІІМ видеосынан кадр

4 мамырдағы жағдай бойынша Мұқанғалиеваға қатысты сот-психологиялық-психиатриялық сараптаманың қорытындысы әлі алынған жоқ. Прокуратура оның іс-әрекеті әлі сараланбағанын және оған қатысты бұлтартпау шарасы таңдалмағанын хабарлады.

"Мұқанғалиеваның іс-әрекеттері сараланған жоқ, оған қатысты бұлтартпау шарасы таңдалмады. Қылмыстық құқық бұзушылықтарды күдікті Сәрсемалиев жеке өзі жасаған. Басқа тұлғалардың қатысы бар екендігі туралы деректер анықталған жоқ. Сот-психологиялық-психиатриялық сараптаманың қорытындысына сәйкес, Сәрсемалиев өз іс-әрекетінің нақты сипаты мен қоғамдық қауіптілігін сезінуге, сондай-ақ оған ие болуға қабілетті деп танылды", – деп хабарлады прокуратура.

Бір отбасының өліміне қатысты іс

2025 жылдың желтоқсанында туыстары зейнеткер ерлі-зайыпты мен олардың ересек балаларының жоғалғаны туралы хабарлаған еді.

Сол кездегі мәлімет бойынша, отбасы үйден белгісіз бағытқа шығып кетіп, содан бері олардың қайда екені белгісіз болып келген.

Фото: полицияның баспасөз қызметі

Іздеуде төрт ересек адам болды:

66 жастағы Мақсот Қарабалин; 64 жастағы Нәсіп Өтешқалиева; 35 жастағы қызы Мейрамгүл Қарабалина; 32 жастағы ұлы Наурыз Мұқанғалиев. Ерлі-зайыптының денелері қай жерден табылды?

6 қаңтарда Жангелдин ауылында зейнеткер ерлі-зайыптының денелері табылды. Кейін құқық қорғау органдары мәйіттердің үй ауласындағы шаруашылық құрылыс астынан табылғанын хабарлады.

Ерлі-зайыптыны жерлегеннен кейін, 8 қаңтарда полиция іс бойынша негізгі күдіктіні жариялады. Ол отбасының 29 жастағы күйеу баласы – Сұлтан Сәрсемалиев болып шықты. Ол отбасының кенже қызы Ақбаян Мұқанғалиевамен бірге елден кетіп қалғаны белгілі болды.

Ер адамға халықаралық іздеу жарияланды.

Күдіктілер Индонезияда ұсталды

24 ақпанда Сәрсемалиев пен Мұқанғалиева Индонезияның Сенару ауылындағы қонақ үйлердің бірінде ұсталды.

Келесі күні, 25 ақпанда Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов Ақбаян Мұқанғалиеваның да іс бойынша күдікті деп танылғанын хабарлады.

Ағалы-қарындасты жерлеу рәсімі

9 наурызда күдікті ерлі-зайыпты Алматыға экстрадицияланғаны белгілі болды. Онда Сәрсемалиев Наурыз Мұқанғалиев пен Мирамгүл Қарабалинаны өлтіргенін мойындап, олардың көмілген жерін көрсетті.

Ағалы-қарындастың денелері Атырау іргесіндегі Геолог шағынауданынан табылды. Олар негізгі күдікті бұрын жалдап тұрған үй ауласына көмілген.

11 наурызда Қызылқоға ауданы Жангелдин ауылында ағалы-қарындасты жерлеу рәсімі өтті.

Фотоны дереккөз арнайы Tengrinews.kz үшін ұсынды

Бұған дейін туыстары Tengrinews.kz тілшісіне пікір білдіруге дайын емес екендіктерін айтып, бұл барлық жақындары үшін үлкен қайғы екенін атап өтті.

"Ағайынды екеуі қарапайым әрі мейірімді жандар еді, қолдарында барымен бөлісуге әрқашан дайын тұратын. Ешкімге зияны тиген емес. Олар ата-анасының қасына жерленді", – деді туыстарының бірі.

Сәуірдің соңында облыс прокурорының көмекшісі Жандар Болатбек қылмыстардың жарты жыл бойы жасалғанын хабарлады: отбасының ұлы Наурызды күдікті 2025 жылдың мамырында өлтіріп, отбасының қалған мүшелерін қарашада мерт қылғанын хабарлаған болатын.

Сарапшылар әрбір қаза тапқан адамның денесінен алтыдан астам пышақ жарақатын анықтады. Соққылар ас үй пышағымен мойын және кеуде тұсына жасалған.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу
Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:97
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 18 Мамыр 2026 19:09
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

АҚШ Украинадағы кемінде 13 биозертхананы қаржыландырған

16 Мамыр 2026 22:02see114

Қостанай облысында алаяқтар рәсімдеген 200 ге жуық кредит бойынша төлем тоқтатылды

17 Мамыр 2026 20:11see111

Бүгін сыртқа көп шықпаған жөн: Төрт қалада қолайсыз метеожағдай күтіледі

17 Мамыр 2026 09:29see110

Ақтөбеде маусымашар бәйге өтті

18 Мамыр 2026 09:59see110

Биыл көмір өндіру саласына 553 млрд теңге инвестиция тартылады

18 Мамыр 2026 08:28see110

UFC Конор Макгрегордің келесі қарсыласын жариялады

17 Мамыр 2026 20:03see109

Жыл бойы қолайсыздықтар туындап келеді . Нәлібаев Алматы әуежайы мен вокзалын сынға алды

18 Мамыр 2026 11:30see108

Түркістан облысының диқандары қауынның алғашқы өнімін жинай бастады

18 Мамыр 2026 10:42see108

Қытайда жер сілкінісінен екі адам қаза тапты

18 Мамыр 2026 10:25see107

Астана тұрғындарына терек мамығының қаупі туралы ескертілді

18 Мамыр 2026 14:23see107

Алматыда әлеуметтік нанның бағасы белгіленді

18 Мамыр 2026 09:48see107

Жұлдыз Сүлейменова жаңа орынбасарын таныстырды

18 Мамыр 2026 12:42see107

Қазақстан халқы Құрбан айтта қанша күн демалады

17 Мамыр 2026 09:44see107

Тоқаев ТМҰ саммитінің қорытындысы бойынша жиналыс өткізді

17 Мамыр 2026 09:44see106

Путин мен Тоқаев Ресей президентінің Қазақстанға алдағы мемлекеттік сапарын талқылады

17 Мамыр 2026 14:43see105

Атыраудағы отбасының өлімі: Резонансты іс бойынша сот отырысы басталды

18 Мамыр 2026 11:38see105

Жұмыс істеп жүріп оқитындарға жаңа жеңілдік ұсынылды

17 Мамыр 2026 13:23see103

Атыраудағы шулы сот. Сәрсемалиев марқұм ұлының атынан анасына хат жазған

18 Мамыр 2026 18:31see103

Қарағандыда терезеден құлаған екі бала аман қалды

18 Мамыр 2026 16:59see103

Қаржы министрлігі Қазақстанның мемлекеттік қарызы туралы мәлімдеме жасады

18 Мамыр 2026 17:02see102
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары