Астанада үлескерлер үш жылдан бері үйлерін ала алмай жүр
Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
Астанадағы Madrid-3 тұрғын үй кешенінің үлескерлері өз пәтерлерінің кілтін үшінші жыл қатарынан ала алмай жүр. Тұрғындардың айтуынша, үйді 2022 жылы тапсыру қажет болған, алайда нысан әлі күнге дейін аяқталмаған, ал құрылыс компаниясы тұрғындарға бос уәде беріп келген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Фото: Ашық дереккөз
Компания бастапқыда үйді қазан айында тапсырамыз деді, кейін қарашаға ауыстырды. Тіпті компания үлескерлерге ақшаларын қайтарып алуды сұраған, алайда тұрғын үй бағасының тұрақты өсуіне байланысты бұл нұсқа оларға тиімсіз.
«Біз қаражатты салып қойдық, тұрғын үй құрылысының аяқталуын шыдаммен күттік. Бүгінде олар пәтеріміздің кілтін табыстауға тиіс еді. Бірақ олар келісімді бұзғызы келеді. Мен 3,5 жыл бұрын бұл үйге ақша салдым, олар сол ақшаны қайтаруға дайын, бірақ маған ақша керек емес. Маған пәтер керек. Қазір сол ақшаға пәтер сатып ала аламыз ба? Мүмкін бе ол? Жарты пәтердің өзін әзер аламыз», дейді үлескер Жаухаз Саутбаева.
Тамыз айында тағы бір үлескер Гүлнар Сабитова сот құжатында кешеннің жылу жүйесінен ажыратылуы мүмкін деген ақпарат шыққанын көріп, себебін білу үшін ресми сұрау жіберген. Сондай-ақ жер телімін босату қажет болуы мүмкін деген сот шешімі де тұрғындардың алаңдауын күшейткен.
Жергілікті тұрғындардың айтуынша, тағы бір үлкен мәселе – үйде жылудың жоқтығы. Компания осы және басқа да кемшіліктердің бар екенін мойындап отыр. Құрылыс компаниясының ресми өкілі 24KZ телеарнасына берген түсініктемесінде мұндай олқылықтар құрылыс мерзімінің созылып кетуінен болғанын айтты.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:88
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 06 Желтоқсан 2025 03:07 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















