Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Паспорт пен жеке куәлікті терминал арқылы рәсімдегенде нені ескеру керек

Күзгі демалыс уақыты белгіленді: оқушылар 26 қазанда каникулға шығады

Атырау облысында Жайық жағалауын нығайту жұмыстары жүріп жатыр

Петропавлда үш адам белгісіз сұйықтық ішіп уланды: екеуі көз жұмды

Такси үшін 15 миллион Балиге сапар қазақстандыққа қомақты сомаға түсті

Ақылы кеңес міндеттелген: Қызылордада микроқаржы ұйымы несие алушы 43 мың адамды алдады

Мессенджерде алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды

Атырауда 50 млн теңгелік жүлде қоры сарапқа салынған Atyrau Open 2026 мәресіне жетті

Әскерге кеткен азаматтардың кредиттері бойынша төлемдер автоматты түрде тоқтатылады

Анкарада Құрылтай феномені кітабының түрік тіліндегі нұсқасы таныстырылды

Қазақстанның Орталық Азиядағы рөлі 7 жылда қалай өзгерді?

Түркия Украина бойынша келіссөзді жіті бақылап отырады дереккөз

Жалақысы 1,4 миллион теңгеге жуық: Қазақстанда кімдер бәрінен көп табады

Кимешекке көмкерілген тарих

Қазақстан құрамасы үстел теннисінен Азия чемпионатының ширек финалына өтті

КҚК 2026 жылы Қазақстан мұнай экспортының 83 пайызын тасымалдайды

Алматыда көшеде жалаңаш жүрген кішкентай қыздың ата анасы табылды

Украина үшжақты кездесу өткізуге дайын Зеленский

Астаналықтар балалар алаңындағы әскери суреттерге наразы болды: әкімдік жауап берді

Әлемнің 900 ден астам палуаны Астана төрінде белдеседі

Бес жылдан бері кәріз суының үстінде отырмыз: Мақат тұрғындары баспанасы үшін алаңдайды

Бес жылдан бері кәріз суының үстінде отырмыз: Мақат тұрғындары баспанасы үшін алаңдайды

Qazaq24.com, Azh.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Мақат кентінде көпқабатты үйлердің жертөлелері суға толып, тұрғындардың мазасы қашқан. Жертөледегі құбырлар тесіліп, сарылдап су ағып жатыр. Осы ылғалдылықтың кесірінен іргетастары да сыр бере бастаған. Қабырғаларда жарық бар. Тұрғындар үй құлап қалады деп алаңдап отыр.

— 5-6 жыл болды жертөлемізді тазарта алмай отырмыз. Канализация мен таза су араласып жертөле ішіне кетіп, онысы кілкіп тұр. ПИК бізде жоқ, кезінде болған тарап кетті. Өйткені пәтерлердің көбін жалға беріп жіберген. Осы 89 пәтерліктің 30-ы ғана ПИК- ке тіркелер, қалғаны кірмей отыр. Осының кесірінен жартысынан көбі ақша төлемей, дым жасай алмай отырмыз. Сол жалға пәтер бергендерден жауапкершілік неге сұралмайды. Кім бізге көмектеседі, — дейді зейнеткер Нәсіп Бимұқанова. 

Әсіресе өз пәтерлерінде де қолқаны қабатын жағымсыз иіске шыдауға мәжбүр болып отырған бірінші қабат тұрғындарына өте ауыр тиіп тұр.

— Біздер бірінші қатарда тұрамыз, жертөленің сасық иісінен қысы-жазы форточканы ашып қоямыз. Әйтпесе демалу мүмкін емес, тұншығып отырмыз, ауру болып тындық, иіс үстіміздегі киімге сіңіп кеткен. Иіс бір жағынан, екіншіден, масамен алысамыз. Бұл жөнінде жер-жерге арыз жаздық, дым нәтиже жоқ, — дейді тұрғын Света Жайлаубаева. 

Тұрғын Элмира Ихласова анасының көзі көрмейтінін, қызының сырқатына байланысты масаға қарсы дәрі шаша алмай отырғанын ашына жеткізді. 

Бұрынғы әкімнің уәдесі

Қоғамдық белсенді Ғазиз Ғабдуллин облыстың экс-әкімі Серік Шәпкенов ауданда болған сапарында осы мәселе көтеріліп, пайдалануға берілгеніне 40-50 жыл болған үйлердің жертөлесін бір рет тазартып беруге уәде еткенін айтады. Өкінішке орай, ол қағаз жүзінде қалған. 

Қоғам белсендісінің айтуынша, жалғыз бұл үй емес, 80/8 үйлік те осы күйде. 

Жоғарғы қабатқа су көтерілмейді

Су толған жертөледен бөлек, кейбір көпқабатты үйлерде сумен қамту мәселесі де бар. Төртінші және бесінші қабат тұрғындары ауыз су жоғары көтерілмейді деп отыр. 

«Атырау облысы Су Арнасы» КМК басшысы Мейірім Қалауи бұл жағдайды үй ішінде орналасқан сорғыдағы ақауға байланысты екенін түсіндірді.

— Мақат кентіне тәулігіне 3,5 мың текше метр ауыз су берілуде. Ал тұрғындар айтқан үйдің 4-5 қабатына су көтерілмей тұрғаны рас. Жергілікті тұрғындар мынаны түсінуі тиіс, біз жертөлеге дейінгі құбыр мен насосқа жауаптымыз. Ал жертөледегі кішігірім насос істен шыққан, оны тұрғындар өздері жөндеп алуы тиіс. Ол жұмысты тұрғындар өздерінің ПИК-не айтып жасатуы керек еді, бірақ ол болмағандықтан ақыры жергілікті әкімдікпен бірлесіп шарасын алатын боламыз. Жалпы су резервуалары биыл жөндеуден өтті, — деді ол. 

Демеушілер есебінен тазаланады

Мақат ауданының әкімі Азамат Мәмбетов көпқабатты тұрғын үйлердің жертөлелері заң бойынша кондоминиум ортақ мүлкіне жататынын және барлық пәтер иелеріне ортақ үлесте екенін айта келіп, алдағы уақытта жертөлелерді демеушілікпен тазарту жоспарда бар екенін жеткізді. Жұмыстардың нақты қашан басталатынын нақты айтқан жоқ.

Бұл ретте кәріз суларын сорып алу құбырлардағы ақауды жоймайды, ал су ғимараттардың астына төгіліп жатыр. Тұрғындардың айтуынша, қабырғаларында жарықтар пайда болған үйлердің іргетасы мен қабырғаларының жағдайы да ашық күйінде қалып отыр.

Жылдар бойы жасаған шағымдарынан нәтиже шықпаған тұрғындарға енді кезекті біржолғы тазалау жұмыстары ұсынылып отыр. Коммуникацияларды жөндеуді кім өз мойнына алатынын және үйлердің қауіпсіздігін кім тексеретінін билік өкілдері әлі түсіндірген жоқ.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Сурет пен видеоны түсірген автор

Бүгін, 12:31

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:50
embedДереккөз:https://azh.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 20 Қазан 2026 17:29
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Паспорт пен жеке куәлікті терминал арқылы рәсімдегенде нені ескеру керек

20 Қазан 2026 17:38see133

Күзгі демалыс уақыты белгіленді: оқушылар 26 қазанда каникулға шығады

20 Қазан 2026 17:30see133

Атырау облысында Жайық жағалауын нығайту жұмыстары жүріп жатыр

20 Қазан 2026 17:30see133

Петропавлда үш адам белгісіз сұйықтық ішіп уланды: екеуі көз жұмды

20 Қазан 2026 19:22see130

Такси үшін 15 миллион Балиге сапар қазақстандыққа қомақты сомаға түсті

20 Қазан 2026 16:42see125

Ақылы кеңес міндеттелген: Қызылордада микроқаржы ұйымы несие алушы 43 мың адамды алдады

20 Қазан 2026 21:42see124

Мессенджерде алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды

20 Қазан 2026 17:03see122

Атырауда 50 млн теңгелік жүлде қоры сарапқа салынған Atyrau Open 2026 мәресіне жетті

21 Қазан 2026 11:52see122

Әскерге кеткен азаматтардың кредиттері бойынша төлемдер автоматты түрде тоқтатылады

20 Қазан 2026 17:03see121

Анкарада Құрылтай феномені кітабының түрік тіліндегі нұсқасы таныстырылды

21 Қазан 2026 07:56see121

Қазақстанның Орталық Азиядағы рөлі 7 жылда қалай өзгерді?

21 Қазан 2026 09:46see121

Түркия Украина бойынша келіссөзді жіті бақылап отырады дереккөз

21 Қазан 2026 09:07see121

Жалақысы 1,4 миллион теңгеге жуық: Қазақстанда кімдер бәрінен көп табады

21 Қазан 2026 08:16see121

Кимешекке көмкерілген тарих

20 Қазан 2026 07:00see120

Қазақстан құрамасы үстел теннисінен Азия чемпионатының ширек финалына өтті

21 Қазан 2026 14:45see119

КҚК 2026 жылы Қазақстан мұнай экспортының 83 пайызын тасымалдайды

20 Қазан 2026 17:29see119

Алматыда көшеде жалаңаш жүрген кішкентай қыздың ата анасы табылды

21 Қазан 2026 20:04see118

Украина үшжақты кездесу өткізуге дайын Зеленский

21 Қазан 2026 14:49see117

Астаналықтар балалар алаңындағы әскери суреттерге наразы болды: әкімдік жауап берді

21 Қазан 2026 19:20see116

Әлемнің 900 ден астам палуаны Астана төрінде белдеседі

21 Қазан 2026 20:15see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары