Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Софья Самоделкина Денис Тен мемориалында үшінші орын алды

Софья Самоделкина Денис Тен мемориалында үшінші орын алды

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Қазақстан құрамасының мәнерлеп сырғанаушысы Софья Самоделкина Алматыда өтіп жатқан Денис Тен мемориалында қысқа бағдарламадан кейін үшінші орынға тұрақтады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы төрешілердің шешімімен 69,45 ұпай еншіледі.

Бейтарап ту астында өнер көрсетіп жатқан ресейлік Александра Игнатова аралық есепте көш бастады. Ол 77,39 ұпай жинады. Екінші орында Оңтүстік Корея өкілі Юджае Ким - 75,99 ұпай.

Сондай-ақ қысқа бағдарламада Қазақстан атынан Нұрия Сүлеймен (44,88 ұпай, 13-орын), Алика Халимова (44,68, 14-орын), Амира Ирматова (42,03, 16-орын), Зере Сарбалдина (41,92, 17-орын) және Амина Алексеева (32,68, 19-орын) өнер көрсетті.

ҚР  ҰОК мәліметінше, еркін бағдарлама 9 қазанда өтеді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:84
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 08 Қазан 2026 22:57
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары