Иранның үш азаматына қатысты компанияның 2,3 мың гектар жері мемлекетке қайтарылды
Qazaq24.com, Zakon.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
Жер заңнамасының сақталуына жүргізілген талдау барысында Ескелді ауданындағы жер учаскелерін иеленген заңды тұлғаның құрылтайшылары Иранның үш азаматы екені анықталған. Прокуратура мәліметінше, аталған жер учаскелері Қазақстан Республикасының Жер кодексінің талаптарын бұза отырып берілген.
Осыған байланысты Ескелді ауданының прокуратурасы мемлекет мүддесін қорғау үшін сотқа талап арыз берді.
"Сот талап арызды қанағаттандырып, 2,3 мың гектардан астам ауыл шаруашылығы жерін мемлекет меншігіне қайтару туралы шешім шығарды". Жетісу облысы прокуратурасы
Сот шешімі әзірге заңды күшіне енген жоқ.
Жалпы, прокурорлық ден қою шараларының нәтижесінде Жетісу облысында мемлекетке жалпы құны 1,7 млрд теңгеден асатын 41,1 мың гектардан астам жер қайтарылды.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:Алматыда 17 миллиард теңгенің жері мемлекетке қайтарылды
08 Сәуір 2026 10:24
Батыс Қазақстан облысында 6,2 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды
03 Тамыз 2026 11:33
Берік Асылов: Олигополия иелігіндегі 800 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды
12 Қаңтар 2026 15:46
Атырау облысында игерілмей жатқан 5 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды
20 Сәуір 2026 13:14
Ақмола облысында бос жатқан 26 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды
11 Маусым 2026 11:54
Көрілімдер:53
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 08 Қазан 2026 20:03 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















