Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада жүзуден Әлем кубогының кезеңі өтеді

Куала Лумпурдағы туристік көрмеде Алматы павильонына 10 мыңнан астам адам келді

Гүлзира Айдарбекова өзін сынап жатқандарға жауап берді

Ақтаудағы лицей қашықтан оқытуға көшті: Оқу ағарту министрлігі ата аналардың шағымын тексеріп жатыр

Мүгедектігі бар спортшы федерация басшысын алаяқтық жасады деп айыптады: полиция шешім қабылдады

Алматыда автокран өздігінен жүріп кетіп, таудан құлады

Бюджетке түскен батпан

“Бұл сен бе?“ Ұшқыш әкесі мен қызы ерекше жағдайда кездесті

Петропавлда өртенген үйден әйел мен үш газ баллоны шығарылды

Бюджет 2028 жылға дейін бекітілді Зияткерлік мектептердегі орындар не болмақ

Мектеп формасының түсі мен шаш үлгісі: Сүлейменова оқушыларға қандай талап қоюға болатынын түсіндірді

Қызылордада мұнай өңдеу зауытында өрт шықты: 120 тонна мұнай жанып кетті

Жазғы Азия Ойындарына қатысатын боксшылар белгілі болды

ЕАЭО елдеріндегі нақты жалақы өсімі қандай инфографика

Қазақстан ақылды шекара моделін дәйекті түрде дамытып жатыр Тоқаев

Түзету орталығындағы баламен болған жанжалдан кейін қазақстандыққа рақымшылық жасалды

Әлемнің бүкіл еркек кіндіктісін жек көріп кеттім : Дана Нұржігіт Азамат Cатыбалдының өнеріне тәнті болды

Тоқаев Тәжікстан президенті мен халқын ел тәуелсіздігінің 35 жылдығымен құттықтады

Қазақстан Қашаған операторы NCOC компаниясынан 4,9 млрд доллар айыппұл өндіруді тоқтатты

Беларусь БАҚ тары Рыбакинаның US Open дегі жетістігіне алаңдаулы

Екібастұз тұрғындары 10 жылдан бері орталық жылуға қосыла алмай отыр

Екібастұз тұрғындары 10 жылдан бері орталық жылуға қосыла алмай отыр

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Аталған шағынаудан Екібастұз қаласының шеткері бөлігінде, № 23, 25, 26 шағынаудандармен жапсарлас орналасқан. Мұндағы баспанасың бәрі — жер үйлер.

Жаңа аудан ретінде 2008 жылдан салына бастап, арада 7 жыл өткенде барлық жер телімдерінде құрылыстар толықтай бой көтерген. Яғни, аумақта бос жер жоқ деуге болады.

Үй иелері баспаналарын пеш жағып жылытады. Қысқы мезгілде үйлер бұрқыраған қою түтінге көміліп, ащы ыстың иісі есік-терезеден кіреді. Тұрғындар далаға кір жая алмайтындарын айтады. Ал көшеге шығып, серуендейін десе ауадағы көмірқышқыл газын жұтуға мәжбүр.

Жұртшылық үйлерінің дәл жанынан өтетін орталық жылу магистраліне қосыла алмай отыр. Себебі көшелерге жылу құбыры жүргізілмеген.

Фото: Дана Әмірова

— 2010 жылы үйімізді салып, көшіп келдік. Қара күзден көктемге дейін үзбей пеш жағамыз. Жолдасым екеуіміз жұмыстамыз, ал үйде ұлым ғана. Ол пеш жаға алмайды. Кейде аңыраған суық бөлмеде бізді кешке дейін күтіп отыруға мәжбүр. Айналамыздағы жер үйлердің көбі ұзақ жанатын пештер қойып алған. Құрылғылар қауіпсіздік талаптарына сай емес, кейде жарылып, өрт шығады. Жалпы аудан бойынша өрт көп, 2023 жылы біздің көшеде бір үй отқа оранып, ішінде кішкентай бала қалып қоя жаздады. Одан кейін дүкен мен монша өртеніп кетті. Тағы екі баспана толығымен күлге айналса, бірнеше үйдің жанында бөлек шығарылған пештері жарылды. Әрбір оқиға біздің өмірімізге үлкен қауіп. Құдай бетін аулақ қылсын, егер төтеннен үлкен өрт тұратын болса, онсыз да тығыз салынған тұтас көшелер күлге айналғалы тұр, — деп қынжылады Петренко көшесінде тұратын Дана Әмірова.

