Астанада базар маңынан әйелдің мәйіті табылды
Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..
Оқиға орнынан түсірілген видео әлеуметтік желіде тарады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты
Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, марқұмның денесінен зорлық-зомбылық белгілері анықталмаған.
– Сауда базарының алдынан зорлық-зомбылық белгілері жоқ 47 жастағы әйелдің мәйіті табылды. Алдын ала мәліметке сәйкес, әйел адамның денсаулығы кенеттен нашарлап, жедел жәрдем бригадасы жеткенше қайтыс болған. Тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр, – деп хабарлады полиция.
Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы жедел жәрдемнің оқиға орнына кешігіп жеткені туралы ақпаратқа түсініктеме берді.
Ведомство мәліметінше, шақырту сағат 18:14-те тіркелген. Дәрігерлер оқиға орнына бес минуттан кейін, яғни 18:19-да жеткен.
– Жедел жәрдемнің ұзақ жеткені туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Көрсетілген мекенжай бойынша жедел медициналық жәрдем бригадасы оқиға орнына жетті. Әйел адамның денесінен тіршілік белгілері анықталмады. Марқұмның денесі полиция қызметкерлеріне тапсырылды, – делінген басқарма хабарламасында.
Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:80
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 08 Қазан 2026 21:08 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















