Байлықтың соңынан қуып біраз жасқа дейін жүреді: Айгүл Иманбаева адам болмысы туралы айтты (видео)
Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Актриса Айгүл Иманбаева әлеуметтік желіде адам болмысына қатысты ойын айтты, – деп жазды Aikyn.kz.
Өнер иесі адамды барында бағалау маңызды екенін жеткізді. Сонымен қатар адам өзгеріп жатса, оған баға беруге асықпау керегін айтты.
«Адам өмірде өтсе, «Жақсы адам еді» деп шын-өтірігін араластырып айтамыз. Тірі жүргенде дымын қалдырмай, жер-жебіріне жетеміз. Адам өзгеріп жатса, «Алқаш еді, адам болып қалыпты, намаз оқып кетіпті ғой» деп жатамыз. Ол адамның құндылығы, өмірге көзқарасы өзгерген шығар. Кей адамдар қызыл-жасылды қуалап, біраз жасқа дейін жүреді. Бренд, бриллиант, байлық деп жүреді. Содан кейін ішіндегі жарығы жанып, ішкі әлеміне үңіле бастайды. «Мен не істедім, жақсылық жасадым ба, артыма не қалдырып жатырмын, жақсы адам болдым ба?» деген сұрақ қояды. Ал біз оған «Білгіш, коуч болып кетіпті. Байлығынан айырылыпты» дейміз. Мүмкін ол адамға байлық керек болмай қалған шығар. Танитын адамымыз жақсы жаққа өзгерсе, рухани оянды деген сөз. Оны жамандап жүрген өзіміз», - дейді актриса.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:61
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 08 Қазан 2026 22:58 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