Фото: Дана Әмірова

Үйлерін орталық жылу желісіне қосып беруді сұраған көпшілік 2017 жылдан бері әкімдікке, тиісті органдарға хат жазумен келеді. Әкімнің есептік кездесулерінде де жиі көтерілетін мәселенің біріне айналған. Алайда биліктің сырғыма жауабы жергілікті тұрғындарды қанағаттандырмай отыр.

Бір қызығы, бұл аумақтан кейін бой көтерген № 23 шағынаудандағы барлық жеке үйлер орталық жылуға қосылған. Тұрғындардың айтуынша, ол ауданда баспаналар әлі күнге толық салынып бітпеген, бос кеңістіктер баршылық. Ендеше билік пен жылуға жауапты кәсіпорын № 22 шағын ауданды неліктен елемей отырғаны түсініксіз.

— Орталық жылу құбыры дәл жанымыздан өтсе де, соған қосыла алмай отырғанымыз өкінішті. Қаланы жылумен қамтып отырған жылу-энергия орталығы жақын жерде орналасқан. Кейде жел бағыты өзгергенде одан ұшқан түтін мен шаң-тозаң борап, үйімізден шығудан қаламыз. Бір қыста шамамен 100-150 мың теңгенің көмірін жағамыз. Ондай шығынды біз сияқты қарапайым адамдардың барлығының қалтасы көтере бермейді. Мұнда жалғыз басты қарт адамдар мен көпбалалы отбасылар тұрып жатыр. Олардың жағдайын ойлап отырған ешім жоқ. Қала басшылығы жаңа жыл мерекесінде бюджеттен миллиондаған теңге қаражат бөліп, шаһардың ішін әлем-жәлем етіп әшекейлеп қояды. Сол қаражатты біздің мұң-мұқтажымызды шешуге бағыттаса болмас па? — дейді Дана Әмірова.

Фото: Дана Әмірова

Ал зейнеткер Сағила Қырықбесова «2023 жылы 22-ші шағын ауданға жылу құбыры тартылады» деген биліктің сөзіне сеніп, отбасымен көшіп келгенін жеткізді.

Алайда арада 3 жылдай уақыт өтсе де, уәде орындалмаған. Ұзақ жылғы бейнетінің зейнетін көретін шаққа жеткенде де қиындықтан көз ашпай, күні бойы үйіне шелектеп көмір тасып, пеш жағумен өмірін өткізуде.

— Былтыр күзде үйімізден шығарылған күлдің шоғы желмен ұшып, гаражымызды өртеді. Абырой болғанда өрт сөндірушілер жедел жетіп, сөндіріп алды. Көшелерде орталық кәріз жүйесі бар, бірақ оны жағдайы жететін тұрғындар ғана тартып алған. Кейбір үйлер әлі күнге жеке септикті пайдаланады. Бұл да үлкен мәселенің бірі. Бұдан бөлек, көшелерде әлі күнге асфальт төселмеген, ол жылу құбыры жүргізілген соң пайда болады деп отыр биліктің адамдары. Көктемде қар ерігенде толарсақтан саз кешеміз. Мына жақта 23-ші шағынаудан бізден кейін тұр, жылу құбыры соларға өтіп кетеді де, бізде жоқ. Жылу құбыры тіпті айдаладағы ипподромға дейін салынып тасталған. Ол құбырларға жылу барып тұрса да, жерге көміліп бостан-бос жатыр. Ортада шарасыз күйде қалып отырмыз, — мұңын шақты зейнеткер.

Фото жеке архивінен

Мәселенің ізімен Екібастұз қаласы әкімдігіне хабарластық. Әкімдіктің дерегінше, аталған шағын ауданда 45 екі қабатты және 216 бір қабатты жеке тұрғын үйлер орналасқан.

Бұл баспаналарда шамамен мыңнан астам тұрғын тіршілік етуде. Қолданыстағы желілерде қысым параметрлері жеткіліксіз болуына байланысты аумақты орталық жылу магистраліне қосуға мүмкіндік болмай келген.

— Дейтұрғанмен 2024 жылы ТМ 7/1 қосымша жылу магистралі салынғаннан кейін жобаны іске асыруға жол ашылды. 2025 жылы 22-ші шағын ауданның жылу желілерінің жобасын әзірлеу үшін техникалық шарттар алынды. Қазір ЖСҚ-ны әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Аудан бойынша жылу құбырларының жалпы ұзындығы 4 километр болады. ЖСҚ биыл маусым айына дейін әзірленіп болуы керек. Ал әзірше аумақ тұрғындарына шыдай тұруға тура келеді. Атап өтерлігі, мұндағы осал топтардың жағдайы біздің назарымызда. «Богатырь Көмір» ЖШС жыл сайын қайырымдылық көмек ретінде пешпен жылытылатын үйлердің тұрғындарына (әлеуметтік жағдайы төмен) тегін көмір үлестіреді, — дейді Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары Қаныш Әділжанов.

Фото: gov.kz

Оның сөзінше, негізі Екібастұз қаласында жылу желілерінің құрылысы кезең — кезеңімен жүргізілуде. 2019-2021 жылдар аралығында 23-ші шағынауданның және ипподром ауданының жылу желілерін салу бойынша екі жоба іске асырылған.

Бір ғана ипподром маңына 1,3 млрд теңге жұмсалған. Нәтижесінде қазіргі уақытта қала бойынша орталық жылумен қамтылған жер үйлер саны — 6,5 мыңға жетіп отыр.

Алайда 22-ші шағынаудандағы жер үйлерге құбыр тартуға қаражаттың қашан және қандай көлемде бөлінетінін билік өкілдері айта алмайды.

Фото: Дана Әмірова
Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:169
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 22 Қаңтар 2026 19:16
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада жүзуден Әлем кубогының кезеңі өтеді

07 Қыркүйек 2026 22:03see146

Куала Лумпурдағы туристік көрмеде Алматы павильонына 10 мыңнан астам адам келді

08 Қыркүйек 2026 13:48see145

Гүлзира Айдарбекова өзін сынап жатқандарға жауап берді

07 Қыркүйек 2026 21:43see143

Ақтаудағы лицей қашықтан оқытуға көшті: Оқу ағарту министрлігі ата аналардың шағымын тексеріп жатыр

08 Қыркүйек 2026 16:49see142

Мүгедектігі бар спортшы федерация басшысын алаяқтық жасады деп айыптады: полиция шешім қабылдады

08 Қыркүйек 2026 07:22see141

Алматыда автокран өздігінен жүріп кетіп, таудан құлады

08 Қыркүйек 2026 17:04see141

Бюджетке түскен батпан

08 Қыркүйек 2026 04:59see140

“Бұл сен бе?“ Ұшқыш әкесі мен қызы ерекше жағдайда кездесті

08 Қыркүйек 2026 09:33see140

Петропавлда өртенген үйден әйел мен үш газ баллоны шығарылды

08 Қыркүйек 2026 20:43see140

Бюджет 2028 жылға дейін бекітілді Зияткерлік мектептердегі орындар не болмақ

08 Қыркүйек 2026 13:07see139

Мектеп формасының түсі мен шаш үлгісі: Сүлейменова оқушыларға қандай талап қоюға болатынын түсіндірді

08 Қыркүйек 2026 16:49see139

Қызылордада мұнай өңдеу зауытында өрт шықты: 120 тонна мұнай жанып кетті

08 Қыркүйек 2026 10:15see136

Жазғы Азия Ойындарына қатысатын боксшылар белгілі болды

09 Қыркүйек 2026 01:12see133

ЕАЭО елдеріндегі нақты жалақы өсімі қандай инфографика

08 Қыркүйек 2026 21:40see128

Қазақстан ақылды шекара моделін дәйекті түрде дамытып жатыр Тоқаев

08 Қыркүйек 2026 19:15see124

Түзету орталығындағы баламен болған жанжалдан кейін қазақстандыққа рақымшылық жасалды

08 Қыркүйек 2026 20:05see122

Әлемнің бүкіл еркек кіндіктісін жек көріп кеттім : Дана Нұржігіт Азамат Cатыбалдының өнеріне тәнті болды

08 Қыркүйек 2026 23:41see120

Тоқаев Тәжікстан президенті мен халқын ел тәуелсіздігінің 35 жылдығымен құттықтады

09 Қыркүйек 2026 09:33see120

Қазақстан Қашаған операторы NCOC компаниясынан 4,9 млрд доллар айыппұл өндіруді тоқтатты

09 Қыркүйек 2026 08:07see113

Беларусь БАҚ тары Рыбакинаның US Open дегі жетістігіне алаңдаулы

09 Қыркүйек 2026 10:31see110
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары