Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Украинада мектеп оқулықтары казактар ​​тарихын қалай жазып жатыр видео

Балалар тізімде бар, бірақ келмейді: депутат Қазақстан балабақшаларындағы мәселені көтерді

Жазира Байырбекованың келінімен түскен видеосы көрерменді сүйсінтті (видео)

Қыс мезгілінде автокөлікке аккумуляторды қалай дұрыс таңдау керектігін сарапшы айтып берді

Белгілі спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысым жасалып жатқанын мәлімдеді

Балабақша кезегіне өзгеріс енгізу керек депутаттар

Қазақстанда салықты кейінге қалдыру және бөліп төлеу ережелері өзгерді

Солтүстік Қазақстанда жасөспірімді зорлаған ер адам өмір бойына сотталды

Қазақстанда халықаралық іздеуде жүрген бес шетелдік анықталды

Еурокомиссия мүшеліктен кейін Украинаның ЕО нарығына кіруін шектеуді ұсынды

Несие рәсімдеуге қалай тыйым салуға болады: Стоп кредит қызметі қалай жұмыс істейді?

Сөз бостандығы қайда? : спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысымның күшейгенін айтты

Ынтымақтастықты жандандырған жол

Солтүстік Аралдың аумағы 36% ға ұлғайды

Рахмонов оны тас талқан етеді : АҚШ сарапшысы Моралеске қарсы жекпе жекке болжам жасады

Қазақстанның Елдік климаттық инвестициялық платформасын құру жөніндегі жоба бойынша келісімге қол қойылды

Сауда серіктестігіне серпін

Президент Тоқаев Авазаға келді: оны Сердар Бердімұхамедов қарсы алды

Балықты Атыраудан келе жатқан жолда сатып алған: 9 жасар баланың өлімі туралы не белгілі

Балықты Атыраудан келе жатқан жолда сатып алған: 9 жасар баланың өлімі туралы не белгілі

Tengrinews.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Маңғыстау облысында тоғыз жасар баланың ботулизмнен қайтыс болуына байланысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Бала мен оның отбасының тағы төрт мүшесі Атырау облысынан келе жатқанда қолдан сатып алынған балық өнімін тұтынғаннан кейін ауырып қалған. Tengrinews.kz тілшісі отбасы тұратын ауылға барып қайтты.

Бала ботулизмнің ауыр түрінен Ақтау ауруханасында көз жұмды. Отбасы балықты нақты қай жерден және кімнен сатып алғанын анықтау қазір мүмкін емес: өнім толығымен таусылған, полиция мәліметінше, сатушыны табылмады.

Отбасына көңіл айтушылар келіп жатыр

Уланудан зардап шеккен отбасы тұратын Басқұдық ауылы Ақтаудан шамамен жарты сағаттық жерде орналасқан. Мұнда ауруханада қайтыс болған тоғыз жасар баланың жақындарына көңіл айту үшін адамдар әлі де келіп жатыр.

Басқұдық ауылы. Фото: Tengrinews.kz

Тексеріс барысында оқиғаның кейбір мән-жайы анықталды. Маңғыстау облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, эпидемиологиялық зерттеу кезінде мамандар ауырған адамдардан жауап алған.

Балық Атырау облысынан келе жатқанда тасжол бойындағы белгісіз жерден қолдан сатып алынғаны белгілі болды. Оны үйге әкеліп, тоңазытқышта сақтаған. Кейін отбасылық іс-шара кезінде дастарханға қойылған.

"Балық өнімін 6 адам тұтынған, оның ішінде 5 адам ауырып қалды. Жүргізілген эпидемиологиялық зерттеу нәтижесінде балық өнімінің қалдығы табылмады, соған байланысты зертханалық зерттеу жүргізілген жоқ. Балық Атырау облысы аумағында сатып алынғандықтан, барлық мән-жайды анықтау үшін Атырау облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мен полиция департаментіне тиісті хаттар жолданды. Ол жақтан жол бойында бұл балық өнімін сату деректері анықталмады деген жауап алынды", - деп хабарлады Маңғыстау облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті.

Санэпидемиологтардың мәліметінше, балықты сатқан адам табылмаған, ал өнімді толығымен жеп қойғандықтан, оны зертханада тексеру мүмкін болмай отыр.

21 қыркүйекте не болды?

Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасы 2026 жылғы 21 қыркүйекте бір отбасының төрт мүшесі, оның ішінде кәмелетке толмаған бала медициналық көмекке жүгінгенін хабарлады. Науқастарда ботулизмге тән белгілер болған. Оларға медициналық көмек көрсетіліп, ботулизмге қарсы сарысу егілді.

Облыстық аурухананың фотосы: Tengrinews.kz

Науқастардың жағдайын тұрақтандыру үшін республикалық клиникалардан реаниматологтар, инфекционистер мен неврологтар тартылды. Алайда тоғыз жасар баланың жағдайы өте ауыр болды. Сол күні оны облыстық балалар ауруханасына ауыстырды, ол жерде бала жансақтау бөлімінде жатты.

Балаға ботулизмге қарсы сарысу егіліп, жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Соған қарамастан, науқаста ми ісінуі, көп мүшесінің жеткіліксіздігі дамып, III дәрежелі комаға түскен.

"Көрсетілген барлық медициналық көмекке қарамастан, өкінішке қарай, кәмелетке толмаған баланың өмірін сақтап қалу мүмкін болмады. Қазір үш науқасқа қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр, олар дәрігерлердің бақылауында", - деп хабарлады Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Ботулизм және кома: Денсаумин Ақтаудағы 9 жасар баланың өліміне қатысты мән-жайды айтты

Жақындары Астанадан көмек сұраған

Бала жансақтау бөлімінде жатқанда, оның туыстары жергілікті билікке Ақтауға Астанадан мамандар жіберуді сұрап жүгінген. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, емдеу шараларына республикалық деңгейдегі мамандар - реаниматологтар, инфекционистер мен неврологтар тартылған. Кеңес пен консилиумдар өткізілді. Алайда баланы аман алып қалу мүмкін болмады.

Ресми мәліметтер бойынша, үш ересек адам медициналық көмек алып жатыр және дәрігерлердің бақылауында.

Маңғыстау облыстық полиция департаменті Қылмыстық кодекстің 304-бабы - "Санитариялық қағидаларды немесе гигиеналық нормативтерді бұзу" бойынша тергеу басталғанын хабарлады. Полиция балық өнімі қолдан сатып алынғанын растады. Тергеу отбасы балықты нақты қай жерден алғанын және оны кім сатқанын анықтауы керек.

Ботулизм несімен қауіпті?

Денсаулық сақтау министрлігі ботулизмнің ботулотоксиннен туындайтын ауыр және өлімге әкелуі мүмкін ауру екенін еске салды. Ол жүйке жүйесін зақымдап, салдануға, жұтыну мен тыныс алудың бұзылуына әкеп соғады.

Токсиннің негізгі көзі - технологиясы бұзылып дайындалған немесе сақталған өнімдер: кептірілген және ысталған балық, үй жағдайындағы консервілер, ет өнімдері.

Дәрігерлер қазақстандықтарды бұзылу белгілері бар, иісі өзгерген, қақпағы ісінген немесе рұқсат етілмеген сауда орындарынан сатып алынған өнімдерді тұтынбауға шақырады.

Айта кетейік, 2024 жылғы жазда Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар ауданында жантүршігерлік оқиға болды. Ауылдық дүкеннен сатып алынған бекон және тұшпарамен кешкі ас ішкен бес адамнан тұратын отбасы уланған. Екі бала - үш жасар ұл мен алты жасар қыз қайтыс болды.

Жаппай улануға қатысты бастапқы іс тоқтатылды, алайда отбасына көмек көрсеткен медбикеге қатысты жеке тергеу айыптау үкімімен аяқталды. Оған екі жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, үш жылға медициналық қызметпен айналысуға тыйым салынды. Апелляциялық инстанция үкімді өзгеріссіз қалдырды.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз

Қосу
Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:51
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 08 Қазан 2026 19:14
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see141

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see140

Украинада мектеп оқулықтары казактар ​​тарихын қалай жазып жатыр видео

07 Қазан 2026 05:13see137

Балалар тізімде бар, бірақ келмейді: депутат Қазақстан балабақшаларындағы мәселені көтерді

08 Қазан 2026 00:30see137

Жазира Байырбекованың келінімен түскен видеосы көрерменді сүйсінтті (видео)

06 Қазан 2026 21:25see130

Қыс мезгілінде автокөлікке аккумуляторды қалай дұрыс таңдау керектігін сарапшы айтып берді

08 Қазан 2026 09:16see122

Белгілі спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысым жасалып жатқанын мәлімдеді

06 Қазан 2026 21:25see122

Балабақша кезегіне өзгеріс енгізу керек депутаттар

08 Қазан 2026 00:34see119

Қазақстанда салықты кейінге қалдыру және бөліп төлеу ережелері өзгерді

08 Қазан 2026 00:30see118

Солтүстік Қазақстанда жасөспірімді зорлаған ер адам өмір бойына сотталды

08 Қазан 2026 04:20see117

Қазақстанда халықаралық іздеуде жүрген бес шетелдік анықталды

08 Қазан 2026 09:30see117

Еурокомиссия мүшеліктен кейін Украинаның ЕО нарығына кіруін шектеуді ұсынды

08 Қазан 2026 08:28see116

Несие рәсімдеуге қалай тыйым салуға болады: Стоп кредит қызметі қалай жұмыс істейді?

08 Қазан 2026 11:09see116

Сөз бостандығы қайда? : спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысымның күшейгенін айтты

08 Қазан 2026 00:26see113

Ынтымақтастықты жандандырған жол

08 Қазан 2026 03:37see113

Солтүстік Аралдың аумағы 36% ға ұлғайды

08 Қазан 2026 00:35see112

Рахмонов оны тас талқан етеді : АҚШ сарапшысы Моралеске қарсы жекпе жекке болжам жасады

08 Қазан 2026 00:15see112

Қазақстанның Елдік климаттық инвестициялық платформасын құру жөніндегі жоба бойынша келісімге қол қойылды

07 Қазан 2026 01:59see111

Сауда серіктестігіне серпін

08 Қазан 2026 03:37see110

Президент Тоқаев Авазаға келді: оны Сердар Бердімұхамедов қарсы алды

08 Қазан 2026 12:03see109
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары