Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Барыс соңғы секундтарда есепті теңестіріп, Спартакты жеңді

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Оман Сұлтанының Қазақстанға алғашқы сапары: арабтың көне мемлекеті туралы не білеміз

Оман Сұлтанының Қазақстанға алғашқы сапары: арабтың көне мемлекеті туралы не білеміз

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

АСТАНА, 5 қазан – Sputnik. Оман Сұлтаны Хейсам бен Тарик Әл Саид алғаш рет Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді. Соңғы жылдары арабтың көне әрі бай елімен өзара қарым-қатынас нығайып келеді. Ал Таяу Шығыстағы қақтығыс екі мемлекеттің достығын күшейте түсті. Sputnik Қазақстан Оман Сұлтандығына қатысты қызықты деректерді ұсынады.

Ақшасы доллардан да қымбат

Оман Арабия теңізінің жағалауында орналасқан. Көршілері Біріккен Араб Әмірліктері мен Сауд Арабиясы сияқты мұнаймен ақша табады. ОПЕК+ ұйымына да кіреді. Дегенмен, Оман әлемге ладанның негізгі өндірушісі ретінде кеңінен танымал. Бұл хош иісті шайырды медицинада, парфюмерияда және діни рәсімдер кезінде жиі пайдаланады.

Ресми діні – ислам. Халықтың басым бөлігі ибадизмі ұстанады. Бұл бағытта төзімділік пен өзге діндерге құрмет жоғары қойылады.

Оман әлемдегі ең қауіпсіз әрі қылмыс деңгейі өте төмен елдердің қатарына кіреді. Ал валютасы ең қымбат және ең тұрақты ақша болып саналады. Оман риалының қазіргі бағамы – 2,60 доллар.

1980 жылдары Оман аймағында үлкен мұнай қоры табылған болатын. Соның арқасында елдің экономикасы жылдам көтерілді. Халықтың саны 5,7 млн адам болса, ішкі жалпы өнімі 117 млрд доллардан асады.

Қазақстанда ат жарыс танымал болса, Оманда түйе жарысын көп көреді. Сосын көшпенді өмір салтын ұстанатын бедуиндер әлі де бар.

Әл Саид әулеті

Оман Сұлтандығын 1744 жылдан бері Әл Саид әулеті басқарып келеді. Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Хейсам бен Тарик Әл Саидке дейін сұлтан Кабус бен Саид Әл Саид болған. 2020 жылы ол 80 жасында көз жұмған.

Қабус бен Саидтың тікелей мұрагері болмағаннан кейін басқарушы әулет кеңесі оның ізбасары ретінде 65 жастағы туысқан інісін сайлады. Оған дейін Хейсам бен Тарик Аль Саид мәдениет және мұра министрі қызметін атқарған.

Бес жыл бұрын Тоқаев алғашқылардың бірі болып жаңадан тағайындалған сұлтанды құттықтаған болатын.

Осы аптаның соңында Хейсам бен Тарик Аль Саид 72 жасқа толады.

Оманды 50 жыл басқарған сұлтан Кабустың құрметіне мешіт те салынған. Бұл нысан Таяу Шығыстағы ең үлкен мешіттердің бірі болып саналады.

Екі елдің достығы қалай күшейді

Бүгінде Оман Сұлтаны Ораза айында Тоқаевқа үнемі құттықтау хаттарын жіберіп отырады. Республика күнін де ұмытпайды. Қазақстан президенті де сұлтанға осы елдің Ұлттық күніне орай өзінің жылы лебізін білдіріп тұрады.

Биыл Таяу Шығыстағы қақтығыс кезінде екі елдің достығы күшейе түсті. Сол кезде Оман мыңдаған қазақстандықты эвакуациялауға көмектесті. Қазақстан азаматтарын көрші елдерден алдымен автобуспен Маскатқа тасымалдаған. Одан кейін репатрияциялық рейстерге елге қайтарған болатын.

Сонда Тоқаев Оман сұлтанына бірнеше рет хабарласқан. Артынан Хейсам бен Тарик Аль Саид эвакуациялау мәселесіне тікелей араласқаны үшін алғысын да айтып, Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуге шақыратынын тағы да растаған болатын.

Ал сәуір айында Қазақстанға Оман Сұлтандығы премьер-министрінің экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары Зиязин бен Хайсам Әл Саид келіп кеткен.

Былтыр Оман Сұлтандығы "Ханифа" есімді біреудің арбауына түскен әйелді Қазақстанға қайтаруға да көмектескен.

Визасыз режим бар

Былтыр наурыз айында Оман қазақстандықтар үшін визасыз режимнің мерзімін ұзартқан болатын. Бұған дейін 14 күн болса, қазіргі кезде 30 күн визасыз жүруге болады.

Қазақстан азаматтары Омандағы визасыз режимді тек туризм үшін пайдалана алады. Жұмысқа орналасуға, оқуға және тұрақты тұруға рұқсат жоқ.

Омандықтар да Қазақстанда бір айы бойы визасыз жүре алады.

Тікелей әуе рейсі бар

Осыдан үш жыл бұрын Оманның астанасына тікелей әуе рейсін ашу мәселесін талқылана бастады. Тікелей рейстің ашылу салтанаты да өткен. Алайда тұрақты рейстер 2025 жылдың жазында ғана іске қосылды.

Қазіргі кезде омандық SalamAir "Алматы-Маскат" арасында жолаушылар тасымалдайды. Билеттің бағасы – 46 000-74 000 теңге. Бірақ баға туристік кезеңге байланысты өзгеруі мүмкін. Екі қаланың арасы 3,2 мың шақырымнан асады.

SalamAir әлемнің 20-ға жуық еліне 30 бағыт бойынша халықаралық рейстерді орындайды.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:79
embedДереккөз:https://sputnik.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 05 Қазан 2026 19:01
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Барыс соңғы секундтарда есепті теңестіріп, Спартакты жеңді

04 Қазан 2026 22:31see134

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see134

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see134

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see133

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see132

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see132

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see131

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see129

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see123

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see123

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see121

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see119

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see118

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see118

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see117

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see117

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see116

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see115

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see111

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see109
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары