Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Балалы пәтер жалдаушы көшпей жатыр: Астана соты үй иесіне не істеу керектігін түсіндірді

Ол Манделаны қорғаған: 2026 жылғы Нобель бейбітшілік сыйлығының лауреаты аталды

Қошанов: Қоғамдық кеңестермен жұмыста кері байланыс әлі де қалыптаспаған

Бала тұлғасы және педагог кәсібилігіне арналған халықаралық жиын өтті

“Бағалар Алматыдағыдай дерлік“: қазақстандық қыздар Жапонияға барар алдындағы лайфхактарымен бөлісті

Қазақстанда 760 мыңнан астам адам ЖРВИ жұқтырған

Алматыдағы кіреберістерде ер адамның күдікті әрекеті камераға түсіп қалды

Жасанды интеллект полицияға адам өлтіру туралы жалған хабар жіберген

Ғалымдар әлемдегі алғашқы ядролық сағаттарды жасап шығарды

Алдап шақырып, ұрып соғып, көлігін тартып алған : Астанада бопсалаушылар тобы сотталды

ЕАЭО елдері еңбек көші қоны және еңбеккерлерді әлеуметтік қорғау мәселелерін талқылады

Елордалық оқушы Tiktok көретін балалардың зейінін зерттейтін нейрожоба әзірледі

Әділет партиясында жасанды интеллект зертханасы іске қосылады

Медицина қызметкерлерінің кәсіби мәртебесі туралы заң жобасын әзірлеу жұмысы басталды

Елордалықтар өтініші тыңдалды

Кеңейтілген құрамда кездесті

Қостанай облысында тұрғын үй өртеніп кетті

Алматыдағы бірнеше көше демалыс күндері жабылады

Теміртауда пәтерден ерлі зайыптының мәйіті табылды: күдікті марқұмдардың туған ұлы

Суға жүзуден Ғалымжан Балабек Әлем кубогы кезеңінде ұлттық рекордты жаңартты

30 жыл сахнадан түспеген: Қазақстанға келе жатқан Энрике Иглесиас туралы не білеміз?

30 жыл сахнадан түспеген: Қазақстанға келе жатқан Энрике Иглесиас туралы не білеміз?

Aikyn.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Hero, Bailamos, Escape, Ring My Bells секілді әндерімен бірнеше буынға таныс Иглесиастың үлкен сахнадағы жолы 30 жылдан асып кетті. Бірақ оның тарихын тек әлемге әйгілі Хулио Иглесиастың ұлының сәтті мансабы деп қабылдау дұрыс болмас еді. Керісінше, Энрике алғаш музыка әлеміне қадам басқанда атақты тегін жасыруға тырысты, оқуын тастады, алғашқы жазбасына ақшаны күтушісінен алды. Кейін испан тіліндегі әншіден әлемдік поп-жұлдызға айналып, арада ондаған жыл өткен соң жаңа буын тыңдарманын қайта бағындырды.
Энрике Иглесиас 1975 жылы 8 мамырда Мадридте дүниеге келген. Оның әкесі Хулио Иглесиас сол кезде-ақ әлемге танымал әнші еді. Анасы Исабель Прейслер де Испаниядағы белгілі тұлғалардың бірі болды. Сырттай қарағанда, мұндай отбасында дүниеге келген баланың музыкадағы жолы алдын ала дайын тұрғандай көрінуі мүмкін. Алайда Энрике керісінше әрекет етті. Ол өзінің алғашқы деможазбаларын дыбыс жазу компанияларына Enrique Martinez деген атпен ұсынған. Мұндағы мақсат – продюсерлер оның әндерін «Хулио Иглесиастың баласы» болғаны үшін емес, музыкасының өзіне қарап бағаласын деген ниет еді. Тіпті музыкамен кәсіби түрде айналысу жоспарын әкесінен де жасырған. Бұл шешімнің мәнін түсіну қиын емес.

Әлемге әйгілі адамның баласы үшін фамилия бір жағынан есік ашса, екінші жағынан кез келген жетістікті «әкесінің арқасы» деп қабылдауға себеп болуы мүмкін еді.

Иглесиастың балалық шағында отбасының өмірін өзгерткен ауыр оқиға болды. Оның атасы ұрланғаннан кейін қауіпсіздік мәселесі туындап, Энрике бауырларымен бірге Испаниядан Майамиге, әкесінің қасына көшірілді. Алайда Хулио Иглесиас концерттік сапарларда көп жүретін. Сондықтан Энрикенің тәрбиесіне олардың күтушісі Эльвира Оливарес айрықша ықпал етті. Кейін дәл осы әйел Энрикенің музыкалық мансабының басталуына да көмектеседі. Жас жігіт алғашқы  сынақ аудиожазбасын жасау үшін Эльвирадан ақша алған. Ал алғашқы альбомын кейін оған арнайды.

Мектептен кейін Энрике Майами университетіне түсіп, бизнес саласында білім ала бастайды. Бірақ музыка біртіндеп негізгі мақсатына айналды. Сынақ жазбасы Fonovisa Records компаниясының қызығушылығын тудырған соң, ол университеттегі оқуын тастап, алғашқы альбомын жазу үшін Торонтоға аттанады. Осыдан кейін ғана отбасы оның музыкалық мансапты шындап таңдағанын біледі.

1995 жылы шыққан Enrique Iglesias атты алғашқы альбомы үш ай ішінде миллион данамен сатылды. Ал алғашқы жұмыстарының табысы оған испантілді музыка нарығындағы жаңа жұлдыз ретінде жол ашты. Бірақ Энрикенің алдында бұдан да қиын міндет тұрды: Латын Америкасы мен испантілді аудиториядағы жетістігін бүкіл әлемге тарату. Осылайша бір ән бәрін өзгертті. 1999 жылы Bailamos жарық көрді.


Ән Wild Wild West фильмінің саундтрегіне еніп, АҚШ-тағы Billboard Hot 100 рейтингінің бірінші орнына көтерілді. Ол басқа да көптеген елдің хит-парадтарында жоғары орын алды.
Bailamos Энрике Иглесиастың мансабындағы бетбұрыс болды. Бұған дейін ол негізінен испантілді әлемнің жұлдызы болса, енді ағылшынтілді нарыққа толыққанды кірді. Одан кейін Be With You жарық көріп, ол да АҚШ-та бірінші орынға жетті. Ал 2001 жылы әншінің мансабындағы ең танымал кезеңдердің бірін бастаған Escape альбомы шықты. Escape альбомындағы Hero Энрикенің ең танымал шығармаларының біріне айналды.


Баяу романтикалық баллада оның бұрынғы би хиттерінен мүлде бөлек қырын көрсетті. Hero бес елде бірінші орынға көтеріліп, АҚШ-та Billboard Hot 100 рейтингінде үшінші орынға дейін жетті. Альбомның өзі де әншінің ең ірі халықаралық табыстарының біріне айналды. Осы кезеңде Escape, Maybe, Don't Turn Off The Lights секілді әндер де кең тарады. Нәтижесінде 2000-жылдардың басында Иглесиас жай ғана латынамерикалық музыка өкілі емес, әлемдік поп-индустрияның негізгі жұлдыздарының біріне айналды.

Поп-музыкада 20–30 жыл бойы сұраныста қалу сирек кездеседі. Әсіресе белгілі бір кезеңнің символына айналған орындаушылардың жаңа музыкалық буын келгенде бұрынғы аудиториясымен шектеліп қалуы жиі болады. Иглесиастың мансабы басқаша өрбіді.

2010 жылы Pitbull-мен бірге орындаған I Like It Billboard Hot 100 рейтингінде төртінші орынға көтерілді. Келесі жылы Tonight (I'm Lovin' You) да төртінші орынға дейін жетті. Ал 2014 жылы шыққан Bailando оның мансабына жаңа серпін берді. Одан кейін El Perdón, Súbeme La Radio секілді әндері жаңа буын тыңдармандары арасында кеңінен тарады. Яғни 1990-жылдары Bailamos-пен танылған әнші арада 15–20 жыл өткенде мүлде басқа музыкалық ортада тағы да хит шығара алды.


Энрике Иглесиастың мансабын тек танымал әндермен өлшеу жеткіліксіз. AllMusic оны ХХІ ғасырдың алғашқы кезеңіндегі латын музыкасының ең ірі жұлдыздарының бірі деп сипаттайды. Оның Billboard латын чарттарында 25-тен астам әні бірінші орынға көтерілген. Сонымен бірге ағылшын және испан тілдерінде бірдей ірі аудитория жинауы оның халықаралық мансабының басты ерекшелігіне айналды. Бұл тұрғыда Энрике 1990-жылдардың соңында күшейген латын-поптың әлемдік нарыққа шығу кезеңіндегі маңызды орындаушылардың бірі болды. Бірақ оның ерекшелігі – сол толқын басылғаннан кейін де мансабын жалғастыра алуында.

Назар аударыңыз: Бұл мақала авторлық құқықпен қорғалған. Мәтіннің толық нұсқасын көшіру, тарату немесе басқа басылымдарға жариялағанда авторы көрсетіп, Аikyn.kz сайтына  белсенді гиперсілтеме беру міндетті. Мақаланың жекелеген бөліктерін пайдаланғанда да осы талап сақталуы тиіс.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:158
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 25 Тамыз 2026 13:21
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Балалы пәтер жалдаушы көшпей жатыр: Астана соты үй иесіне не істеу керектігін түсіндірді

09 Қазан 2026 20:27see142

Ол Манделаны қорғаған: 2026 жылғы Нобель бейбітшілік сыйлығының лауреаты аталды

09 Қазан 2026 15:10see138

Қошанов: Қоғамдық кеңестермен жұмыста кері байланыс әлі де қалыптаспаған

09 Қазан 2026 15:56see137

Бала тұлғасы және педагог кәсібилігіне арналған халықаралық жиын өтті

09 Қазан 2026 22:09see135

“Бағалар Алматыдағыдай дерлік“: қазақстандық қыздар Жапонияға барар алдындағы лайфхактарымен бөлісті

09 Қазан 2026 19:03see133

Қазақстанда 760 мыңнан астам адам ЖРВИ жұқтырған

09 Қазан 2026 17:20see133

Алматыдағы кіреберістерде ер адамның күдікті әрекеті камераға түсіп қалды

09 Қазан 2026 21:01see131

Жасанды интеллект полицияға адам өлтіру туралы жалған хабар жіберген

10 Қазан 2026 13:12see127

Ғалымдар әлемдегі алғашқы ядролық сағаттарды жасап шығарды

10 Қазан 2026 15:17see126

Алдап шақырып, ұрып соғып, көлігін тартып алған : Астанада бопсалаушылар тобы сотталды

09 Қазан 2026 14:23see125

ЕАЭО елдері еңбек көші қоны және еңбеккерлерді әлеуметтік қорғау мәселелерін талқылады

09 Қазан 2026 14:26see125

Елордалық оқушы Tiktok көретін балалардың зейінін зерттейтін нейрожоба әзірледі

10 Қазан 2026 10:25see125

Әділет партиясында жасанды интеллект зертханасы іске қосылады

09 Қазан 2026 15:56see123

Медицина қызметкерлерінің кәсіби мәртебесі туралы заң жобасын әзірлеу жұмысы басталды

10 Қазан 2026 17:27see123

Елордалықтар өтініші тыңдалды

10 Қазан 2026 06:26see122

Кеңейтілген құрамда кездесті

10 Қазан 2026 03:45see121

Қостанай облысында тұрғын үй өртеніп кетті

10 Қазан 2026 22:55see120

Алматыдағы бірнеше көше демалыс күндері жабылады

09 Қазан 2026 17:54see119

Теміртауда пәтерден ерлі зайыптының мәйіті табылды: күдікті марқұмдардың туған ұлы

09 Қазан 2026 13:46see118

Суға жүзуден Ғалымжан Балабек Әлем кубогы кезеңінде ұлттық рекордты жаңартты

09 Қазан 2026 17:42see117
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары