Жамбылда 30 жылдан бері тазартылмаған арықтар механикалық тәсілмен жаңартылып жатыр
Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..
АСТАНА, 8 желтоқсан – Sputnik. Жамбыл облысында 30 жылдан кейін алғаш рет жер арықтары механикалық тәсілмен тазартылып жатыр, деп хабарлады су ресурстары және ирригация министрлігі.
2026 жылғы вегетация кезеңіне дайындық аясында аймақтағы онға жуық арық механикалық әдіспен тазартылып жатыр.
"Қазсушар" РМК Жамбыл филиалы жүргізіп жатқан бұл жұмысқа министрлік жаңа арнайы техника ұсынып отыр. Нәтижесінде лай, қиыршық тас және өсімдіктерден тазарту су шығынын азайтып, арықтар арқылы егістік алқаптарына суды тиімдірек жеткізуге мүмкіндік болып отыр.
"Сұлутөр" каналы таудан бастау алып, 120 гектардан астам жоңышқа алқабын сумен қамтып отыр. Арықтың тазартылмағанына 30 жыл болды. Бұрын ауыл тұрғындарымен жиналып, арықты тауға дейін күрекпен тазалайтынбыз. Одан бері қанша жыл өтті. Арық бітеліп, шөп өсіп кеткен еді. Соның салдарынан ауылға су дұрыс жетпейтін",- деген ауыл тұрғындары көктемнен бері су жақсы келіп жатқанын айтады.
Механикалық тазарту жұмыстары қазан айының ортасында басталған болатын. Бұл жұмысты суару маусымы басталғанға дейін толық аяқтау жоспарланып отыр.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:26
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 08 Желтоқсан 2025 09:14 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















