Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Балалар тізімде бар, бірақ келмейді: депутат Қазақстан балабақшаларындағы мәселені көтерді

Украинада мектеп оқулықтары казактар ​​тарихын қалай жазып жатыр видео

Жазира Байырбекованың келінімен түскен видеосы көрерменді сүйсінтті (видео)

Қыс мезгілінде автокөлікке аккумуляторды қалай дұрыс таңдау керектігін сарапшы айтып берді

Белгілі спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысым жасалып жатқанын мәлімдеді

Балабақша кезегіне өзгеріс енгізу керек депутаттар

Қазақстанда халықаралық іздеуде жүрген бес шетелдік анықталды

Қазақстанда салықты кейінге қалдыру және бөліп төлеу ережелері өзгерді

Солтүстік Қазақстанда жасөспірімді зорлаған ер адам өмір бойына сотталды

Несие рәсімдеуге қалай тыйым салуға болады: Стоп кредит қызметі қалай жұмыс істейді?

Еурокомиссия мүшеліктен кейін Украинаның ЕО нарығына кіруін шектеуді ұсынды

Сөз бостандығы қайда? : спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысымның күшейгенін айтты

Ынтымақтастықты жандандырған жол

Рахмонов оны тас талқан етеді : АҚШ сарапшысы Моралеске қарсы жекпе жекке болжам жасады

Солтүстік Аралдың аумағы 36% ға ұлғайды

Сауда серіктестігіне серпін

Қазақстанның Елдік климаттық инвестициялық платформасын құру жөніндегі жоба бойынша келісімге қол қойылды

Президент Тоқаев Авазаға келді: оны Сердар Бердімұхамедов қарсы алды

Жетісуда қала тұрғындары алаяқтың арбауына түскен зейнеткерді құтқарды

АМӨЗ Экология министрлігінің бірқатар қорытындысымен келіспеді

Ғалымдар 9 қазанда магниттік дауыл болады деп күтуде

Ғалымдар 9 қазанда магниттік дауыл болады деп күтуде

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Қазақстандықтарға магнит дауылы болуы мүмкін екені ескертілді. Толығырақ мәліметті сарапшылар айтты, деп хабарлайды Tengri Life.

РҒА ҒЗИ мен КЖФИ Күн астрономиясы зертханасының мәліметінше, 9 қазанда G1 деңгейіндегі магнит дауылы болуы мүмкін.

Анықтама: G1 деңгейіндегі магнит дауылы - бұл NOAA бес балдық шкаласы бойынша әлсіз геомагнит дауылы, мұнда G1 - минималды деңгей, ал G5 - экстремалды деңгей.

Бұған дейін ғалымдар бұл магнит дауылына сәрсенбіде Күннен бөлінген плазмалық бұлт себеп болғанын болжаған еді.

"Есептеулер бойынша, ол Жерге дейін шамамен үш тәулікте, жұма күні таңертең жетеді. Жерге соққы тигенде, ғарыштық ауа райының барлық дәстүрлі тізбегі - магнит дауылынан поляр шұғыласына дейінгі құбылыстар басталады, бірақ бұл қалыпты режимде өтеді. Есептеулерге сәйкес, дауыл 10 сағаттан 12 сағатқа дейін созылады (бұл аз уақыт) және G2 орташа деңгейінен аспайды. Шұғылаға келетін болсақ, плазманың таңертең келуі оны көру мүмкін емес екенін білдіреді. Жарық авроральді сопақша қараңғы түскенше сақталар-сақталмасын айту әзірге қиын", - деп атап өтті ғалымдар.

Неге дауыл кезінде денсаулық нашарлауы мүмкін?

Ғалымдар магнит дауылдарының адам ағзасына әсер ету механизмін әлі толық зерттеген жоқ. Дегенмен, дәрігерлер мұндай кезеңдерде кейбір адамдар денсаулығына жиі шағымданатынын айтады.

"Магнит дауылдар метеосезімтал адамдардың жағдайына әсер етуі мүмкін. Әсер ету механизмі толық зерттелмегеніне қарамастан, клиникалық практикада қан қысымның көтерілуіне, бас ауруына, ұйқының бұзылуына және жалпы әлсіздікке шағымданушылар көбейгенін көреміз", - деп атап өткен болатын бұған дейін терапевт Әлия Сағындықова..

Кейбір ғалымдардың зерттеулерінде геомагнит дауылыдардың жүрек және қантамыр мәселелері, сондай-ақ бас ауруы, әлсіздік пен қысымның құбылу қаупімен байланысты болуы мүмкін екені айтылады. Мамандар магнит тербелістер жүрек соғысына, биоырғаққа, тамыр жұмысына және вегетативті жүйке жүйесіне әсер етуі мүмкін деп болжайды.

Қалай қорғануға болады?

Дәрігерлер бұл күндері жүктемені азайтып, денсаулыққа мұқият қарауға кеңес береді:

қан қысымы мен тамыр соғысын бақылау; күйзелістен аулақ болу; көбірек демалу; дәрігер тағайындаған препараттарды қабылдау.

Медицина мамандары көп адам үшін магнит дауылдары айтарлықтай салдарсыз өтетінін, бірақ қауіп тобына жататындарға өз жағдайына ерекше мұқият болған дұрыс екенін атап өтеді.

Тағы оқыңыз: Ғалымдар Күннің арғы бетінде ерекше белсенділікті байқады

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз

Қосу
Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:25
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 08 Қазан 2026 19:40
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Балалар тізімде бар, бірақ келмейді: депутат Қазақстан балабақшаларындағы мәселені көтерді

08 Қазан 2026 00:30see139

Украинада мектеп оқулықтары казактар ​​тарихын қалай жазып жатыр видео

07 Қазан 2026 05:13see137

Жазира Байырбекованың келінімен түскен видеосы көрерменді сүйсінтті (видео)

06 Қазан 2026 21:25see130

Қыс мезгілінде автокөлікке аккумуляторды қалай дұрыс таңдау керектігін сарапшы айтып берді

08 Қазан 2026 09:16see125

Белгілі спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысым жасалып жатқанын мәлімдеді

06 Қазан 2026 21:25see122

Балабақша кезегіне өзгеріс енгізу керек депутаттар

08 Қазан 2026 00:34see119

Қазақстанда халықаралық іздеуде жүрген бес шетелдік анықталды

08 Қазан 2026 09:30see118

Қазақстанда салықты кейінге қалдыру және бөліп төлеу ережелері өзгерді

08 Қазан 2026 00:30see118

Солтүстік Қазақстанда жасөспірімді зорлаған ер адам өмір бойына сотталды

08 Қазан 2026 04:20see118

Несие рәсімдеуге қалай тыйым салуға болады: Стоп кредит қызметі қалай жұмыс істейді?

08 Қазан 2026 11:09see118

Еурокомиссия мүшеліктен кейін Украинаның ЕО нарығына кіруін шектеуді ұсынды

08 Қазан 2026 08:28see117

Сөз бостандығы қайда? : спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысымның күшейгенін айтты

08 Қазан 2026 00:26see114

Ынтымақтастықты жандандырған жол

08 Қазан 2026 03:37see114

Рахмонов оны тас талқан етеді : АҚШ сарапшысы Моралеске қарсы жекпе жекке болжам жасады

08 Қазан 2026 00:15see112

Солтүстік Аралдың аумағы 36% ға ұлғайды

08 Қазан 2026 00:35see112

Сауда серіктестігіне серпін

08 Қазан 2026 03:37see111

Қазақстанның Елдік климаттық инвестициялық платформасын құру жөніндегі жоба бойынша келісімге қол қойылды

07 Қазан 2026 01:59see111

Президент Тоқаев Авазаға келді: оны Сердар Бердімұхамедов қарсы алды

08 Қазан 2026 12:03see110

Жетісуда қала тұрғындары алаяқтың арбауына түскен зейнеткерді құтқарды

08 Қазан 2026 13:34see109

АМӨЗ Экология министрлігінің бірқатар қорытындысымен келіспеді

08 Қазан 2026 13:35see109
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары