Қазақстан СІМ Непал мен Тибетте жоғалған туристерге қатысты мәлімдеме жасады
Tengrinews.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
Сыртқы істер министрлігі Непал мен ҚХР-дың Тибет автономиялық ауданындағы табиғи апат аймағында қалған қазақстандықтарға қатысты жағдайды бақылауда ұстап отыр. Бұл туралы ведомствоның ресми өкілі Жанболат Үсенов Telegram-арнасында жазды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Непал тарапының мәліметінше, Непал аумағындағы іздестіру-құтқару операциясы 5 қазанда ресми түрде аяқталды. Қазір зардап шеккен аймақтарда қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр, оның барысында табылған мәйіттер мен жеке заттар кейін сәйкестендіру үшін тапсырылып жатыр. ҚХР-дың Тибет автономиялық ауданындағы ең көп зардап шеккен Гьиронг уезінде іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр. Қытай тарапы табылған мәйіттерді сәйкестендіру және генетикалық сараптама жүргізіп жатыр.
"Бұған дейін Қазақстаннан барған үш турист хабар-ошарсыз кеткен деп есептелген болатын. Екеуі Непалда, біреуі Қытайда делінген. Непалда болуы мүмкін деп саналған және хабарсыз кеткендер тізімінде тұрған олардың біреуімен байланыс орнатылды. Оның табиғи апат аймағына сапардан бас тартқаны анықталды. Қазіргі уақытта ол Қазақстанда", - деді СІМ ресми өкілі.
Қалған екі отандасымыздың орналасқан жері әзірге белгісіз. Олардың туыстары ықтимал сәйкестендіру үшін қажетті рәсімдерден өтті, соның ішінде ДНҚ-сараптамасына биологиялық материал тапсырды.
"Қазақстандық дипломаттар хабарсыз кеткендердің отбасыларымен байланыста бола отырып, оларға қажет қолдауды көрсетіп жатыр", - деп толықтырды Үсенов.
Непал мен Тибетте не болды?26 тамызда Непал мен Тибет шекарасында жойқын сел жүрді. Су, лай және қоқыс аралас ағын Бхотекоши мен Тришули өзендері аңғарындағы елді мекендерді басып қалып, үйлерді, жолдар мен көпірлерді қиратты. Апат салдарынан жүздеген адам қаза тапты, тағы жүздеген адам хабар-ошарсыз кеткендер тізімінде.
Қазақстан СІМ мәліметінше, Непалда жоғалғандар қатарында біздің отандасымыз бар делінуде. Алдын ала ақпарат бойынша, ол Непалдан Қытайға шекара асқан туристік топ құрамында болған. Кейін екінші қазақстандық іздестіріліп жатқаны белгілі болды.
Тағы оқыңыз: Непал мен Қытай шекарасында тағы бір қазақстандық жоғалуы мүмкін – СІМ
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:96
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 08 Қазан 2026 18:56 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















