Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu
Туыстары табылмаған 60 жастағы әйел Қордай ауруханасында үш жылдан бері жатыр

Туыстары табылмаған 60 жастағы әйел Қордай ауруханасында үш жылдан бері жатыр

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Қатерлі ісікке шалдыққан науқастың осы уақытқа дейін туыстары да, жеке басын растайтын құжаттары да табылмаған, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Науқастың аты-жөні мен тұрғылықты мекенжайы белгісіз. Құжаттары болмағандықтан, өңірдегі бейімдеу орталықтары оны қабылдаудан бас тартқан. Ал дәрігерлер өздігінен жүріп-тұра алмайтын әйелді ауруханадан шығаруға мәжбүр болмаған.

Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, үш жыл ішінде науқасты іздеп келген ешкім болмаған. Жақында тілі ептеп шыға бастаған әйел бұрын шаруа қожалығында мал баққанын айтқан.

Телеарна дерегінше, денсаулығы нашарлаған әйелді белгісіз адамдар аурухана алдына қалдырып кеткен болуы мүмкін.

– Науқастың туыстары мен жеке мәліметін табу мүмкін болмады. Еліміздегі ақпарат жүйесінен де ештеңе табылмады. Қазір науқасқа хирургия бөлімінде қажет ем-шарасы, күнделікті күтімі көрсетіліп жатыр. Оның жағдайы ауыр болғандықтан, біз оны ауруханадан шығарып жібере алмаймыз, – деді Қордай аудандық орталық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Назгүл Тобышақова.

Қазір әйел дәрігерлердің тұрақты бақылауында. Медициналық мекеме қызметкерлері оған қажетті ем-дом мен күнделікті күтім көрсетіп отыр.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:100
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 08 Қазан 2026 19:09
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары