Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Балалар тізімде бар, бірақ келмейді: депутат Қазақстан балабақшаларындағы мәселені көтерді

Украинада мектеп оқулықтары казактар ​​тарихын қалай жазып жатыр видео

Қыс мезгілінде автокөлікке аккумуляторды қалай дұрыс таңдау керектігін сарапшы айтып берді

Балабақша кезегіне өзгеріс енгізу керек депутаттар

Қазақстанда салықты кейінге қалдыру және бөліп төлеу ережелері өзгерді

Солтүстік Қазақстанда жасөспірімді зорлаған ер адам өмір бойына сотталды

Қазақстанда халықаралық іздеуде жүрген бес шетелдік анықталды

Несие рәсімдеуге қалай тыйым салуға болады: Стоп кредит қызметі қалай жұмыс істейді?

Еурокомиссия мүшеліктен кейін Украинаның ЕО нарығына кіруін шектеуді ұсынды

Жетісуда қала тұрғындары алаяқтың арбауына түскен зейнеткерді құтқарды

Сарапшылар Қазақстанда базалық мөлшерлеменің жаңа төмендеуін болжап отыр

Ынтымақтастықты жандандырған жол

Сөз бостандығы қайда? : спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысымның күшейгенін айтты

Азия мен әлемді бағындырған отандық семсерлесушілер тағы бір маңызды жарысқа қатыспақ

Солтүстік Аралдың аумағы 36% ға ұлғайды

Рахмонов оны тас талқан етеді : АҚШ сарапшысы Моралеске қарсы жекпе жекке болжам жасады

2040 жылға қарай Каспий арқылы жүк тасымалы төрт есе артуы мүмкін

Сауда серіктестігіне серпін

Қазақстанның Елдік климаттық инвестициялық платформасын құру жөніндегі жоба бойынша келісімге қол қойылды

Денсаулық сақтау жүйесіне кадр қажеттілігін айқындау қағидалары бекітілді

Сал серілердің сазы қайта жаңғырды: Көкшеде филармонияның 80 жылдығы аталып өтті

Сал серілердің сазы қайта жаңғырды: Көкшеде филармонияның 80 жылдығы аталып өтті

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Біржан сал мен Ақан серінің әні, Үкілі Ыбырайдың үні сіңген Көкше төрінде мәдени маусымашардың онкүндігі басталды. Сексен жыл бойы ұлттық өнердің талай буынына сахна болған Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясы мерейтойлық 80-ші концерттік маусымын ашып, айтулы датаны өнер кешімен атап өтті, - деп хабарлайды Aikyn.kz порталының тілшісі.

Көкшетауда басталған мәдени онкүндік — өңірдің өнері мен руханиятын кеңінен танытып, ұлттық мәдени мұраны дәріптеуге бағытталған ауқымды шаралар топтамасы. Оның алғашқы күндері Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясының 80 жылдық мерейтойына арналды.

Мерейтой аясында «Таза Қазақстан — мәдениет кеңістігінде» атты республикалық дөңгелек үстел өтті. Оған мәдениет саласының қайраткерлері, республиканың түкпір-түкпірінен мәдениет ұйымдарының өкілдері мен сала ардагерлері қатысты.

Басқосуда ұлттық мәдениетті сақтау, өнерді дамыту, рухани құндылықтарды дәріптеу және мәдениетті қоғам өмірінің ажырамас бөлігіне айналдыру мәселелері талқыланды.

Сексен жыл — бір шығармашылық ұжымның ғана тарихы емес. Бұл — Көкше өңіріндегі кәсіби өнердің қалыптасуы мен дамуының, бірнеше буын өнерпаздың тағдырын тоғыстырған тұтас дәуірдің шежіресі десек қателеспейміз. Осы уақыт ішінде филармония сахнасында дәстүрлі ән мен күй, классикалық музыка, хореография және кәсіби сахна өнерінің сан түрлі жанры көрерменге жол тартты. Өнер ордасы Біржан сал, Ақан сері, Үкілі Ыбырай секілді Көкше өнерінің біртуар тұлғаларынан бастау алған дәстүрді жалғастырып, ұлттық өнерді насихаттауға елеулі үлес қосып келеді.

Мерейтойлық іс-шара барысында Президент кеңесшісі Мәлік Отарбаев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ыстық ықыласын жеткізді. Президент құттықтауында филармонияның 80-ші концерттік маусымының ашылуына орай оның ардагерлері, басшылығы мен шығармашылық құрамы құттықталған.

Ал филармонияның дәстүрлі әншісі Сәрсенбай Хасенов 80 жылдық мерейтойдың өңір мәдениеті үшін маңызын атап өтті.

- Филармонияның 80 жылдығы — бір шығармашылық ұжымның мерейтойынан әлдеқайда ауқымды мәнге ие. Бұл — Көкше өңіріндегі кәсіби өнердің қалыптасуы мен дамуын, бірнеше буынға жалғасқан өнерпаздардың шығармашылық жолын сабақтастыратын маңызды белес, — дейді Сәрсенбай Хасенов.

«Таза Қазақстан» — тек сыртқы тазалық емес

Республикалық дөңгелек үстелде мәдениет пен «Таза Қазақстан» бастамасының өзара сабақтастығы да сөз болды. Ақмола облысы әкімінің кеңесшісі, жазушы Жабал Ерғалиев «Таза Қазақстан» ұғымын тек қоршаған ортаны таза ұстаумен шектемеу керектігін атап өтті. Оның пікірінше, тазалық адамның ішкі мәдениеті мен рухани әлемінен де көрінеді.

- Таза Қазақстан» идеясы адамның қоршаған ортасына ғана емес, оның ішкі мәдениеті мен рухани әлеміне де қатысты. Осы тұрғыдан алғанда, мәдениет пен тазалық ұғымдары өзара сабақтасып жатыр», — деді Жабал Ерғалиев.

Бұл ой мерейтойдың мазмұнымен де үндеседі. Өйткені ұлттық өнерді сақтау — өткеннің мұрасын құрметтеу ғана емес, оны келер ұрпаққа таза күйінде жеткізу.

Көкшенің өнері қонақтарға таныстырылды

Мерейтойға еліміздің әр өңірінен келген қонақтарға Көкшетаудың мәдениет және өнер нысандарына арнайы танымдық экскурсия ұйымдастырылды. Қонақтар өңірдің мәдени әлеуетімен, шығармашылық ұжымдардың тыныс-тіршілігімен танысып, Көкшенің өнер мен мәдениет айдынындағы өзіндік дәстүріне қанықты.

Ал кешке мерейтойлық бағдарлама гала-концертпен жалғасты.

Сахна төрінде К.Күмісбеков атындағы қазақ халық аспаптар оркестрі, симфониялық оркестр, эстрадалық-үрлемелі аспаптар оркестрі, «Гәкку» би ансамблі және филармонияның солистері өнер көрсетті.

Мерейтойлық кештің арнайы қонақтары да өнерсүйер қауымға ерекше әсер сыйлады. Олардың қатарында Қазақстанның халық әртісі, күйші-композитор Секен Тұрысбек, дәстүрлі ән өнерінің көрнекті өкілі Қайрат Байбосынов, әнші-композитор Біржан Хасанғалиев және күйші-композитор, халық әртісі Айтқали Жайымовтар болды.

Көкше төрінде бір сахнаға жиналған өнер саңлақтары ұлттық музыканың өткенін бүгінмен жалғағандай әсер қалдырды. Өйткені Көкше — сал-серілердің мекені. Бұл топырақта Біржан салдың әні, Ақан серінің сазы, Үкілі Ыбырайдың үні ғасырлар қойнауынан жеткен рухани мұраның бір бөлігіне айналған.

Ал осы дәстүрді сексен жыл бойы кәсіби сахнада жалғастырып келе жатқан филармония үшін мерейтой — тек өткенге есеп беру емес, болашаққа жаңа бағдар белгілеу.

Көкшеде басталған мәдени маусымашардың онкүндігі өңірдің өнері мен руханиятын кеңінен танытып, мәдени мұраны дәріптеуге бағытталған шаралармен жалғаспақ. Ал Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясының 80 жылдығы — Көкше өнерінің тамыры тереңде жатқанын және ұлттық мәдениеттің ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқанын көрсеткен айтулы белес. 

Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ, 

Ақмола облысы

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:38
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 09 Қазан 2026 00:19
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Балалар тізімде бар, бірақ келмейді: депутат Қазақстан балабақшаларындағы мәселені көтерді

08 Қазан 2026 00:30see141

Украинада мектеп оқулықтары казактар ​​тарихын қалай жазып жатыр видео

07 Қазан 2026 05:13see139

Қыс мезгілінде автокөлікке аккумуляторды қалай дұрыс таңдау керектігін сарапшы айтып берді

08 Қазан 2026 09:16see127

Балабақша кезегіне өзгеріс енгізу керек депутаттар

08 Қазан 2026 00:34see121

Қазақстанда салықты кейінге қалдыру және бөліп төлеу ережелері өзгерді

08 Қазан 2026 00:30see120

Солтүстік Қазақстанда жасөспірімді зорлаған ер адам өмір бойына сотталды

08 Қазан 2026 04:20see120

Қазақстанда халықаралық іздеуде жүрген бес шетелдік анықталды

08 Қазан 2026 09:30see120

Несие рәсімдеуге қалай тыйым салуға болады: Стоп кредит қызметі қалай жұмыс істейді?

08 Қазан 2026 11:09see120

Еурокомиссия мүшеліктен кейін Украинаның ЕО нарығына кіруін шектеуді ұсынды

08 Қазан 2026 08:28see119

Жетісуда қала тұрғындары алаяқтың арбауына түскен зейнеткерді құтқарды

08 Қазан 2026 13:34see117

Сарапшылар Қазақстанда базалық мөлшерлеменің жаңа төмендеуін болжап отыр

08 Қазан 2026 19:59see117

Ынтымақтастықты жандандырған жол

08 Қазан 2026 03:37see116

Сөз бостандығы қайда? : спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысымның күшейгенін айтты

08 Қазан 2026 00:26see116

Азия мен әлемді бағындырған отандық семсерлесушілер тағы бір маңызды жарысқа қатыспақ

08 Қазан 2026 18:21see115

Солтүстік Аралдың аумағы 36% ға ұлғайды

08 Қазан 2026 00:35see114

Рахмонов оны тас талқан етеді : АҚШ сарапшысы Моралеске қарсы жекпе жекке болжам жасады

08 Қазан 2026 00:15see114

2040 жылға қарай Каспий арқылы жүк тасымалы төрт есе артуы мүмкін

08 Қазан 2026 14:40see113

Сауда серіктестігіне серпін

08 Қазан 2026 03:37see113

Қазақстанның Елдік климаттық инвестициялық платформасын құру жөніндегі жоба бойынша келісімге қол қойылды

07 Қазан 2026 01:59see113

Денсаулық сақтау жүйесіне кадр қажеттілігін айқындау қағидалары бекітілді

08 Қазан 2026 16:58see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары