Біз жай ғана құрал болып қалдық : Бағлан Әбдірайымов ренішін айтты
Aikyn.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
Танымал әнші Бағлан Әбдірайымов өнерін тегін көрсетуді сұрайтын таныстарына үн қатып, әр еңбектің өз құны бар екенін айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Әншінің сөзінше, шығармашылыққа қайта оралғаннан кейін оны түрлі шараларға шақырып, ақысыз ән айтып беруді өтінетін таныстары көбейген. Ол бұған дейін достарының өтінішімен талай жерге барып, тойлар мен түрлі жиындарда өнер көрсеткенін еске алды.
– Жәй ойым ғой. Қайта ән айтып, шығармашылықты қолға алып едім. «Жүрсеңші, бір-екі ән айтып, шашбауымды көтеріп қайтсай» деген ұсыныспен достар шығып жатыр. Баяғыда менсіз түскі ас ішпейтін бауырлар болған. Талай километрді артқа тастап, ауылдарына барып, сахна болса сахна, той болса тойына шығып, қызмет қылып жүретінбіз. Қайда сол балалар? Солардың біреуі жоқ қой. Оқырман жинап алды, танымалдылығын арттырып алды. Кәсіптері өрге домалап кеткен. Сол уақытта біз жай ғана құрал болып қалдық. Сондықтан ондайдан өтіп қойғанбыз. Ақшаңды бер, айналайын, бауырым. Бір-екі ән айтып, шашбауыңды көтере саламыз. Бір әннің өзі кемі 500 мың теңгеге жазылады. Әр нәрсенің бағасы, құны бар, – деді Бағлан Әбдірайымов.
Осылайша әнші шығармашылыққа жұмсалатын уақыт пен қаражатты ескеріп, өнер адамдарының еңбегін бағалауға шақырды.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:44
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 08 Қазан 2026 18:47 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















